Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Логикалық элементтер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (261.9Kb) ] 21.05.2015, 22:41

Сандық техника негіздері пәніне кіріспе

Курс сандық электрондық құрылғылардың жұмыс принциптеріне, олардың  құрылымына және нығаюына арналған. Мұнда сандық аппараттың басты түрлері, олардың жұмыс істеу әдістері қарастырылған. Қарапайым сұлбатехникалық шешімдер мен олардың даму тенденциялары оқытылады. Сандық техникалардың өндірістің әртүрлі саласында кең қолданылуы интегральдық микросхемалардың пайда болуымен байланысты. Дискретты транзисторлар мен диодтардан құралған сандық құрылғылар едәуір габариттер мен салмақты болды, олар элементтердің санының көп болуынан және әсіресе дәнекерлі бірігулердің себебінен сенімсіз жұмыс істеді. Ондаған, жүздеген, кейде мыңдаған компоненттен тұратын ИМсхемалар сандық құрылғыларды  дайындау мен жобалаудың жаңа жолын табуға мүмкіндік берді. Бөлек микросхеманың сенімділігі элементтер санына көп байланысты емес, және жекеленген транзитордың сенімділігіне жақын, ал қолданылатын қуат жеке компонентке қайта есептегенде интеграция деңгейінің жоғарылауынан шұғыл кемиді.
ТМД елдерінің өнеркәсіптері интегралдық микросхемалардың (ИС) көлемді тізімдемесін шығаруда. Автоматика құрылғыларын және есептеу техникасын құрау үшін К155 сериялы сандық микросхемалар кең таралуда, олар транзисторлы-транзисторлық логиканың(ТТЛ) биополярлы ИС-ның стандартты технологиясымен дайындалады.
Сандық микросхемалар функцияларына қарай комбинациялы және тізбектелген деп бөлінеді. Біріншісіне ішкі жадысы жоқ ИС жатады, бұл ИС-дың шығу жағдайы нақты уақыттағы кіріс сигналдарының деңгейлерімен анықталады.
Екінші топқа-жағдайы нақты уақыттағы кіріс сигналдарының деңгейлерімен ғана емес, ішкі жадысының бар болуынан микросхеманың осыған дейінгі сәттегі де жағдайымен анықталатын микросхемалар жатады. 


Заманауй сандық техникалардың және жүйелердің элементтік базасы сандық интегралды схемалар болып  табылады. Сандық интегралды схема (ИС) – бұл микроэлектронды зат. Интегралды технология әдісімен жасалған (көбіне жартылай өткізгіштер), жеке корпусқа жалғанған және дискретті (сандық) сигналдың өзгеру функциясын жүзеге асырады. Өндірісте шығып жатқан сандық (ИС) номенклатурасы кең және өзгеру функциялары алуан турлі.Сандық сигналдардың қарапайым өзгеруін сандық  (ИС) жүзеге асырады,олар логикалық элемент деп аталады (ЛЭ).
    Сандық (ИС),демек және құрылғыларды жұмысын сипаттау үшін,осылардың негізінде құрылған,бульдік алгебра немесе логикалық алгебра математикалық аппарат қолданылады.


Бульдік алгебра негіздері


Бульдік алгебраның негізгі түсінігі логикалық айнымалы және логикалық функция болып табылады.
    Логикалық айнымалы екі күйдін бірін қабылдайды,оның бірі “0” символымен белгіленсе,бірі – “1” (бұл жағдайларды басқашада белгілеуге болады “ИЯ” немесе “ЖОҚ” және т.б.)Екілік айнымалылар көбіне х1, х2,… символдарымен белгіліенеді.Логикалық айнымалыларды екілік айнымалылар деп атауға да болады.
    Логикалық (бульдік) функция (белгіленуі - y) деп екілік айнымалы функцияны айтады,ол да екі мүмкін жағдайдың біреуін қабылдайды: “0” немесе “1”.    
+ немесе  - дизъюнкция операциясы,
  немесе   немесе & - конъюнкция операциясы,
  - инверсия операция ( * - аргумент немесе функция символы).
    Сандық техникада үлкен мәні бар элементарлы логикалық функциялар және ЛЭ,осыны орындайтын функцияларды суреттеп кетеміз.

“Терістеу” функциясы – бұл бір аргумент функциясы (басқаша атауы:инверсия, ЕМЕС логикалық байланысы).Функцияның аналитикалық формасы :   мұнда   - логикалық функция,   - аргумент.

1.Сурет Инвертор: 
а) шартты бейнеленуі; б) уақыттық диаграммасы; в) ақиқат кестесі

“Конъюнкция”  функциясы – бұл екі немесе одан көп санды аргументтер функциясы (басқа атаулары:логикалық көбейту,ЖӘНЕ логикалық байланысы).Екі аргументті функцияның аналитикалық формасы:   и  

  или   или  .
2 суретте келтірілген: екі кірісті (а) және (б) үш кірісті конъюнктордың шартты графикалық бейнесі; уақыттық диаграммасы (в) және ақиқат кестесі (г) екі кірісті конъюнктор.
    “ЖӘНЕ” ЛЭ ақпарат ағымын басқаруда қолданылады.Оның үстіне екі кірісінің біріне сигналдар түседі ,олар кейбір ақпаратты алып барады,басқасына – басқарушы сигнал: ақпаратты жіберу – 1,жібермеу – 0. “ЖӘНЕ” ЛЭ,осылайша оны вентиль деп атайды.
2 Сурет. Конъюнктор
“Дизъюнкция” функция – бұл екі немесе одан көп санды аргументтер функциясы  (басқа атаулары:логикалық қосу,НЕМЕСЕ логикалық байланысы).
  или  .
“Дизъюнкция” функциясын атқарушы ЛЭ дизъюнктор немесе “НЕМЕСЕ” ЛЭ деп атайды.Шартты белгіленуі және “НЕМЕСЕ” ЛЭ  уақыттық диаграммасы 3 суретте келтірілген.

“Шеффер штрихы” функциясы (басқаша атауы – логикалық байланыс “ЖӘНЕ-ЕМЕС”) – бұл екі немесе одан көп санды аргументтер функциясы. “ЖӘНЕ-ЕМЕС” функциясының ақиқат кестесі 4, б суретінде келтірілген.”ЖӘНЕ” функциясының инверсиясы екенін аңғаруға қиын емес,яғни конъюнкцияның терістелуі.Функция 1 ге тең, егер аргументтерінің біреуі 0 ге тең болса, функция 0 ге тең егер аргументтерінің барлығы 1 ге тең болса.Функция белгіліенуі “ЖӘНЕ-ЕМЕС”:  .“Шеффер штрихы” функциясын жүзеге асыратын ЛЭ шартты белгіленуі  4, а суретінде келтірілген.
Тек “ЖӘНЕ-ЕМЕС” ЛЭ қолдана отырып,жоғарыда қаралған кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға борлады.(ЕМЕС,ЖӘНЕ,НЕМЕСЕ)  5, а-в суретінде келтірілгендей.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 1626 | Загрузок: 247 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]