Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Когнитивтік психология


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.12.2014, 19:37

Когнитивтік психология. Когнитивтік социология. Когнитивтік антропология. Когнитивтік лингвистика. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттігі, оның өзектілігі. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді. «Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік лингвистиканың ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады» деп Д.Сулейменованың атап өткеніндей, кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде когнитивтік психология, когнитивтік антропология, когнитивтік СОЦИОЛОГИЯ СИЯҚТЫ ғылым салалары пайда болды. Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау. Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді. Тілдің әлеуметтік негізі, әлеуметтану, тіл білімі, социология (әлеуметтану), әлеуметпк психология және этнография ғылымдарымен қиылысқан жерінде қалыптасқан социолингвистика бойынша қазіргі қазақ тіл білімінде зерттеулер аз. Когнитивтік антропология. Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ЕҢ ӨЗЕКТІ мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi. 2 Бұл ғылымдардың қазіргі қогамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттгі, оның өзектілігі Қaзipгi таңда «тіл арқылы сыртқа шығып жүрген» (языковое овнешнение -Е.Ф. Тарасов ұсьшған термин) шындық бейнелер жүйесі болып табылатын қалыптасу үдepicтepi мен тілдік сананың жұмыс жасауына ерекше назар аударылып жүр. Тіл дүние, әлемнің жеке бейнесіне үнемі үңілу арқылы жұмыс жасап отырады, ЯҒНИ Бi3 санамызда қалыптасып қалған дүние, әлем бейнесіне сүйеніп отырмасақ, ешнәрсе түсіне, ештеңе жайлы хабарлай алмаймыз. Ал әлем бейнесі когнитивтік үдерістер арқылы қалыптасады да, осы үдерістер сана бейнелерін құрайды (Оразалиева Э.Д.). Когнитивтік лингвистикадағы тіл, ойлау, түсінік, қабылдаумен қатар келетін құрылымындағы әмбебап білімнің, адам санасының органикалық және бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Көп ғылыми пәндер қазіргі кезде когнитивтік лингвистиканың әсерінде болып, оның аса маңызды нәтижелерін қолдануға тырысады. Әмбебап білім ретіндегі тілдің мәні туралы мәселе, тілдер сәйкестіктері мәселесі жайлы жаңа көзқарастар туындап, тілдік білімді, сонымен қатар, тілдерді салыстыру үшін когнитавтік-инварианттық мағынаны интерпретациялауға жол ашылып отыр. Когнитивтік лингвистика терминдерінде тілдік білімдерге берілген анықтама және оны «әлемнің тілдік бейнесін» (языковая картина мира) қалыптастыратын білімдердің жалпы қорына енгізу қостілділікке байланысты «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде лингвистикада мәтін семантикасы мен «фондық білім» (фоновые «мании) арасындағы байланыстарға аса зор назар аударылыл жатыр. Бұл бағыттың өзі тіл мен ойлау ара қатынасы сияқты маңызды мәселені қарастырады. «Фондық білім» сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ болып табылатын ақпараттық қор, яғни олардың әлем жайлы білімінің ортақ қоры ретінде қарастырылады. Сонымен, «фондық білім» дегеніміз - тілдің ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятель¬ность) тәжлрибенің вербалданбаған көрнісінің (фрагменттің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы. Фондық білімдердің сөйлеуші мен тыңдаушы санасындағы бірдей, ұқсас болып келуі оларды жалпы білімдерден ажыратады. Осыған орай, фондық білімдер әлеуметтік және жеке (индивидуальный) болып екі типке бөлінедi. Әлеуметтік фондық білім сөйлеу әрекетіне қатысқандардың барлығына: (мысалы, радио тындаушылар мен оыррмандарға) сөйлеу әрекеті басталмай тұрып бұрын белгілі болады; жеке фондық білім диалогке қатысатын екі адамға ғана белгілі болады. Мысалы: А: - Қал қалай? Б: - Ол ертең келетін болды. Заттың немесе оның бейнесінің динамикалық белгілерін анықтау үшін «градуалды эталон» ұғымы қолданылады. ХХІ ғасырдың тіл білімі мәтінді зерделеусіз қалдыруы мүмкін емес. Тіл – филология ғылымының негізгі нысаны болған және жаңа мыңжылдықта да бола бермек. С.