Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 20.7.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

В категории материалов: 48
Показано материалов: 41-48
Страницы: « 1 2 3 4 5

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
                             Орталық Қазақстан аумағы 

Аумағы – 428 мың шаршы км
Құрамы – Қарағанды облысы
Халқы – 1411,7 мың адам
Халқының тығыздығы 
1 шаршы км-ге 3,6 адамнан
Қала халқы – 86%
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады

Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады,
ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .
География | Просмотров: 3638 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Семей полигоны

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605.Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді.Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды.1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды.Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауд. «М») , «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. « Дегелен», пл. «Ш».
География | Просмотров: 5250 | Загрузок: 624 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)


Бір қол – жағада, бір қол – сағада...
 
Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі  біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе...

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы  мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? 
География | Просмотров: 1201 | Загрузок: 256 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОКС: 502.3 (574)
С 23
СУ ҚОРЫ – ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ

Н. Е.Нұрғалиева Е.Қ . Сатаева 
№ 42 ағылшын тілін тереңдете оқытатын орта мектебі, Тараз қ.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

Тұрсынзада Есімжанов. (1, 88 бет)

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
География | Просмотров: 951 | Загрузок: 258 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы 

Қазақстан тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне, орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы еліміздегі Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен бөліскім келді.

Тараз көне қытай, араб, парсы және ұрым (Бизантия) деректерінде жиі кезігетін мәшһүр қала. Қытай саяхатшылары мен араб тарихшыларының еңбектерінде әбден суреттеліп аталатын Тараз қаласы Иран уә Тұран далалары тоғысқан жердегі үлкен сауда орталығы және Жібек жолы бойымен жүретін керуен жолдарының торабы ретінде көрінеді. 576 жылы өлген Истеми қағанға елшілікке жіберілген Земархтың саяхаты туралы деректерді жазған Бизантия тарихшысы Менандре Протектордың еңбегінде бұл қала "Талас”, қытай саяхаткері Хиеюен-Тсаңның еңбегінде "Та-лұ-си”, кейбір қытай авторлардың еңбектерінде "Та-ла-за” ретінде, ал араб авторлардың еңбектерінде "Тараз”, "Тираз”, "Талас” формасында аталған. Белгілі шығыстанушы Хоуорттың пікірінше Тараз ХХ ғасырдың басындағы Әулие Ата қаласының орнында болған (H.H. Howorth, History of Mongols, II-том, 1-кітап, 4-һәшия). Академик В.В. Бартольд бұл пікірді қолдайды, ал Шаваннестің пікірінше Тараз қаласы Әулие Атаның 5 фәрсах түстігінде болған. Осы деректердің барлығы да Тараздың VI-XIII ғасырларда қаншалықты мәшһүр болғандығын көрсетеді.
География | Просмотров: 3727 | Загрузок: 308 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАҢБАЛЫ ТАС

 
Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен бел­гілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен Таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген (петроглифтер) қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, "біздерде мынадай бар, мынадай бар” деп ауыз толтырып айтуға, мақтанышымызға айналғаны да тәуелсіздікпен келген игілік. 
География | Просмотров: 1654 | Загрузок: 272 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

З. Қинаятұлы.
 Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы

Бүгінгі күнге дейін «Көшпенділер отырықшы өркениет жасамаған, сондықтан олар мемлекеттілік деңгейіне көтеріле алмаған» деп қарайтын сыңыржақ пікірдің сеңі бұзылмай отыр. Әттеген-ай дейтін бір жағдай мұндай пікірді қолдаушылар европалықтар былай тұрсын, отандық тарихшыларымыздың арасында да кездеседі. 
Көшпенділік ол тек экзотика емес, ол адамдардың өмір сүріп отырған төл табиғаты, жер-суы, ауа-райы, тұрмыс салтына орай көк тәңірінің адамзатқа берген сыйы, өркениеттің ерекше құбылысы. Кезінде «Көшпенділерді малы мен бірге өріп, бірге жусаған қауым» деп таныған немістің таңдаулы философтары Ф. Гегель және И. Кант табиғатпен тайталасып өмір сүрген қауымға европалық сырт көзбен сүзе қарамай көшпенді халықтың өз өмірімен етене танысқан болса олар тіптен өздері де көшпенділердің ортасында қалып қоюы мүмкін еді. Көшпенділер делінетін жұрт өзгеге ұқсамайтын сындырлы өркениет жасады. Деректерге жүгініп көрелік. Б.з.б. 128 жылы төтенше тапсырмамен сыр бойына келген қытайлық Чжан Цян тек бір ғана Ферғана өңірінде (Сырдың ортаңғы бойы) ірі 70 қала бар деп жазыпты [ ]. Тек кәзіргі Моңғолия жерінде ежелгі түркі-моңғол-кидандардын 220 қала, қалашығының орыны жатыр [ ]. Зерттеушілер тек Жошы ұлысы (орысша Алтын Орда) қарамағында 150-200 қала болғаны жайлы қабарлайды [ ]. ХІ ғ. өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн,
Болған талай қалалар да халық та,
Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа.
Болған талай ауылымыз, тайпамыз,
Енді соның ізін тауып байқаңыз [ ] деген аманат қалдырды.
Бұл аманатты бүгінгі біздің археолог әріптестеріміз орындап жүр. Тарихта Сыр бойы қалаларының қатарында Сығанақ қаласы аталады. Ал осы Сығанақ қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың астанасы  болғаны туралы мәселенің сыры әлі күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Біз енді осы мәселеге тоқталып көрмекшіміз.
География | Просмотров: 1120 | Загрузок: 234 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық
дүниесі.

Мазмұны:

Кіріспе
1.   Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері.............
2.   Ішкі сулары, топырағы................................................................
3.   Тұран жазығының органикалық дүниесі....................................
4. Шөлдін негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған
        түйінді  экологиялық мәселелері................................................

Қорытынды.......................................................................................

Кіріспе

35-53°с.е   аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс  оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
   Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы  ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды.  Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты  оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
География | Просмотров: 7356 | Загрузок: 277 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-48