Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 20.7.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

В категории материалов: 48
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.

География | Просмотров: 2823 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

Жапония

      Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
      Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. 
      Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.
География | Просмотров: 1979 | Загрузок: 120 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Тақырыптың өзектілігі.  Қазіргі кезде  Қазақстан  Республикасының алдында  тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің  1997 жылғы  қазан айындағы "Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған  Жолдауында  бұл міндеттер айқын тұжырымдалған.  Осындай  жауапты  да  күрделі міндеттерді  табысты орындап шығу жолында  адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі  билік құруы мәселелерін жете зерттеп,  олардың үлгісінен тағлым алудың  маңызы зор. 
    Орта ғасырлардағы   әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына  үстемдік орнатқан  мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші  және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың  тарихы – бұл тек арабтар мен арабия  жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына  кірген  Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы. 
География | Просмотров: 1984 | Загрузок: 305 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

  Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. 
     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта  құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының  24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік  кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының  1 жұлдызында қолдануға енгізілді. 
    Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың  бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. 











     Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
     Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.
Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;
   Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.
География | Просмотров: 1203 | Загрузок: 131 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) және Халықаралық аудиттің стандарттарына (бұдан әрі – ХАС) көшу қажеттілігін мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы құруға бағдарланған реформалардың стратегиясы айқындайды.
Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 
9 тамыздағы № 233 - өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.
Осы Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың негізгі үрдісіне талдау жасалады, алдағы жылдарда оны дамытудың жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

География | Просмотров: 1348 | Загрузок: 123 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар

     Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды. 
География | Просмотров: 2117 | Загрузок: 122 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары

    Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. 

    Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. 
География | Просмотров: 980 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі

Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған 
География | Просмотров: 1279 | Загрузок: 116 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан  мен  Германия              

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапар¬мен келген еді. Әр сапардың, әр кез¬десудің өзіндік орны бар. Әсіре¬се, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан На¬зар¬баев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредер¬мен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақ¬тас¬тығын әрі қарай дамытуға қа¬тысты мәселелерді талқылады. Со¬ны¬мен қатар, Президент Германия¬ның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездес¬ті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петер¬бургте өткен "Үлкен сегіздік” сам¬ми¬тінде Германияның жаңа Фе¬де¬ралдық канцлері Ангела Меркель¬мен кездескен еді. Кездесу қоры¬тын¬дысында Қазақстан Прези¬денті¬не Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақыр-ту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бой¬ын¬ша, бүгінде Қазақстан мен Гер¬ма-ния арасында түсініспеушілік ту¬дыратын проблемалар жоқ, халық¬аралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған пози¬ция¬лары жақын. Мысалы, Қазақ¬стан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Герма¬ния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬аға¬лық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан. 
География | Просмотров: 1291 | Загрузок: 118 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ



ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.
География | Просмотров: 874 | Загрузок: 114 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-48