Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

ЕСҚ иерархиялық құрылымы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

17.06.2015, 22:27

ЕСҚ иерархиялыққұрылымы.

ЭЕМ жады деп екілік кодпен берілген ақпаратты сақтауға, беруге арналған құрылғылар жиынтығын айтамыз. Осы жиынтыққа кіретін жеке құрылғылар қандайда бір типті есте сақтау құрылғысы деп аталады.
Есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ) ақпаратты сақтауға арналған, яғни программалар мен мәліметтерді.
    ЕСҚ мыналарға бөлінеді:
- өте жедел;
- жедел;
-  сыртқы.
Өте жедел жады процессордың элементтік базасында орындалады, процессор құрылымына кіреді және оның өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. 
Өте жедел ЕСҚ (СОЗУ) командалардың кіші (қысқартылған) ұзындығын пайдалану мен оның регистрлерінің тез элементтік базасына байланысты ЭЕМ жылдамдығын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
 
1.1-сурет. ЕСҚ иерархиялық құрылымы
Сыртқы ЕСҚ міндеті – ақпараттың массивін сақтау. Сыртқы ЕСҚ (СЕСҚ) көбінесе магнитті, оптикалық және ленталық жинақтағыштарда орындалады.  
Жедел жады – бұл машинаның негізгі жадысы. Фон Нейман принципіне сәйкес ол ЭЕМ-мен сол уақытта орындалатын программаларды және оған қажетті мәліметтерді сақтауға арналған. 
Жедел жады мыналарға бөлінеді:
-жедел ЕСҚ (ЖЕСҚ); 
Жедел ЕСҚ міндеті мен функциясы: ақпаратты жазу және оқу.
-тұрақты ЕСҚ (ТЕСҚ).
ТЕСҚ  міндеті мен функциясы: тек қана ақпаратты оқу.
ЕСҚ классификациясын келесі белгілер бойынша жүргізуге болады:
1. жады элементінің типі бойынша (ЕСҚ жадысының элементарлы ұяшығы)
– МОП-транзиторлардағы ЕСҚ
– биполярлы транзисторлардағы ЕСҚ
2. Ақпаратты сақтау принципі бойынша
– статикалық
– динамикалық
Статикалық элементтер электр тогы беріліп тұрғанша, ақпаратты сақтай береді. Ақпараттың бір битін құру және сақтау негізі триггер болып табылады. 
Динамикалық есте сақтау элементтері, керісінше, ақпаратты тек қысқа мерзімде сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін оны жаңарту (регенерация) қажет. Бір бит ақпаратты сақтайтын динамикалық элемент ретінде зарядталған конденсатор пайдалануға болады. Динамикалық элементтерді пайдалану жұмыс жылдамдығын жоғарлатуға мүмкіндік береді. 
3. Ақпаратты қою және іздеу әдісі бойынша
– адрестік ЕСҚ
– адрессіз ЕСҚ
Адрестік ұйымдастырылуымен жадыда ақпаратты қою және іздеу сөзді (сандығ команданы және т.б.) сақтау адресін пайдалануға негізделген. Адрес жады ұяшығының номері болып қызмет етеді, онда сөз орналастырылады. Адрестік ЕСҚ мыналарға бөлінеді:
1. жадыға дербес кіру (с произвольным доступом)
2. жадыға реттеле кіру (с последовательным доступом)
ЕСҚ дербес кіру (RAM – Random Access Memory) оның номеріне қатыссыз, берілген сөзді іздеуге кететін уақыт.
«Реттеле кіру»термині сөз позициясы тек қандайда бір ретте оқу немесе жазу үшін қолайлы болатын есте сақтау құрылғысына жатады. 
Адрессіз ЕСҚ мыналарға бөлінеді 
– стекті ЕСҚ
– ассоциативті ЕСҚ
Стекті жадыны бірөлшемді массив құрайтын ұяшықтар жиынтығы ретінде қарастыруға болады, мұнда көрші ұяшықтар сөзді берудің бір-бірімен разрядты цептермен байланған. Жаңа сөзді жазу жоғарғы ұяшықта (0 ұяшық) жүргізіледі, сонымен қатар алдында жазылған сөздер (0 ұяшықта орналасқан сөзбен қоса) төменге бір нөмерге үлкен болып шегеріледі. Оқу жадының тек жоғарғы (нолінші) ұяшығынан мүмкін, сонымен қатар, егер оқу жоюмен жүргізілсе, жадыдағы барлық қалған сөздер жоғары көрші ұяшыққа үлкен номермен көтеріледі. Бұл жадыда сөзді оқу реті мына ережеге сәйкес: соңғы түсті – бірінші қызмет көрсетіледі.
Ассоциативті типті жадыда қажет ақпаратты іздеу ардес бойынша емес, ал оның мазмұны (ассоциативті белгі бойынша) бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар ассоциативті белгі бойынша іздеу жадының барлық ұяшықтары үшін уақыт аралығында параллель жүреді.
4. Функционалды бағыты бойынша ЕСҚ барлық типтерін функционалды иерархияның келесі деңгейлеріне бөлуге болады:
– жедел ЕСҚ (RAM – Random Access Memory)
– тұрақты ЕСҚ (ROM – Read-Only Memory)
Жедел жады процессордың арифметикалық-логикалық құрылғысы мен басқару құрылғысында операцияны орындау процесінде пайдаланылатын ақпараттарды (программалар мәліметі, өңдеудің аралық және соңғы нәтижелері) сақтауға арналған. Жедел ЕСҚ мыналарға бөлінеді: 
1. статикалық
2. динамикалық
Тұрақты ЕСҚ ақпаратты (программалар, микропрограммалар, константалар) ЭЕМ жұмысы процесінде өзгермейтін ұзақ уақыт сақтауға арналған. Тұрақты ЕСҚ мыналарға бөлінеді
1. дайындалу кезінде программаланатын (масочные тұрақты ЕСҚ)
2. программаланатын және репрограммаланатын.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 497 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]