Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 19.7.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

В категории материалов: 48
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Ұлар тауықтектестер тобының қырғауылдар тұқымдасына жататын дене тұрқы біршама ірі құс. Оның бойының биіктігі 60 сантиметрдей, ал салмағы 2-3,6 келіні тартады. Ұлардың сыртқы түрі күркетауыққа ұқсас болғандықтан, кейде оны «тау күркетауығы» деп те атайды. Ол өте сақ құс. Ұлардың арқа тұсындағы қауырсындарында майда ұсақ шұбар дақтары бар, сұр-қоңырқай түсті болып келеді. Қауырсындарының түсі биік таулы алқаптардағы қорым тастарға ұқсас болғандықтан, жүрген жерінде көзге көп байқала бермейді.

 

География | Просмотров: 1095 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.10.2014 | Комментарии (0)

Жапония парламенті, сайлау жүйесі
Конституцияға сай елдің жалғыз заңшығаруышы органы болып парламент танылады. Ол екі палатадан тұрады: өкілдер палатасы (4 жылға сайланатын 480 депутат) және кеңесшілер палатасы (6 жылға сайланатын 252 депутат).
Екі палатаға да сайлау тікелей сайлау арқылы жүргізіледі, сайлауға жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс бере алады. Өкілдер палатасына жасы 25-ке толған азаматтар сайлана алады, ал кеңесшілер палатасына – 30 жас. Заңжобаларының тәртібіне байланысты Жапония парламентінде окілдер палатасы – кіші палата, кеңесшілер палатасы – жоғарғы палата болып танылады. Парламенттің құрылыу тәртібі конституцияға негізделеді және 1950 жылғы жария қоғамның өкілдерін сайлау туралы заңмен реттеледі.
Өкілдер палатасы әр 4 жылда қайта сайланады, бірақ мерзімінен бұры да таратылуы мүмкін. Бұл жағдайда палатаның жаңа құрамына сайлау 40 күннің ішінде өтуі керек, парламент сайлаудан кейін 30 күнде шақырылуы керек. Әдетте сайлау парламент қызметінің аяқталу күніне 30 күн қалғанда өткізіледі. Жарты ғасырдай уақыт өкілдер палатасына сайлау 130 мандатты округтерден жүргізілді, ал 1954 эылдан бері сайлаудың жаңа тіртібі қабылданды. Өзгерістердің негізізгісі депутаттар санынының 500-ден 480-ге қысқаруы және олардың жартысы округтерден, жартысы партиялық тізім бойынша сайланатын болды. Көп дауыс жинаған партияның сйәкесінше паламентте де үлес салмағы жоғары болады. Бұл әлсіз партиялық бірлестіктердің мүмкіндігін шектеді. Депутаттыққа кандидаттыққа түскенде ақшалай кепілдеме салады, егер кандидат сайлауда белгіленген дауыс жинау минимум деңгейіне жетпесе, онда ол ақша мемлекет бюджетіне қайтымсыз алынады.

География | Просмотров: 1000 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Жапония үкіметі
Биліктің ең жоғары атқарушы органы болып үкімет танылады. Жапонияда бұл орган министрлер кабиеті деп аталады. Оның қызметі Конституциямен және «Министрлер кабинеті туралы» (1947 ж.) заңмен, «Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы» (1948 ж.) заңмен реттеледі.
Премьер-министр басқаратын миинистрлер кабинеті құрамына премьердің орынбасары, министрлер (әртүрлі министрліктердің басшылары), кабинеттің бас секретарі және заңдық бюроның басшысы, мемлекеттік министрлер (портфельсіз министрлер) кіреді. Азаматтық кабинет принципі конституциямен анықталады және кабинет мүшелері азамматтығы бар тұлғалар болу керек. Кабинетте әскери және әскери-теңіздік министрлік, сонымен қатар ішкі істер министрлігі қызметтері жоқ. Кабинет келесідей құрылады. Басында парламент палаталары әртүрлі отырыста көпшіліктің дауысымен кандидаттар премьер-министрге кандидаттар таңдап алынады. Таңдап алынған кандидат императордың қарауына ұсынылады және оның қолдауымен өз қызметіне тағайындалады. Көптеген министрлер парламент депутаттары да болуы керек. Министр өз қызметінде жүргенде премьер-министрдің келісімінсіз соттық жауапкершілікке тартылмайды.

География | Просмотров: 764 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Жапониядағы монархтың рөлі
Жаңадан қабылданған конституция мемлекеттік құрылымда монархтың рөлін толығымен өзгертті. «Қасиетті және қолтигізбес» тұлғадан ол «мемлекеттілік және ұлт бірлігі символына» айналды. Бірақ та, конституцияда императорлық биліктің құрылуы туралы көрсетілмеген, сондықтан дәстүр бойынша императортлық билік әкеден балаға беріліп отырады.
Осыған байланысты жапондық және шетелдік мамандар арасында пікір-талас туындауда. Біреулері, жапонияны парламенттік монархия деп таниды, себебі император титулымен асыл текті монарх бар. Екіншілері, жапонияда монархия жоқ, елді монархиялық атрибуттары бар республика деп таниды.
Конституцияда нақты ел басы туралы көрсетілмеген. Соның салдарынан император мемлекет басшысы ма, жоқ па деген сұрақтар туындай бастады. Кейбір теорияларда император – мемлекет басшысы, кейбірінде император делінеді.

География | Просмотров: 863 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Жапонияның саяси жүйесі
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елде американыдық әскери администрация билік етті, сондықтан демократияландыру және тәуелсіздендіру шаралары көптеп жүргізілді. Осы процестер шарасында 1946 жылы қазанда Жапонияда жаңа конституция қабылданды.
Ел тарихында осы конституция алғашқы рет ұлттық суверенитет және негізгі демократиялық бостандықтарды, жалпыға сайлау құқығын қарастырды. Осы конституцияға сәйкес мемлекеттік басқарудың негізгі концепсиясы ретінде құқықтық мемлекет және классикалық демократия принциптері, яғни, иліктің бөлу принципі: заңшығарушы, атқарушы және сот негізге алынды.

География | Просмотров: 1050 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзені. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді.

Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары, «Темірлік т.б атаумен қалған жерлеріне барады.

География | Просмотров: 7776 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 02.04.2014 | Комментарии (0)

І. Биосфера құрылысы

Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

1.1. Атмосфера

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. 
Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.
Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. 
Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.
География | Просмотров: 1752 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 02.03.2014 | Комментарии (0)

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.

География | Просмотров: 2646 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.
Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

География | Просмотров: 4404 | Загрузок: 1153 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

    Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауда¬ны -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.
    Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шы¬ғыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған. 
    Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді. 
География | Просмотров: 6741 | Загрузок: 1369 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-48