Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Тарих философиясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (30.5Kb) ] 09.11.2013, 01:01

Тарих философиясы

 

Тарих   философиясы:   оның   мәні.   Тарих   философиясының   негізгі варианттары.   Тарихи   процесс   мәселесі.   Тарихты    кезеңдеу   мәселесі. Тарихтың объективтік заңдылығы идеясы. Адамзаттың табиғи прогресінің жалпы теориясы. Партикуляризм және универсализм. Тарихта прогресс мүмкін бе!? Тарихтық бірлігі идеясы. Белдеулік уақыт түғырнамасы. «Тарих толқындары».   Циклдер   және   ырғақтар.   Тарихтың   соңы?   Өркениеттер қақтығысы. Қазіргі әлемдегі ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі. Қазақстан тарихи дилемма алдыңда. Традиционализм мен модернизмнің синтезі мәселесі. Әмбебап-адами құндылықтар: шындық пен елес.

Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс - әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан – ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.

Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу – негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан – жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған.

Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды, әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.

Әлеуметтік философия дегеніміз – қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.

Әлеуметтік философия мен социология бірін – бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен, қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі көріністерге өте бай. Оның терең қабаттарына бойлай отырып, заңдылықтарын анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл – ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс – бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт қажет.

«Өмірдегі ең дана нәрсе - уақыт» - деген қазақ халқы түйіндеген пікір кездейсоқтық емес. Мұны қоғамның күрделі, қат – қабат болмысы айқын дәлелдейді. Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары XIX – XX ғасырлардың алып ойшылдары Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған.

Қоғам – материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам еңбегімен жасалған болмыс қоғам деп аталады.

Адам тарихта екі түрлі «ипостась» немесе қырда өмір сүрді. Ол – бір жағынан,  тарихтың алғы шарты, екінші жағынан оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи іс - әрекеттің иесі – пенде. Оны іс - әрекетке итермелейтін негізгі күш – қоршаған ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық айтқандық болмас еді.

Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір – бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми – техникалық прогресс өркендеген, электроника мен роботтар жұмыс істейтін қуатты демократиялық қозғалыстар, ақпарат тасқыны дүниесінде өмір сүретін осы замандағы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар.

Әлеуметтік философиядан көрнекті еңбек жазған С.Э.Крапивенский адамды белсенді іс - әрекетке итермелейтін негізгі қажеттіліктерді төрт топқа бөлген. Ең алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен рухани ләззат алу үшін өзіне қажетті материалдық игіліктермен, яғни, өзін тамақтандырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы қажет еді.

Екіншіден, қоғамдық және жеке адам қажеттіліктері. Бұл екеуі бір – біріне тең болмайды, тіпті олардың арасында қайшылықтар жиі туындап отырады. Тарихи процестің әрбір субъектісі өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды, соған өз іс - әрекетін бейімдейді деу тарихи аңқаулық, тіпті ақиқаттан алшақ кету болар еді.

Үшіншіден, түпкі стратегиялық, ұзақ уақытқа бағытталған, сонымен қатар, кезеңдік сәттік қажеттіліктер. Адам да, қоғамда өз өмірін жоспарлап тіршілік етеді. Жоспарлау дегеніміз – ауқымды және қосалқы, жеке және жалпы міндеттерді анықтау деген сөз. Мысалы, ауқымды қажеттеліктерге қоғамның болашағын ғылыми түрде бағдарлай отырып, оның өркениет жолында дамуына жағдай жасайтын мүдделерді анықтап отыру жатады. Сонымен қатар, қоғамда кезек күттермейтін бүгінгі таңда шешуді керек ететін мүдделер де бар.

Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік ауруларды атауға болады.

Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта жасайды.

Маркстың ілімі бойынша, қоғамдық өмір – практикалық өмір. Өйткені, адамдардың тіршілігінің кез келген саласы нақты қимыл - әрекеттерден тұрады.

Қоғамдық практиканың бастапқы түрі – материалдық өндірістік іс - әрекет. Бұл іс - әрекет әлі де басқа практикалық іс - әрекеттердің негізі болып келеді. Бірақ, оның мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Байырғы еңбек құралдарын жетілдіре, дамыта отырып, соған сүйене отырып, адам өз талабына сай жасанды ортаны дүниеге келтірді, оны өзінің эстетикалық, этикалық талғамдарына сәйкес етіп ұйымдастырды. Материалдық құндылықтарды өндіруші ретінде адамның өзі де өсіп, нығайып отырды, оның кәсіптік шеберлігі артып, жалпы білімдік деңгейіне қойылатын талаптар да кеңейе түсті, жалпы мәдениет өрісі кеңи бастады. Материалдық өндірістік қатынастарды нығайту, ұлғайту процесінде әлеуметтік практика қалыптасып, дамыды.