С.Аверинцевтің пікірінше, филология «барлық адамзат әлеміндегі мәтін төңірегінде ұйымдастырылған және мәтін арқылы көрінетін әлемді» қамтиды . Мәтін жеке тұлға ретінде өзін таныта алатын қарым-қатынастың негізгі нысаны болып табылады. Т.М.Дридзенің тұжырымдамасы бойынша, қарым-қатынастың өзі әлі де болса көптеген зерделеулерді қажет ететін мәтіндік қызмет ретінде танылады. Мәтінге және қарым-қатынасқа деген қызығушылық қазіргі заманғы тілдік мәдениеттің жаңа сұхбаттық сипатын (А.К.Михальская, Ю.В.Рождественский және т.б.) қоса алғанда әлемді танудағы бұрынғы монологиялық жүйені бұзумен және диалогизмге (М.М.Бахтин және т.б.) бет бұрумен байланысты. «Өмір сүру – яғни қарым-қатынаста болу» – М.М.Бахтиннің осы сөздерінде мәтіннің қызметтік-теориялық және практикалық маңызы, оның негізінде туындайтын қарым-қатынас қана емес, сондай-ақ қарым-қатынасты (әлеуметтік, функционалдық-прагматикалық, коммуникатив-тік) зерделейтін жаңа ғылыми-лингвистикалық парадигманың айрықша рөлі де анықталады]. Қазіргі заманғы лингвистика коммуникативтік, когнитивтік мәтінге бағдарланған. Оқырмандардың типологиясын (Г.Г.Молчанова, О.Л.Каменская және т.б.) қоса алғанда, адресат проблемасы (Н.Д.Арутюнова, В.З.Демьянкова, Г.В.Степанов) әзірленуде, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар (О.С.Иссерс, Е.В.Клюев және т.б.) зерделенуде. Бұл ретте лингвистика өзінің полипарадигмалық сипатын сақтайды. Жаңа өзгерістерге байланысты мәтінді және оның бірліктерін зерттеуде психопоэтика (В.А.Пищальникова, Ю.А.Сорокин), филологиялық герменевтика (Г.И.Богин, Г.П.Щедровицкий және т.б.), лингвосинергетика (В.А.Пищалникова, Г.Г.Москальчук, Н.А.Кузьмина, Н.Е.Сулименко) және тағы басқа жаңа ғылыми бағыттар туындауда. Жаңа үрдістерге орай, көркем сөз стилистикасын қоса алғанда, стилистикада да өзгерістер орын алуда. Қазіргі заманғы стилистика коммуникативтік, мәтінді болып, оның зерттеу нысанасы кеңеюде, жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда, сабақтас білімдер (прагматика, психолингвистика, герменевтика және т.б.) арасындағы байланыс күшейе түсуде. «Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы» деген жаңа ғылыми бағыттың туындауы лингвистикалық және онымен сабақтас ғылымдардың үдемелі дамуы ретінде де, қазіргі заманғы білім беру саласындағы қажеттіліктермен де (орыс тілін зерделеудегі коммуникативтік-қызметтік, функционалдық, мәтінге бағдарланған, этномәденитанымдылық тәрізді жаңа бағыттарды әзірлеумен) айқындалады. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының тамыры тереңде жатыр. Мәселен, осы ғылыми бағытқа тән мәтінге жүйелі-қызметтік көзқарас В.Ф.Гумбольдтың, А.А.Потебняның, В.В.Виноградовтың, М.М.Бахтиннің және т.б. тұжырымдамаларынан көрінеді. Мәтіннің қазіргі заманғы стилистикасында әр түрлі ғылыми бағыттар бар: құрылымдық стилистика (В.В.Одинцов, Г.Я.Солганик және т.б.), декодтау стилистикасы (И.В.Одинцов, Г.Я.Гучинская және т.б.), функционалдық стилистика (М.Н.Кожина, М.П.Котюрова, Т.Б.Трошина, М.Б.Борисова, Н.И.Бахмутова, С.А.Станиславская және т.б.). Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар: құрылымдық стилистика мәтіннің композициялық-стилистикалық нысандарын, оны ұйымдастырудың конструктивтік тәсілдерін зерделейді; декодтау стилистикасы мәтінді оқырмандардың танымдық аспектісі тұрғысынан қарастырады; функционалдық стилистика стилистикалық узусты, әр түрлі стильдегі мәтіндерде тілдік құралдарды пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерделейді. Мәтінді лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде коммуникативтік стилистиканың зерттеу сипатына, мақсатына қарай мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ол кез келген мәтінді жазушы мен қабылдаушы қызметінің ұштасуы негізінде коммуникативтік-қызметтік аспект тұрғысынан зерделейді. Сөздік қызмет теориясына сүйенетін басқа ғылымдардан (прагматикадан, психолингвистикадан, психопоэтикадан, филологиялық герменевтикадан) стилистикалық узус пен