Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

Жапония парламенті, сайлау жүйесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2014, 16:44

Жапония парламенті, сайлау жүйесі
Конституцияға сай елдің жалғыз заңшығаруышы органы болып парламент танылады. Ол екі палатадан тұрады: өкілдер палатасы (4 жылға сайланатын 480 депутат) және кеңесшілер палатасы (6 жылға сайланатын 252 депутат).
Екі палатаға да сайлау тікелей сайлау арқылы жүргізіледі, сайлауға жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс бере алады. Өкілдер палатасына жасы 25-ке толған азаматтар сайлана алады, ал кеңесшілер палатасына – 30 жас. Заңжобаларының тәртібіне байланысты Жапония парламентінде окілдер палатасы – кіші палата, кеңесшілер палатасы – жоғарғы палата болып танылады. Парламенттің құрылыу тәртібі конституцияға негізделеді және 1950 жылғы жария қоғамның өкілдерін сайлау туралы заңмен реттеледі.
Өкілдер палатасы әр 4 жылда қайта сайланады, бірақ мерзімінен бұры да таратылуы мүмкін. Бұл жағдайда палатаның жаңа құрамына сайлау 40 күннің ішінде өтуі керек, парламент сайлаудан кейін 30 күнде шақырылуы керек. Әдетте сайлау парламент қызметінің аяқталу күніне 30 күн қалғанда өткізіледі. Жарты ғасырдай уақыт өкілдер палатасына сайлау 130 мандатты округтерден жүргізілді, ал 1954 эылдан бері сайлаудың жаңа тіртібі қабылданды. Өзгерістердің негізізгісі депутаттар санынының 500-ден 480-ге қысқаруы және олардың жартысы округтерден, жартысы партиялық тізім бойынша сайланатын болды. Көп дауыс жинаған партияның сйәкесінше паламентте де үлес салмағы жоғары болады. Бұл әлсіз партиялық бірлестіктердің мүмкіндігін шектеді. Депутаттыққа кандидаттыққа түскенде ақшалай кепілдеме салады, егер кандидат сайлауда белгіленген дауыс жинау минимум деңгейіне жетпесе, онда ол ақша мемлекет бюджетіне қайтымсыз алынады.
Өкілдер палатасы 6 жылға сайланады, бірақ та олардың жартысы әр 3 жыл сайын жаңартылып отырады. Оның құрылу принципі сәл өзгешелеу. Жоғары мандатты префектуралық сайлау округтерінен (Жапонияда 47 префектура бар) 150 депутат сайланады, тағы екеуі – Окинава аралынан, ал 100 депутат елдегі жалпы партиялық сайлауды партиялық тізім бойынша сайланады.
Жалпы ұлттық партиялық сайлауда негізінен халыққа танымал мемлекеттік және саяси тұлғалар өз кандидатураларын ұсынады.
Сайлау жоғары палатаның қызмет ету мерзімінің аяқталуына 30 күн қалғанда өткізіледі. Сайлауды өткізу және ұйымдастыру жұмыстарын сайлау учаскелерінде тәуелсіз сарапшылар, сайлаушыларда құралған комиссия қадағалайды. Сайлауға қатысқан әр депутат дауыстарды санау комиссиясына өзінің бір өкілін жіберуге құқылы.
Сайлау компаниялары Жапонияда өзіндік ерекшеліктерге ие. Сайлау туралы заңға сай, барлық кандиттарға бірдей мүмкіндіктер берілген. Сондықтан сайлауалды шараларда белгілі шектеулер бар. Мысалы, сайлау компанияларының қызмет ету күні шектелген 15 күнге, сайлау күніне 8 сағат қалғанда барлық агетациялық шаралар тоқтатылады. Сонымен қатар барлық кандидаттарға орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында өз сөздерімен шығуға тең мүмкіндік берілген. Жеке тұрғындардың үйлерін сайлау шараларымен аралауға шектеу қойылған.
Парламенттің негізгі компетенциясына және қызметіне келесілер кіреді: заңдарды және заң жобаларын қарастыру, қабылдау; қаржылық өкілеттілігі – жыл сайын бюджетті бекіту; атқарушы органга бақылау жасау, премьер-министрді тағайындау, үкіметке сенім білдіру сұрақтарын қарастыру, мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша министрлер кабинетіне және арнайы комиссиялар құру; сот қызметтерінің өз қызметтерін дұрыс пайдаланбағаны үшін қозғалған істерін қарауға арналған сотты құру, сот органдарының қызметін бақылау; ішкі және сыртқы саясатты қарау, халықаралық келісім-шарттарды қарау. Парламенттің заңшығарушылық қызметі негізінен министрлер кабинеті ұсынған заң жобаларын іріктеу, реттеу, түзету, кері қайтару, қарастыру және қабылдаумен ұштасады. Қоғамдық сүрақтарды шешуді де қарастырады.
Парламенттің құқықшығармашылық қызметіне келесідей сұрақтады қарастыру да қосылады:
императордың мұрагерлігі; жапондық азаматтықты алу шарттары;
жұмыс уақытын, еңбекақыдеңгейін және еңбектің басқа да шарттарын бекіту;
салық жүйесін реттеу; жеке меншік құқығын қорғау; парламенттегі депутаттар сынын анықтау;
сайлау жүйесін және сайлау учаскелерін бекіту; депутаттарға ақшалай сыйақыларды қарастыру;
азаматтық қызметтерді ұйымдастыру және басқару; министрлер кабинетінің құрылымын бекіту;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауын қарастыру және т.б.
Жапония парламенті өз қызметін жүзеге асырғанда тәуелсіз болып табылады. Унитарлы мемлекетте екі палаталы парламенттің болуын жапондық ғалымдардың түсіндіруіне қарағанда, өкілдер палатасы – бұл партиялық саясаттан кейін «сапалы бастама», ал кеңесшілер палатасы – бұл қызығушылықтардың балансын сақтауға байланысты қарама-қайшылықты жою үшін «ақылға сыйымды бастама» делінген.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin
Просмотров: 612 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]