Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Регистрлер қазақша реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

17.06.2015, 22:11

Регистрлер – ақпаратты (санғ сөз, сөздің бөлігінің кодасын) жазуға, сақтауға және шығаруға арналған кеңінен таралған ЭЕМ-нің функционалдық түйіні. Сонымен қатар, регистрлер сөзді қажетті разрядтар санына солға немесе оңға жылжыту операцияларын орындауға арналған. Регистрлерде сондай ақ, тізбекті коданы параллельді кодаға  және керісінше түрлендіруге, жеке жағдайларда төмендегідей разрядаралық операциялар орындауға болады: 
    логикалық қосу;
    логикалық көбейту;
    2 модуль бойынша қосу.
Жіктелінуі:
1.    Жазу/оқу әдістері бойынша:
    тізбектелген;
    параллельді;
    параллельді-тізбекті;
    универсалды.
2.    Келіп түсетін және шығарылатын ақпараттың фазалылыға бойынша:
    бірфазалы;
    екіфазалы;
    комбинациялық.
3.    Тактілеу әдісі бойынша:
    біртактілі;
    көптактілі.
Тізбектелген регистрлер. 
Тізбектелген регистрлерде сөз кодасын жылжыту тізбекті түрде жасалынады, ол үшін регистрдің синхрондаушы кірісіне (кірістеріне) жылжытқыш тактілік импульстердің сериясы беріледі. 
Бір тактілі синхронизациясы бар ақпаратты бірфазалы түрде қабылдайтын жылжытқыш регистрдің қарапайым схемасы 6.1-суретте келтірілген. 
Бұл регистр ішкі тежелуі бар екісатылы D триггер негізінде жасалынған, ол триггерлердің саны регистрге жазылатын сөз кодасының разрядына байланысты. Бір бірімен тізбекті түрде жалғанған риггерлер арасындағы байланыс бірфазалы және регистрге сөзді жазу бір арна арқылы іске асырылады. D триггерден жасалынған бірфазалы жылжытқыш регистрлер байланыс саны жағынан үнемді болып келеді. 
Алайда, RS және JK типті триггерлерден жасалынған парафазалы жылжытқыш регистрлер жоғары бөгеуілге төзімділігімен сипатталады. 


 

Сурет-6.1. Бір тактілі синхронизациясы бар ақпаратты бірфазалы түрде қабылдайтын жылжытқыш регистр

Параллельді регистрлер бір бірімен байланыспаған N триггерден тұрады, мұнда  N – регистр разрядының саны.
Ақпаратты парафазалы түрде енгізетін және тура немесе кері кодада бірфазалы түрде шығаратын  параллельді регистр.  

 

Сурет-6.2. Ақпаратты парафазалы түрде енгізетін және тура немесе кері кодада бірфазалы түрде шығаратын  параллельді регистр.  


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 736 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]