Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Жартылай өткізгішті есте сақтау құрылғылары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

17.06.2015, 21:52

Жартылай өткізгішті есте сақтау құрылғылары
Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары ақпаратты жазу, сақтау және оқуға арналған және ақпаратты таңдауы еркін есте сақтау құрылғыларының тобына жатады.
Динамикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары өзінің күйін тек белгілі бір уақыт аралығында сақтайтын, сондықтан периодтық қалпына келтіріуді немесе регенерацияны талап ететін есте сақтау элементінің негізінде құрылады. Динамикалық ЖЕСҚ-ның есте сақтау элементі ретінде конденсатор қызмет етеді. Онда ақпарат зарядтың болуы немесе болмауы түрінде сақталады. Динамикалық ЖЕСҚ кемшілігі ақпаратты регенрециялау схемасын қосу қажеттілігі болып табылады, бірақ бұл кемшілік ЖЕСҚ басқа типтеріне қарағанда ақпарат сыйымдылығының үлкендігімен өтеледі.
Статикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары 4-8 транзисторлар негізінде құрылған триггерлік есте сақтау ұяшықтарының негізінде жасалады. Статикалық ЖЕСҚ артықшылығы жоғары тез әрекетушілік, қосымша ақпаратты регенерациялау схемаларын енгізу қажеттілігінің жоқтығы болып табылады. Статикалық ЖЕСҚ кемшілігі жүгіну режимінде де, ақпаратты сақтау режимінде де үнемі қорек көзінен ток тұтынуы болып табылады.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы(ТЕСҚ немесе ROM – read-onlу memorу) – ақпаратты тұрақты есте сақтауға арналған, яғни арнаулы құрылғының көмегіме бір рет жазылады да сонан соң одан тек оқуға болады. ТЕСҚ-сы компьютерді тоққа қосқан соң өзін тексеретін процедура – енгізу-шығару базалық жүйесін (BIOS) қамтиды.
Флэш-жад (Флэш-память; flash memory) — BIOS-ты (basic input-output system) сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын жад. Тұрақты жадтан айырмашылығы, Флэш жадқа мәліметтер жазуға және қажет болған жағдайда, BIOS-ты оңай ауыстыруға болады. Флэш жад энергия көзінен тәуелсіз жад болып табылады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 470 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]