Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Ядролық физика реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.01.2015, 10:08

Ядролық физика


Атом ядросының жалпы қасиеттері
α-бөлшектердің шашырауына Резерфорд тәжірибесі. Ядро өзара әсерлесетін протондар мен нейтрондардың жүйесі ретінде. Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптар мен изобаралар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясы үшін жартылай эмперикалық формула. Киелі сандар. Нуклонның байланыс энергиясы. Нық және радиоактивті ядролар.
Ядроның спині мен магниттік моменті.Ядролық магнетон. Ядролардың статикалық мультипольдік моменттері. Ядроның электрлік квадрупольдік моменті.
Ядролық күйлердің кваннтық механикалық бейнеленуі. Толқындық функцияның жұптылығы. Айнымайтын бөлшектердің толқындық функцияларының симметриялық қасиеттері. Бозондар мен фермиондар. Паули принципі.
Радиоактивтілік
Атом ядроларының нықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.
Ядро құрылымының физикасы
Атом ядроларының модельдері. Ядролық қабықтар моделі: бірбөлшектік модель, бірбөлшектік модель бойынша ядроның қасиеттері. Жалпыланған ұжымдық модель; ядроның тамшылық моделі. Кластерлік модель.
Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын  қасиеттері
α – ыдырау. α-бөлшектердің спектірі. Негізгі тәжірбиелік заңдылықтар. α-ыдырау теориясының элементтері. Тунельдік эффект. α-ыдырау периодының α-бөлшектердің энергияларына тәуелділігі. Ядролардың мөлшерлерін α-ыдыраудан алынған мәліметтерден анықтау.
β-ыдырау.  β-ыдыраудың түрлері. Электрондардың энергиялық спектрлері. Нейтриноның барлығын тәжірибелік дәлелдеу. β-ыдырау теориясының элементтері. Нәзік әсерлесу туралы ұғым. Рұқсат етілген және тыйым салынған β-өтулер. β-ыдырауларда жұптылықтың сақталмауы. Нейтрино массасының мәселері.
Ядролардың γ-нұрлануы
Электрлік және магниттік өтулер. γ-өтулер үшін момент пен жұптылық бойынша сұрыптау ережелері және әр түрлі мультиполдік өтулер үшін өту ықтималдықтары. Ядролық изомерия. γ-кванттардың ішкі конверсиясы. Мессбауер эффектісі.
Ядролық реакциялар физикасы
Ядролық реакциялардың кірістік және шығыстық арналары. Ядролық реакциялардың энергетикасы. Ядролық реакциялардың кинематикасы. Сақталу заңдары.
Реакциялар қималары. Ядролық реакциялардың механизмдері. Құрама ядро моделі. Резонанстық ядролық реакциялар. Брейт-Вигнер формуласы. Ядролық тіке реакциялар. Ядролық тіке реакцияларды ядролық күйлердің кванттық сипаттамаларын анықтауға қолдану. γ-кванттардың, электрондардың, нейтрондардың, жеңіл иондардың, көп зарядты иондардың әсерінен өтетін реакциялардың ерекшеліктері. Тепе-теңдікалдылық процестер. Жоғарғы энергия кезіндегі реакциялар механизмдері. 
Ядролық реакциларды зерттеудің тәжірибелік әдістері. Үдеткіштердің жұмыс істеу принциптері. Ядролық бөлшектердің тіркегіштері.
Атом ядроларының бөлінуі мен түзілуі (синтезі)
Бөліну туралы негізгі тәжірибелік мәліметтер. Бөлінудің элементар теориясы. Бөліну көрсеткіші. Өздік бөліну. Уранның нейтрондар әсерінен бөлінуі. Тізбекті реакция. Көбею коэффиценті. Ядролық реакторлар. Ядролық энергетика. Дағдылы және бәсекелес энергия көздерінің салыстырмалы сипаттамалары.
Жеңіл ядролардың түзілуі (синтезі)
Жұлдыздардағы ядролық реакциялар. Басқарылатын термоядролық синтез проблемалары.
Нуклон-нуклондық әсерлесу
Дейтрон- n-p-жүйенің байланысқан күйі. Дейтронның негізгі сипаттамалары. Дейтронның толқындық функциясы. Ядролық күштердің тензорлық сипаты.