автордың идиостилін ескере отырып, олардың нақты мәтіндік өзгеруіндегі сөздік қарым-қатынастың лингвостилистикалық аспектілерін терең зерделеуімен ерекшеленеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы оның мағыналық жайылуына сәйкес қызметтік аспектідегі жүйелік-құрылымдық ұйымдастырылуын талдауды, мәтіннің стилистикалық параметрлерін ескере отырып, олардың негізіндегі коммуникативтік стратегияларға сүйеніп, әр түрлі типтегі мәтіндерді мағыналық жағынан қабылдаудың лингвистикалық заңдылықтарын зерделеуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде коммуникативтік эффектіге қол жеткізудің құралдары мен тәсілдері айқындалады, әр түрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерде лингвистикалық негізі бар коммуникативтік универсалийлер (мәтінді ұйымдастырудың заңдары мен принциптері) зерттеледі. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының мақсаты – мәтін қызметінің лингвистикалық тұрғыдағы заңдылықтарын зерделеу, ол автор мен тыңдаушының тиімді диалогын қамтамасыз етеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттары пәнаралық сипаты бар, оның «мәтіндік» жүйелілігін, құрылымдылығын, регулятивтігін зерделеуде жаңа перспективалар ашатын оған қатысты қызметтік көзқараспен байланысты болады. Прагматикамен, психолингвистикамен, герменевтикамен ұштасқан кезде қалыптасатын мұндай жаңа көзқарас мәтін мен оның бірліктерін оқырманның танымдық қызметіне енгізу тұрғысынан зерделеуден туындайды. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының үш бағыты байланысатын мәтіндік құрылымдар, регулятивтік және мәтіннің мағыналық жайылуы теорияларына нақтырақ тоқталайық. Мәтіндік ассоциациялар (құрылымдар) теориясы. Мәтіннің әр түрлі аспектілері және оның оқырман танымындағы мағынасы туралы елестету, соның негізінде қалыптасатын мәтіндік құрылымдардың рөлі айрықша ауқымды. Бұл ретте мынадай негізгі ережелер басшылыққа алынады: Лингвистикалық аспектіде мәтіндік сөз-стимулдарға қатысты құрылымдарды оқырманның танымында өзектілікке айналатын мәтіннің лексикалық құрылымы элементтерінің және солармен арақатынастағы тіршілік құбылыстарының немесе танымның, сондай-ақ басқа да сөздер әлемінің арасындағы байланыс ретінде қарастыру – заңды құбылыс. Ассоциат сөз-стимулға – мәтіннің лексикалық құрылымы элементіне мағыналық коррелят ретінде айқындалады, ол мәтінді қабылдаушы субъектінің танымында нақты әлеммен, таныммен, сондай-ақ басқа да сөздермен корреляцияланушы мәтіндік әлем шындығымен арақатынаста болады. Автордың бастапқы коммуникативтік қызметі аспектісінде туындының лексикалық құрылымы ілгерілеулер мен әрекеттердің (стимулдарға ассоциаттардың), сондай-ақ ілгерілеулерді нақтылайтын тірек сөздердің және құрылым сөз-маркерлерінің ауызша желісі ретінде айқындалады. Мәтінді құру (автордың сөйлеу-ойлау қызметі) тұрғысынан «стимул-реакция» қатынасы тема-рематикалық қатынастармен корреляцияланушы ретінде байқалады: предикацияның әр түрлі нысандары автордың коммуникативтік стратегиясына сәйкес тұжырымдамалы түрде туындаған жаңа тақырыпты репрезентациялай отырып, берілген (автор тақырып ретінде таңдап алған) тақырыпқа құрылымдарды көрсетеді. Мәтінді қабылдау (оқырманның сөйлеу-ойлау қызметі) ағымында мәтіннің лексикалық құрылымының әрбір элементі құрылымдар желісін туындататын ілгерілеу болып табылады, олар мәтінде өзгерістерге ұшырайды немесе имплицитті түрде болады. Автор тарапынан мәтінде бірқатар ілгерілеулер болып, өзгерістерге ұшыраған құрылымдар мәтінді қабылдаушы оқырманның көзқарасы бойынша мәтіннің мағынасына жетудегі маңызды қадам болып табылады, оларды негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік бар. Тыңдаушының танымдық қызмет процесінде мәтіннің құрылымдық жайылуы құрылымдардың күрделі түрде ұйымдастырылған желісі ретінде қарастырылады, оларды жасауға сөздердің құрылымдық-мағыналық жолдары қатысады. Мәтіндік құрылымдық-мағыналық жолдар, негізгі сөздер-ілгерілеулерді, тірек сөздерді және тыңдаушылардың сөз-маркерлерін қоса алғанда, әр түрлі типтегі лексикалық құрылымдармен толықтырылып отырады. Тұжырымдамалы түрде ұйымдастырылған бұл жолдар парадигматикалық (әр түрлі типтегі семантикалық, формальдық, формальды-семантикалық, мәтіндік лексикалық парадигмалар шеңберінде) және синтагматикалық (мәтіндік синтагматика деңгейінде) байланыстағы сөздік және бір сөздік емес бірліктерді біріктіреді. 5) Оқырманның құрылымдық қызметі процесінде мәтін туындатқан және құрылымдар коммуникаттарының танымында айрықша құрылымданған, мәтіннің тақырыптық, пәндік-логикалық, сюжеттік-композициялық, идеялық, эмоционалдық, образдық деңгейлерімен, сондай-ақ және автордың жеке басымен ара-қатынастағы жүйе ретінде мәтіннің құрылымдық жолдары қалыптасады. Құрылымның инварианттық бағыты мәтіннің құрылымдық жолын құрайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мәтіннің құрылымдық жолдарының ауқымды ақпараттық мүмкіндіктері бар. Жалпы бұл бөлімде мәтіннің коммуникациялық теориясы жеке-жеке талданып, нақты түсініктемелер берілген. Мәтіннің ассоциациялық, ретке келтіру және мағынаның жайылу теориясы авторды әр түрлі мәтіндердің мағыналық құрылымын зерттеуге, олардың кешенді әдістемелерін құруға жетелейді және алдағы уақытта мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттарын одан әрі пысықтау қажеттігін ескертеді. Ретке келтіру (регулятивтік) теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты ретке келтіруді оқырманға ықпал ете отырып, оның интерпретациялық қызметін бағыттау арқылы қабілетін көрсететін мәтіннің жүйелік сапасы ретінде қарастыруға негізделген. Осы теорияның негізгі ережелеріне тоқталайық. 1) Автордың «жігерлік міндеттеріне» сәйкес (Л.С.Выготский) әр түрлі коммуникативтік нәтижені ынталандыратын мәтіндік құрылымдар (регулятивтер) байқалады. Ретке келтіретін құрылымдар реттеуші құралдардың байланысын көрсетеді. 2) Автордың идиостилі тыңдаушының танымдық қызметін түрлі жолдармен ұйымдастыратын реттеушілік құралдар мен ретке келтіретін құрылымдарды таңдауда көрініс алады. 3) Жалпы мәтін деңгейінде оның коммуникативтік стратегиясы ескеріле отырып; мәтіннің реттеушілік функциясы, реттеушілік тәсілдері, яғни мәтіндік кіші құрылымдарын ұйымдастыру амалдары, реттеуші доминанттары байқалады. Әр түрлі өлшемдерге сәйкес реттеушілердің типтері айқындалады. Мәтіннің ақпараттық-мағыналық деңгейінің реттеушілік бірліктері (информемнің) мен прагматикалық деңгейі бірліктерінің (прагмемнің) шекараларын анықтау жөніндегі зерттеулер жүргізілген. Ақпарат берушілердің (информанттардың) мәтіннің реттеушілік стратегиясын тану жөніндегі жауаптарындағы ең жоғарғы бірлік әр түрлі реттеуші құралдардың бірнеше мәрте және көп арналы әсер етуі жағдайында байқалатындығы анықталған. Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты мәтінде берілген ақпараттың негізінде автордың идиостилімен арақатынаста болатын мағыналық қалыптастыру процесін зерделеуге бағытталады. Бастама ретінде мәтіннің мазмұндық жоспары әр түрлі интерпретацияланғанымен (В.В.Виноградов, И.В.Арнольд және т.б.), әрқашан да мәтіндік ұйымдастырудың өзі және ең алдымен мәтіннің лексикалық құрылымы объективті түрде беретін қандай да бір инварианты болады. Мағыналық жайылу теориясының негізгі ережелері бірнеше түрге бөлінеді: Мәтінді пәндік-белгілік құрылым ретінде қабылдай отырып, оқырман объективті факторға – мәтіннің семантикасына сүйеніп, өзінің ақпараттық тезаурусына сәйкес оның мағынасын ой елегінен өткізеді. Мәтіннің семантикасы әр түрлі деңгейдегі элементтердің коммуникативтік бағдарының, сондай-ақ, мәтіндік бірліктердің – алдағы уақытта мәтіннің «көлденеңінен» (парадигмалық деңгей) және «тігінен» (синтагматикалық деңгей) берілген сан алуан байланыстарының негізінде қалыптасады. Жекелеген лексикалық бірліктердің жүйелік сапасын, сондай-ақ, мәтіннің мағыналық жайылуының лексикалық ағымын, жайылмалы мәтін бөлігі иерархиясында қарастырған жөн. Элементтердің мағыналық қатынастарының үш түрі: толықтыру, күшейту және контраст қатынастары осы үрдістегі ең басты мәселе болып табылады. Мәтінде көрініс тапқан (оның жекелеген элементтерінен бастап түрі жағдайларға дейін), мәтінде ауызша түрде кодталған көркемдік әлемнің түрлі шындықтарының ақпараттық сигналдарының әр түрлі сатыдағы элементтері мен жалпылау дәрежесіне сәйкес келетін семантикалық белгілерінің мәртебесі болады. Әр түрлі сатыдағы семантикалық белгілер мен жалпылау дәрежесінің ара-қатынасы оқырманның танымында мағыналық иерархия арқылы сөздердің жекелеген компоненттерінің микромағыналарынан сөздер мағынасына және сөйлеудің жалпылама мағынасына корреляцияланады. Мәтіннің мағыналық жайылуы (яғни онда адресаттың танымында көрініс алатын автор әлемінің тұжырымдамалық суретінің лингвистикалық тұрғыдан айқындалатын фрагментін беру динамикасы) мәтіннің лексикалық құрылымымен байланысты болады. Мағына қалыптастырудағы жетекші рөл соның үлесінде. Мәтінде көрініс тапқан түрлі сатыдағы және ауқымдағы көркемдік әлемнің әр түрлі шындықтарының лингвистикалық репрезентацияланған мағыналық белгілері мәтіннің мағыналық құрылымын құрайды. Мәтіннің мағыналық жайылуының әр түрлі типтерін және мәтіндердің мағыналық құрылымының түрлерін олардың жайылудың коммуникативтік әмбебабы мен жеке ерекшеліктері туралы сөз етуге болады. Жазушының идиостилі оның коммуникативтік бағдарының мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. Қазақ тілі лексикасы аса бай, стильдік көркемдегіш құралдары жетілген тілдердің қатарына жатады. Солай бола тұрса да, қазақ тілінің ойды жеткізу, сөйлем құру ерекшеліктері грамматикалық тұрғыдан толық зерттелінгенімен, стилистикалық жағынан әлі жүйелі тексеріліп біткен жоқ. Соңғы он жыл ішінде қолға алына бастаған стилистика және стиль туралы ғылыми еңбектер оқулық көлемінде және жекелеген ақын-жазушылардың тіліне байланысты жазылды. Қазақ тілінің стилистикасы туралы М.Балақаевтың, Р.Әміровтың, А.Ысқақовтың, Ф.Мұсабекованың, Р.Сыздықованың, Ә.Хасеновтың, т.б. ғалымдар мен бірсыпыра ізденушілердің еңбектерінде, мақалаларында қарастырылады. Стилистика – ең алдымен, қарым-қатынас жасауда сөйлеу жағдайына сай тілдік құралдарды таңдап алу мен қолдану тәсілдерін үйрететін тіл ғылымының саласы. Ал қарым-қатынас ретіндегі тілдік құралдардың ең кіші бөлшегі – мәтін бөлігі. Тіл мамандары мәтін бөлігі (контекст) ұғымын мәтіннің кіші бөлігі (микроконтекст), мәтіннің үлкен бөлігі (макроконтекст) және мәтіндер бөліп қарастырады. Мәтіннің кіші бөлігі бір сөйлемнің көлемінде, мәтіннің үлкен бөлігі азат жол көлемінде, ал мәтін тақырыптың көлемінде анықталады. Контекстің кіші бөлшектері болып сөз тіркестері сөйлемді, сөйлем азат жолды, ал бір немесе бірнеше азат жол мәтінді құрайды. Бұл қағиданы басшылыққа алу стилистиканы оқытудың тиімді әдістері мен тілдік құралдарын таңдауға негіз болады. Тілдің қызметінің ерекшелігін мәтін бөлігі арқылы анықтау мақсат етіледі. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері» монографиясында қазіргі қазақ және ана тілі пәнінің мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. ( төмендегі 1,2,3-суреттер) Бұл сызбаны талдай отырып, оқушылар стилистика туралы алған білімдерін қорытындылайды. Мына сияқты мәселелерге жауап беріп, анықтайды: Тіл дегеніміз не? Стилистика тілімізде қандай орын алады? Оның маңызы қандай? Мұғалім осы сияқты мәселелердің айналасында жұмыс жүргізе отырып, фонетика, лексика, морфология, синтаксистік тілдік құралдардың стилистикасынан мысалдар келтіріп толықтырады. Сонымен бірге мына суретті пайдалана отырып, оқушыларға стилистика, оның бөлімдері немесе стилистиканың қандай мәселелерді қарастыратыны туралы мәліметтер беріледі. Мәтіннің когнитивтік-дискурстық аспектісі. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасқан мәтін лингвистикасы бүгінгі таңда адамның сөйлеу-ойлау қызметіндегі өте күрделі әрі көп қырлы феномен ретінде мәтінді зерттеу мен сипаттау әдіс-тәсілдерін мейлінше қамтыған деп айтуға болады. Мәтіннің көп қырлы болуы, оның айқын шекараларының болмауы және нақты көрінбеуі ғылымда мұндай жағдайдың табиғи нәрсе екенін көрсетеді, бұл ретте талдау жасалатын объектінің онтологиялық, жүйелі және функционалдық қасиеттерін мәтіндегідей сияқты әр түрлі тұрғыдан, атап айтқанда: семиотикалық, вербальды белгілік жүйе ретінде (Р.Якобсон, Ю.М.Лотман, Б.Я.Успенский және т.б.); дискурстық, білімнің пәнаралық салалары сипаттамаларында (Э.Бенвенист, ван Дейк Т.А., жас Р.Барт және т.б.); лингвистикалық, тіл бірліктері маңыздылығының жүйесінде (В.Виноградов, Г.О.Винокур, В.П.Григорьев, Г.Я.Солганик, Н.А.Кожевников және т.б.); сөйлеу – әрекет ету, прагматикалық жағдай аясында (Дж.Остин, Дж.Серль, М.М.Бахтин, Н.Д.Арутюнова және т.б.); құрылымдаудан кейінгі, философиялық, әдебиеттану, әлеуметтік-лингвистикалық, тарихи білім салаларының біртұтастығында (Ж.Деррида және т.б.); деконструктивтік, «мәдени интермәтін», әдеби, лингвистикалық, философиялық-антропологиялық сипат ұғымдарында мәтінді талдау ретінде (Ж.Делез, Ю.Кристева, Р.Барт және т.б.); нарратологиялық, жазушы мен оқырманның белсенді диалогтық өзара іс-әрекеті ретінде мазмұндау теориясы аясында (В.Пропп, В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, М.Бахтин, Б.Лаббок, Н.Фридман, Э.Лайбфрид, В.Фюгер және т.б.); психолингвистикалық, сөйлем құраудың динамикалық жүйесі ретінде (Л.С.Выготский, Н.И.Жинкин, Т.М.Дридзе, А.А.Леонтьев және т.б.); психофилологиялық, автордың психологиясын тіл құралдары арқылы белгілі бір әдеби нысанда іске асыратын көп қырлы феномен ретінде (Е.И.Диброва, Н.А.Семенова, С.И.Филиппова және т.б.) және басқа да тұрғыдан қарастыруға болады. Осы келтірілген аспектілер мен әдіс-тәсілдер тізбесі – бұл, сайып келгенде, негізгі бағыттар және соларға сай теориялар, олар, қалай болғанда да, ғылыми таным объектісі ретінде мәтіннің онтологиясын түсіндіруге жол ашады. Олардың бірін-бірі жоққа шығармайтыны анық, өйткені мәтін сияқты күрделі құбылысты бір ғана схемамен немесе қандай да бір парадигма аясында сипаттау мүмкін емес. Лингвистиканың қысқа тарихында мәтіннің әр түрлі қырлары «басымдыққа ие» болып отырған, өйткені солардың біреуін ғана ерекше, дербес мәтіндік санат ретінде белгілеуге ынта танытушылық қалыптасқан еді. Осылайша, мәтін дегеніміз адам өзінің когнитивтік және тілдік қабілеттеріне байланысты жүзеге асыратын сөйлеу-ойлау қызметінің қорытындысы және сол ретінде дискурстың нәтижесі болады. Мәтінге когнитивтік-дискурстық көзқарас оның көп жоспарлылығын және көп қырлылығын ескереді, сонымен қатар мәтінді тілдік дерек ретінде шығарумен байланысты күрделі ментальды процестерді нақты елестету мен түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да мынадай нәрсе айқындалады: жаппай қамтитын, әмбебап мәтінді құрастырмас бұрын (бұған әлі қол жеткізіле қойған жоқ, өйткені мұндай кез келген үлгі белгілі бір типтегі және жанрдағы мәтінге ғана тән қасиеттер мен параметрлерді көрсетеді) мәтіннің дербес тілдік негізін зерттеу жөніндегі күрделі жұмысты атқару керек, себебі кез келген мәтін – ең алдымен, нақты табиғи тілдің сөйлеу туындысы. Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді алдын ала дербес лингвистикалық талдау қажеттігі туралы Е.В.Падучева былай деп жазған: «Әдебиет теориясын және әдеби сынды мәтінге лингвистикалық талдау жасаусыз қарастыру мүмкін емес – мұндайда, егер де оған дейін қарапайым, бірақ анағұрлым негізделген (объективті) лингвистикалық талдау жүргізілмесе, әдебиеттануды талдау толық болмайды. Мәтінді талдай отырып, ең алдымен оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасына назар аудару керек. Содан соң және соның негізінде одан мағына шығаруға болады, олар, атап айтқанда, әлеуметтік, тарихи, әдеби және басқа да бірқатар контекстерден туындайды». Тілдік талдау аясында қарастыра отырып, оны әр түрлі әлеуметтік-мәдени, философиялық-герменевтикалық және басқа да зерттеулермен ауыстырмай, «оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасын» ашуға, түсінуге және сипаттауға мүмкіндік беретін мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын анықтау мәтін лингвистикасының маңызды міндеттерінің бірі болған және әлі де солай болып қалуда. Ең алдымен тілдік құрылымның белгілі бір сатылық иерархиясының схемасы бойынша мәтіннің мағыналық ұйымдастырылуын зерттеу, басқаша айтқанда, мәтіннің соңғы (терминалдық) құрамдас бөліктерінің, яғни сөйлемдердің мазмұндық жағын зерттеудің негізінде және соның көмегімен құрастыру арқылы мәтінді, оның семантикалық құрылымын талдау мүмкіндігі туралы ойдың туындайтыны анық. Алайда мұндай көзқарас көптеген лингвистер тарапынан келіспеушілік туындатқан және әлі де туындатып отыр: «Мәтін – процестің алынып тасталған сәті, онда объектінің дистинктивті белгілері әрқилы дәрежеде белгіленеді. Ең бастысы, оны лингвистикалық зерттеу назарына жуырда ғана енген жаңа объект ретінде қарастыруымыз керек. Яғни зерделеу әдістері ғана емес, осы объектінің шамалары да тек осы объектіге тән бірліктер ретінде қарастырылуға тиіс». Осыған байланысты, Т.В.Булыгинаның «мәтіндегі сөйлемдер үйлесімділігінің кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, мәтін, меніңше, оны құрайтын сөйлемдер қасиеттерінің жиынтығынан асып түсетін ерекше құрылым қалыптастырмайды» деген пікірін қате деп есептеймін» - деп жазған И.Р.Гальперин. Осындай тұжырымды Даскал мен Маргалит те ұстанған. Олар «мәтін теориясын құру қажет емес және сөйлем грамматикасы, егер ол «толық әзірленген болса», мәтіннің барлық құбылыстарын сипаттай алады» деген. Мәтінге қатысты мұндай көзқарас сөйлем құрылымы мен мәтін құрылымының изоморфизміне тоқталады, бұл жөнсіз сияқты, себебі, біртұтас нәрсе және оның бөліктері теңдестірілмейді және мәтін тек сөйлемдер «қасиеттерінің жиынтығы» ғана болмайды. Кез келген байланысқан және тұтас сөйлеу туындысын (ауызша немесе жазбаша) екіжақты (адекватты) түрде қаншалықты дәрежеде сипаттау мәтін санатының таксономиясы туралы мәселені шешіп алмайынша мүмкін емес және ол, әдетте, объектіге байланысты қарастырылады. Зерттеуші оны қорыту және қорытындылар жасау үшін анағұрлым толық әрі презентабельді мәселе ретінде тұжырымдайды. Алайда мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын онда тілдің барлық бірліктерінің өзара байланысты жұмыс істеуіне орай айқындау қиынға түседі. Сол себепті көптеген авторлар мәтінді сипаттау кезінде басқа деңгейлердегі бірліктерге қатыстылығы бойынша пайдаланылатын санаттарға сүйенеді. Мәселен, лингвистердің бір тобы мәтінде вербальды, синтаксистік деңгейлер сияқты өлшемдерді (параметрлерді); басқалары – тақырып, фокус, байланыс сияқты санаттарды; үшінші біреулері – позициялық, темпоральдық өлшемдерді, негізді және тағы басқаларын атап көрсетеді. Алайда, мәтіннің осы және осы сияқты конституэнттері (санаттары) тілден мүлдем шығарылып, оның коммуникативтік өлшемдерін толығымен сипаттайды. Бұл ретте мәтін тіл туралы жаһандық теориялық ілімде пайдаланылатын жалпы лингвистикалық, эпистемологиялық санаттар тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Мәселен, мәтіннің санаттары ретінде мазмұн, мән және мағына ұғымдарының аражігі сияқты белгілі әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік туады. «Мазмұн мәтінге қатысты «мағына» және «мән» ұғымдарынан айырмашылығы бар өзінің терминологиялық қолданылуына ие болады. Мазмұнды мәтін грамматикасының термині сияқты жалпы мәтінге енгізілген ақпарат ретінде; мағынаны – сөйлемдегі немесе жоғары фразалық бірліктегі хабарлама ретінде; мәнді морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік құрылымдар ретінде ғана қарастырамыз». Мәтін мазмұнының санаттары мәтін теориясында ғана емес, жалпы лингвистикадағы қарама-қайшылығы басым әрі күрделі санаттар болып табылады. Сонымен қатар бұл санаттар өздерінің мәтінде атқаратын функциялары бойынша әр түрлі болады және мазмұны жағынан нақты емес, олар зерттеуші пайдаланатын таксономиялық аппаратқа байланысты топтастырылуы мүмкін. Мәселен, еске салу, контраст, белгілеу (көрсету), нақтылық/белгісіздік сияқты және басқа да санаттарды айқындау арқылы Т.М.Николаева былай деп жазады: «Сызықтық грамматиканың (мәтіннің грамматикасы – В.Л.) мазмұндық санаттары туралы сөз қозғай отырып, олардың екі топқа бөлінетіні туралы атап көрсеткен жөн, олар: 1) пікірдің жекелеген элементіне, сөз тіркесіне немесе сөзге қатысты мағыналық компоненттер және 2) жалпы пікірге қатысты мағыналық компоненттер». Алайда лингвистер көрсететін мәтіннің мазмұндық санаттарының тізбесі тым ауқымды әрі ең бастысы, оларды бір жүйеге келтіру өте қиын. Бұл жерде Т.М.Николаевамен келісу керек сияқты, ол Р.Харвергтің тұжырымына сүйене отырып, былай деп жазады: «Қазіргі кезде сызықтық грамматиканың ең аз мазмұндық бірліктерінің толық тізбесін жасау мүлдем мүмкін емес сияқты – мәтіннің лингвистикасын құру үшін кемінде жүздеген жылдар қажет деген болжам бекер айтылмаған». Мәтін семантикасының қандай да бір санатын тұжырымдамас бұрын, мәтіннің мазмұндық компоненттерін талдау мен сипаттау кезінде пайдаланылатын бастапқы ұғымдардың ерекшеліктерін анықтау қажет сияқты. Бұл жерде мәтіннің «мазмұны», «мәні», «мағынасы» сияқты санаттар және соларға сай терминдер туралы. И.Р.Гальперин «мән» терминін морфемалар, сөздер және сөз тіркестері үшін, «мағына» терминін сөйлемдер мен сөйлемдер тіркесі, яғни жоғары фразалық бірліктер үшін, ал «мазмұн» терминін бүкіл мәтін немесе оның анағұрлым аяқталған бөлігі үшін қолданса, мәтінге қатысты дискурс өнімі ретінде «мазмұн» термині деп тыңдаушы (оқырман) тарапынан қабылдау мен түсінуге арналған мұндай оқиға қатары туралы ақпаратты беру мақсатында айтушының (жазушының) ойы мен интенциясына сәйкес құрастырылатын оқиға қатарын (нақты, ойдан шығарылған немесе ой қозғайтын) түсіну керек деп есептейміз. Әдебиеттануда бұл терминге қандай да бір дәрежеде фабула, сюжет ұғымдары сай келеді. Мәтін лингвистикасы тұрғысынан мазмұн санаты мәтін семантикасының пропозиционалдық қырын ашып көрсетеді. «Мән» және «мағына» терминдерін мәтінге қатысты компоненттік және жоғары мәтіндік (мәтін алды немесе метамәтіндік) сипаттардың семантикалық санаттары ретінде түсінген жөн. «Мәннің» «мазмұнға» арақатынасы жекенің жалпыға арақатынасы сияқты, бұл ретте жалпыны (тұтасты) жекелердің жиынтығы деп есептемеу керек (салыстыру ретінде – мағыналар жиынтығын емес, жаңа мағыналар беретін мағыналарды қосу ережелері туралы Л.В.Щербаның ережесі) және өз кезегінде, жекені (бөлекті) жалпымен ауыстыруға болмайды. Бұл мәтін мағынасы дегеніміздің реципиент білімінің жалпы фонымен, оның ментальдығымен әрі әлеуметтік-тарихи және мәдени-танымдық көзқарастар (Кубрякова Е.С) корпусымен тікелей байланысты болатын мәтінді түсіну санаты екенін куәландырады: «... мәтін – тіл туралы және әлем туралы қандай да бір қарапайым мәліметтерді білетін адамдардың солардың негізінде мейлінше дұрыс қорытынды жасауы. Сондықтан да қорытынды білімнің инференциясы (ширығуы) процестеріне жүгінусіз ешбір мәтінді және дискурсты зерттеу мүмкін емес. Кез келген тілдік нысан, әсіресе мәтін өз құрамындағы нәрсе жөнінде ғана емес, сондай-ақ семантикалық қорытындылауға – инференттік тип бойынша қорытындыға жататын нәрсе жөнінде белгі береді. Мәтін сәулелену көзі ретінде, біздің сана-сезімімізде көптеген ассоцациялар мен когнитивтік құрылымдардың ширығу көзі ретінде орын алады (қарапайым фреймдерден аса күрделі ментальдық кеңістіктер мен ықтимал әлемдерге дейін)». Осылайша мағына дегеніміз – реципиент мәтін мазмұнынан «оқып алатын» компонент, сондықтан да ол көптеген жағдайларда жеке-дара сипатта болады. Бұл кейбір лингвистерді (ДиброваЕ.Н) түсінік, ой қорыту, талқылау сияқты ұғымдардың қатаң түрде таратылуын талап етуге мәжбүрлейді: «...зерттеушінің қатысуын – ғылыми түсініктемені және «тереңнен ойлайтын» оқырманды – мәтінді эстетикалық тұрғыдан қабылдаушыны ажырата білу керек, олардың әрқайсысы өзінің ұғымдық жүйесінде жұмыс істейді, ал терең мағынаны ашу солардың ортақ негіздемесі болып табылады. Яғни түсінік, ой қорыту және талқылау – эмоционалдық-ментальдық көкжиектің әр түрлі типтері және тиісінше автор мен оқырманның күшті-әлсіз (түсінік) және күшті-күшті (ой қорыту мен талқылау) өзара іс-әрекетімен байланысты болады. