Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 30.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

Жапония үкіметі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2014, 16:44

Жапония үкіметі
Биліктің ең жоғары атқарушы органы болып үкімет танылады. Жапонияда бұл орган министрлер кабиеті деп аталады. Оның қызметі Конституциямен және «Министрлер кабинеті туралы» (1947 ж.) заңмен, «Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы» (1948 ж.) заңмен реттеледі.
Премьер-министр басқаратын миинистрлер кабинеті құрамына премьердің орынбасары, министрлер (әртүрлі министрліктердің басшылары), кабинеттің бас секретарі және заңдық бюроның басшысы, мемлекеттік министрлер (портфельсіз министрлер) кіреді. Азаматтық кабинет принципі конституциямен анықталады және кабинет мүшелері азамматтығы бар тұлғалар болу керек. Кабинетте әскери және әскери-теңіздік министрлік, сонымен қатар ішкі істер министрлігі қызметтері жоқ. Кабинет келесідей құрылады. Басында парламент палаталары әртүрлі отырыста көпшіліктің дауысымен кандидаттар премьер-министрге кандидаттар таңдап алынады. Таңдап алынған кандидат императордың қарауына ұсынылады және оның қолдауымен өз қызметіне тағайындалады. Көптеген министрлер парламент депутаттары да болуы керек. Министр өз қызметінде жүргенде премьер-министрдің келісімінсіз соттық жауапкершілікке тартылмайды.
Егер премьер-министр өз қызметін атқармай, орнынан босап қалса, онда конституцияға сәйкесінше онымен бірге барлық министрлер де босатылады. Прмьер-министр уақытша өз қызметін атқара алмайтын жағдайларда, оның орнына уақытша алдын ала кабинет басшысы өзі белгілеп кеткен министрлердің біреуі бұл құзіретті жүзеге асыра алады. Премьер-министр кез-келген министрдің қызметін өз жауапкершілігіне ала алады, сәйкесінше оны кез-келген басқа министрге жүктеуі мүмкін.
Конституцияға сәйкес, министрлер кабинеті өзінетән атқарушылық функцияларымен қатар, келесі қызметтерді де атқарады: мемлкеттік істерге заңдармен қызмет ету; ішкі саясатқа басшылық, келісім-шарттарға отыру (бұл кезде туындаған жағдайға қарамастан парламенттің келісімімен ғана); азаматтық қызметтерді жасау және басқару; бюджеттік жобаларды жасау және оны парламенттің қарауына ұсыну; конституцияның және заңдардың орындалуы үшін атқарушылық жарлықтар шығару; жеке және жалпы амнистияларды, жеңілдіктерді және жазалауды тоқтата тұру туралы, құқықтың қалпына келтірілуі туралы шешімдерді шығару.
Министрлер кабинеті, сонымен қатар, келесідей маңызды құзіреттіліктерге ие: мемлекеттік істерге байланысты шешім қабылдауда императорға кеңес беру, сол шешімдерге жауапкершілікте болу; Жоғарғы соттың Басты сотынан басқа соттарын, төмен инстанция соттарын тағайындайды; парламент сессиясының төтенше шақырылуына шешім шығарады, резервтік фондтың шығындалуына жауапкершілікте және бюджеттік жетіспеушілікті осы фондтан парламенттің келісімімен жабуды қарастырады. Министрлер кабинеті жыл сайын парламентке мемлекеттік шығындар және кірістер туралы қорытынды есеп беруі керек және парламент пен халыққа мемлекеттік қаржының ағымдағы жағдайын таныстыру керек.
Сонымен қатар, министрлер кабинеті заңшығарушылық иницативалық құқыққа ие, яғни көптеген заң жобаларын парламенттің қарауына ұсына алады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin
Просмотров: 538 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]