Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Жан Пиаженың интеллектуалдық даму теориясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.12.2014, 19:44

Жан Пиаженың интеллектуалдық даму теориясы.  Пиаже  мамандығы  бойынша  зоолог  және  адамның  мінез-құлқын  зерттеген  кезінде  тағы  басқа  тірі ағзалардың  мінез-құлқын  кірістіруге  тырысты.  Оның  негізгі  мәселесі  -  жануарлардың  өмір  тіршілігіне  бейімделу  болды.  Ал  адамның  интеллекті бейімделуді  қамтамасыз  етудің  құралы  ретінде  қарастырды.

Пиаже  жеке  өзгешеліктер  мен  «интеллектіні  тестілеумен»  айналысқан  жоқ.  Ол  адамның  қалыпты  дамуын  ашып  түсіндіргісі  келді.  Пиаже  айналысқан екі  аймақ  -  биологиялық  және  эпистемологиялық  -  адамның  интеллектуалдық  дамуының  зерттеуінде  шиеленісті. 

Біз  Пиаженің дамуын  жеке  тұлғаның  өмірінде  немесе  тарихи  эволюцияда  қалай  болып  жатқаны  ретінде  қабылдауымыз  керек.  Бірақ  бір  тұлғаның өмірінде  интеллектуалдық  дамуын  түсіну  үшін,  біріншіден, оның  тұтас  биологиялық  бейімделу  жайында  айту  керек.

1.  Биологиялық  бейімделудің  ерекшеліктері.

2.  Адам  инетеллектісі:  дамуы. 

3.  Адамның  интеллектісі:  теориялық  түсініктер.

Пиаженің  айтуынша,  тірі  ағзаның  маңызды  белгісі  -  өз-өзінен  реттелу  жүйесі  болып  табылады.  Тірі  емес  ағзалармен  салыстырғанда,  қауіп  төндірген уақытта  олар  өз  құрылымын  бұрынғы  қалпына  келтіруге  немесе  қорғай  алуға  жағдайы  бар.  Физиологиядан  екі  мысалды  алатын  болсақ:  егер саусағымыздың  терісін  жарақаттап  алсақ,  оның  терісін  қалпына  келтірудің  жағдайымыз  бар;  сыртқы  ортаның  температурасы  кенет  ауысса,  жеткілікті  түрде біздің  денеміздің  жылылығын  сақтай  аламыз.

Егер  бұл  процесті  жүзеге  асыруға  мүмкіндігі  жоқ  болса,  тірі  ағза  өледі.  Барлық  тірі  ағзалар  ақырында  өлетін  болғандықтан,  түгелімен  бейімделуге  қол жетпейді:  әрқашанда  жаңа  қауіп-қатерлер  туындайды.  Бірақ  адам  ортаның  өзгерістеріне  икемді  түрде  жауап  қайтаратын  қабілетке  ие.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 2045 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]