Қоғам идеясы адамның өзіне о бастан – ақ орын тепкен. Өйткені, ол – қоғамдық жан. Егер адамның мәнін түсінсең, қоғамның мәні де айқын болады. адам тарихының алғашқы шарттары тірі пенделердің тіршілік етуі деп – К.Марск пен Ф.Энгельс бекер айтпаса керек.

Қоғам дегеніміз – жалпы қажеттіліктері, қызығушылықтары мен мақсаты бір адамдардың мәдени өмірі мен іс - әрекетінің белгілі бір заңдылықтарға негізделіп ұйымдастырылған формасы. Адам қоғамының негізгі сипаттары:

-  біртұтастық – элементтер мен жүйелер бір құрылымға біріктірілуі;

-  өзіндік ұйымдастырушылық – ішкі күштердің дамуы мен өмір сүруіне ықпал етуі;

-  динамизм - әлеуметтік құрылымдар мен формалардың қозғалып, өзгеріп отыруы;

-  заңдылық – қоғамның дамуы белгілі заңдылыққа бағынуы.

Әлеуметтік философияда қоғам материяның бізге белгілі қозғалысының ең жоғарғы түрі болып сипатталады.

Қоғам күрделі жүйе, оны бірнеше салаға бөлуге болады.

Біріншіден, бұл – экономикалық сфера немесе материалдық өндіріс әлемі. Адамға қажетті материалдық игіліктерді білім мен арнайы еңбек құралдары – техниканың көмегімен жасау. Экономика қоғамдық прорестің қозғаушы күші, қоғамдық өмірдің негізгі шарты.

Екіншіден, бұл әлеуметтік сфера немесе әлеуметтік топтар әлемі. Ол нақты тарихи – экономикалық негізде қалыптасып дамиды.

Үшіншіден, бұл саяси немесе басқару сферасы. Бұл адамдардың мемлекетті, басқа да әлеуметтік институтты басқару жолындағы іс - әрекеттері.

Төртіншіден, қоғамда рухани сфера, яғни сезімдер мен идеялар әлемі бар. Ол тарихи процестің саналы факторына ықпал ете отырып, қоғамда аса маңызды роль атқарады.

Қоғамдық дамудың заңдары – табиғат заңдары сияқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адамдардың сана – сезімінен тыс қалыптасады, дамиды, өрістейді және өз уақыты келген жағдайда тарих көшінен өтіп отырады немесе ығысады.

Қандай заңдылықтардың қай уақытта қалыптасатыны әлеуметтік алғы шарттарға байланысты болады. Кезінде құл иеленушілерге, сонан кейін феодалдарға өз ыңғайына сай келетін қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мүмкіндігі болмады. Өзі пісіп – жеткен жағдайда кез келген қоғамдық қатынастар өзінен - өзі ығысып, басқа қоғамдық қарым – қатынастарға орын беріп отырады. Бұл – тарихтың бұлжымас заңдылығы. Табиғат пен қоғамдық қатынастардың заңдылықтарында бір ұқсастық бар. Бұл - өте маңызды іргелі ұқсастық. Өйткені, олардың заңдылықтары адамнан, оның іс - әрекетінен, еркінен тыс өмір сүреді. Мысалы, өз еркімізге сүйеніп, зат пен денелердің еркін түсуі немесе Архимед заңын алып тастай алмаймыз, сол сияқты біз қоғамның дамуындағы материалдық қатынастардың шешуші ролі туралы, құн туралы заңды өзіміз біліп алып, сонан соң жойып жібере алмаймыз.

Материалдық игіліктер өндіру адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізін құрайды. Бірақ, табиғат пен қоғамдық дамудың заңдылықтарының өте маңызды бір айырмашылығы бар: ол – олардың іске асу механизмінде көрініс табады. Табиғат заңдары адамның іс - әрекетінен тыс іске асырыла береді. Ал қоғамдық заңдылықтарда өзіндік ерекшелік бар. Өйткені, біз жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамдық дамудың заңдары тек қана адамның іс - әрекеті арқылы іске асады.

Егер адам немесе адамдар арасындағы қарым – қатынастар болмаса, ешқандай да социологиялық заңдар, іске асырылып, қажетке жаратыла алмайды. Табиғат пен социологияның заңдарының осы бір ұқсастығын еске ала отырып, К.Маркс қоғам дамуы табиғи – тарихи процесс деп анықтады. Қоғамның дамуы, бір жағынан, табиғи процесс, өйткені ол табиғат сияқты қажетті және объективті. Сонымен бірге, қоғамның дамуы тарихи процесс, өйткені, ол – адамдардың іс - әрекетінің жемісі.

Социологиялық заңдардың ерекшелігін қарастыру мәселесі біздерді олан әрі тереңдей түсуге мәжбүр етеді. Басқа сөзбен айтсақ, әрбір тарихи оқиғаның объективті жағдайлары және оларды іске асырудың субъективті факторлары бар.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 2801 | Загрузок: 679 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]