Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

Қазақстан республикасының ордендері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (78.0Kb) ] 22.02.2014, 00:19
Қазақстан республикасының 
ордендері 
«Отан» ордені 
«Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. 

І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы 
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады. 

І-ші дәрежелі «Барыс» ордені 
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. І-ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. 

ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордені 
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІ- ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. 

ІІІ -дәрежелі «Барыс» ордені 
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІІ -ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. 


І-ші дәрежелі «Даңқ» ордені 
«Даңқ» ордені 1993 жылы тағайындалған. «Даңқ» орденімен қазақстан республикасының қарулы күштерінің, әскери бөлімдердің жоғарғы шенді офицерлері сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшылары үздік еңбектері үшін марапатталады. «Даңқ» ордені екі дәрежелі болып белгіленді. Оның І-ші дәрежесі жұлдыздан, аспалы лентаға тағылатын белгіден тұрады. 


ІІ-дәрежелі «Даңқ» ордені 
Даңқ ордені 1993 жылы тағайындалған. «Даңқ» орденімен Қазақстан республикасының қарулы күштерінің, әскери бөлімдердің жоғарғы шенді офицерлері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшылары үздік еңбектері үшін марапатталады. «Даңқ» ордені екі дәрежелі болып белгіленді. 


І-ші дәрежелі «Айбын» ордені 
«Айбын» ордені 1995 жылы бекітілген әскери орден. Қазақстан республикасының қарулы күштерінің шекара және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер қызметкерлерінің әскери даярлықта қол жеткізген жетістіктері, әскери жаңа техниканы игергені, заңды, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, халық мүддесін қорғаудағы адалдығы үшін, әскери және қызметтік міндетін орындауда көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін, төтенше жағдайда қылмысқа қарсы жасаған жанкешті әрекеті үшін марапатталады. «Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады. «Айбын» орденінің І-ші және ІІ-ші дәрежесімен кіші және ортаңғы буын офицерлер қатары марапатталады, «Айбын орденінің ІІІ-ші дәрежесімен матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер және мичмандар марапатталады. 

ІІ-ші дәрежелі «Айбын» ордені 
«Айбын» ордені 1995 жылы бекітілген әскери орден. Қазақстан республикасының қарулы күштерінің шекара және ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер қызметкерлері әскери даярлықта қол жеткізген жетістіктері, әскери жаңа техниканы игергені, заңды, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, халық мүддесін қорғаудағы адалдығы үшін, әскери және қызметтік міндетін орындауда көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін, төтенше жағдайда қылмысқа қарсы жасаған жанкешті әрекеті үшін марапатталады. «Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады. «Айбын» орденінің І-ші және ІІ-ші дәрежесімен кіші және ортаңғы буын офицерлер қатары марапатталады, «Айбын» орденінің ІІІ-ші дәрежесімен матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер және мичмандар марапатталады. 

«Парасат» ордені 
«Парасат» ордені 1993 жылы тағайындалған. «Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері және халықтың рухани мүддесін, потенциялды ой-өрісін жоғарылатудағы еңбегі үшін, азаматтардың құқығын қорғаудағы ерен еңбегі үшін марапатталады. 



І-ші дәрежелі «Достық» ордені 
«Достық» ордені 1995 жылы тағайындалды. Онымен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» ордені екі дәрежелі болып белгіленді. Оның І-ші дәрежесі өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыздан және аспалы лентаға тағылған орден белгісінен тұрады. 

ІІ-ші дәрежелі «Достық» ордені 
«Достық ордені 1995 жылы тағайындалды онымен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» орденінің ІІ-ші дәрежесі бірінші дәрежесіне ұқсас, тек мұнда орденнің белгісі құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрыш пішінді тақшаға біріктірілген.
«Құрмет» ордені 
«Құрмет» ордені 1993 жылы бектілген. «Құрмет» орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру ісін дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады. 

Жұлдызды «Алтын қыран» ордені 
«Алтын қыран» ордені 1995 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасына ерекше еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Алтын қыран» орденіне ұсынылған үміткерлерді Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Президент лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері болып танылады. 




Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin
Просмотров: 556 | Загрузок: 169 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]