Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.05.2015, 22:56

Әлеуметтік желі

ЖОСПАР

I.КІРІСПЕ    2
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ    2
2.1. Әлеуметтік желі тарихы    2
2.2. Әлеуметтік жүйелердің пайдасы мен зияны    2
III.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР    2

I.КІРІСПЕ


    Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.
Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.
Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.
Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, www.kazlife.com, Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Әлеуметтік желі тарихы

1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді.Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды.
Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды.  Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған  IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең танымла болды. «IRC» – дің негізгі кемшілігі - шектеулі қолдану болды.
1990 жылдардың ортасында «ICQ» құрылды,  ол жеке компьюерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. «ICQ»-дің негізін «Mirabilis» компаниясы қалады.  Бүгінгі таңда ICQ – «Mail.Ru Group»-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар.Әлеуметтік желілердің құрылуына келсек. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы.Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.
Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет.
Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан «Classmates» болып табылады.  Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты, сыныптастарды және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды.  Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.Бүгінгі күні, біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees»-деп айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.  
Келесі әлеуметтік желілер «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet»  1997 және 1999 жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан қатты өзгешелік болмады.1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «жанды журнал» - Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. «Livejournal»» бірінші  болып топтарды құрып, хат алмасу мүмкіндігін еңгізді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.
2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады.  2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.
2006 жылы Джек Дорси - «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің  ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.


2.2. Әлеуметтік жүйелердің пайдасы мен зияны 

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.

Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.
Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол. Бірақ біз олардың көлеңкелі тұсына мән бермей жүрміз.
Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты.
Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүретіндер көбейді. Сөздің, достың қадірі жоғалып барады. Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай.
Әлеуметтік желі деген де ауру-дың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады. Соның салдары-нан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы қанбай, күн тәртібі бұзылады. Уақтылы тамақтануға, жеке гигиенаға көңіл бөлуге де уақыт жетпейді. Интернетке бір күн қосылмай қалса, әлемнің үлкен жаңалығынан құр қалғандай мазасыздана бастайды, тіпті қолы немесе аяғы жоқ жарымжан адамдай күйге түседі. Әрине, көпшілігі компьютер немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары өте сирек. Керісінше, интернетке тәуелділік артып барады.
Әлеуметтік желіге тіркелгендер көп жағдайда өзі туралы мәліметті ашық жаза береді. Ал мұндай мәліметті қылмыскерлер пайдаланып кетуі ғажап емес. «Ертең мен ауылға кетемін, дүйсенбіде кездескенше, достар!» деп парақшасына жазып кеткен бір аңқау жігіт ауылдан оралса, үйін тонап кетіпті. Дүние кетсе мейлі, өмірімен қоштасып жатқандар да жоқ емес. Әлеуметтік желі арқылы өзіне ұқсайтын жалғызбасты әйелді тапқан қылмыскер онымен достасып алған. Кейін әбден сеніміне кіріп алған соң үйіне барып өлтіреді, аты-жөнін, дүние-мүлкін иемденеді. Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен.
Иә, интернет – қауіпті. Жеке азаматтарға төніп тұрған қауіп өз алдына, бір ғана адам бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете алады. Мысалы, Мысырдағы бас көтерулерге қатысы бар деген айыппен Google компаниясының топ-менеджері Ваэль Гоним тұтқындалған. Әлеуметтік желіде бас көтеруге шақыратын парақша ашып, толқуларға ықпал еткенін оның өзі де мойындаған. Бұл айыптының анықталғаны. Ал оның анықталмағаны қанша?
Өкінішке қарай, интернетке қосылудың түрлі тәсілі пайда болған бүгінгі күнде арандатушылық бағытта парақша ашқандарды қолға түсіру немесе оларға шектеу қою оңай шаруа емес. Арам ойын асырғысы келгендер кез келген нүктеден қосылып, ойына келген сөзді әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберуі мүмкін. Ізін жасыру үшін бөтен адамның атымен тіркелу, біреудің құпиясөзін бұзып кіру, бақылау орнатылмаған интернет орталықтарынан қосылу секілді тәсілдерге жүгінеді.
Мына бір дерекке қараңыз: Сирияда әскери шиеленістерге қатысқан сарбаздардың 2 мыңнан астамын олар әлеуметтік желі арқылы түрлі елдерден жинап алған екен. Өкініштісі сол, оның ішінде қандастарымыз да бар көрінеді. 2013 жылдың қазан айында «YouTube» сайтында Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар жайында бейнеролик жарық көрді. «Шам жеріне жиһадқа келдік» дейді олар. Олар расымен Қазақстан азаматтары ма? Сирияға бүкіл отбасыларымен қалай өтіп кетіп жүр? Бұл сұрақтар жауапсыз қалды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияда түсіріліп алынған және интернет желілерінде таратылған бейнематериалдардағы адамдардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар екенін растаған жоқ, теріске де шығармады.
Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Әйтсе де, «таяқтың екі ұшы бар» демекші, оның пайдасы да, зияны да бар. Жаманына жоламай, жақсы тұсын тиімді пайдаланғанға не жетсін.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin
Просмотров: 5936 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]