Нейтронның протондарда шашыратылуы. Ядролық күштердің спинге тәуелдігі. Айнымайтын бөлшектердің шашыратылуының ерекшеліктері. Ядролық күштердің зарядқа тәуелсіздігі. Изотоптық спин. Паулидің жалпыланған принципі. Ядролық күштердің алмастырмалық сипаты. Ядролық күштердің қанығулық қасиеттері.
Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері
Ядролық нұрдың затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі. Энергияның атомды иондау мен қоздыруға шығыны. Нұрлану шығындары. Вавилов Черенков нұрлануы. Серпімді шашыратылу. Зарядталған бөлшектердің жүрімдері.
Нейтрондардың затпен әсерлесулері. Нейтрондардың баяулауы. Жылулық және резонанстық нейтрондар. Жылулық нейтродардың диффузиясы.
γ-нұрдың зат арқылы өтуі. γ-кванттардың әсерлесулерінің қималарының γ-нұрдың энергиясы мен заттың қасиеттеріне тәуелділігі. Ядролық нұрлардың тірі организмге әсері. Дозиметрия мен ядролық нұрлардан қорғанудың элементтері.
Жоғарғы энергия мен элементар бөлшектер физикасы
Элементар бөлшектер- жоғарғы энергия физикасы.
Жоғарғы энергия физикасының тәжірбиелік әдістері.
Жоғарғы энергиялы шоқтарды алудың қазіргі әдістері туралы ұғым. Бөлшектердің жинақтағыштары. Қарсы шоқтар. Релятвистік кинематика элементтері. Бөлшектердің туу және ыдырау құбылыстарын бақылау. Қысқа өмірлі бөлшектерді бақылау әдістері.
«Элементар бөлшек” ұғымының дамуы. Бақыланатын элементар бөлшектердің ортақ қасиеттері: лептондар, адрондар. Бөлшектер мен антибөлшектер.
Іргелі әсерлесулердің төрт түрі. Әсерлесу күші. Элементар бөлшектерді сараптау. Сақталу заңдары. Дәл және дәл емес кванттық сандар.
Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктық моделі. Кварк - лептондық симметрия. Глюондар. Кванттық хромодинамиканың негізгі түсініктері. Кварктар мен лептондардың электромагниттік және нәзік әсерлесулері. Нәзік және электромеагниттік әсерлесулердің біріккен теориясы. Ұлы біріктіру теориясы. 
Ғарыштық сәулелер. Бірінші реттік ғарыштық нұр. Ғарыштық нұрдың атмосфера арқылы өтуі. Ғарыштық сәулелердің  өзгерістері. Жердің радиациялық белдіктері. Ғарыштық сәулелердің тегі туралы тұжырымдар. Ғарыштық нұр бөлшектерінің үдетілуінің мүмкін механизмдері.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1.    Қадыров Н. Ядролық физика негіздері.- Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 526 б.
2.    Мухин К.Н. Экспериментальная физика.- Т.1. Физика атомного ядра. - М.: Энергоатомиздат, 1993. -  616 с.
3.    Мухин к.н. экспериментальная ядерная физика.- т.2: физика элементарных частиц.- м.: энергоатомиздат, 1993.- 376 с.
4.    Широков ю.м., юдин н.п. ядерная физика.- м.: наука, 1980.- 671 с.
5.    Ракобольская и.в. ядерная физика. -м.: издательство московского университета, 1971.- 293 с.
6.    Иродов и.е. сборник задач по атомной и ядерной физике.- м.: энергоатомиздат, 1984.- 215с.
7.    Иродов и.е. задачи по общей физике. - м.: наука, 2003.
қосымша:
1. Айзенберг и.в., грайнер в. модели ядер. коллективные и одночастичные явления.- м.: атомиздат, 1975.- 454 с.
2. Айзенберг и.в., грайнер в. механизмы возбуждения ядра.- м.: атомиздат, 1973.- 347 с.
3. Айзенберг и.в., грайнер в. микроскопические теории ядра.- м.: атомиздат, 1976.- 487 с.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 2019 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]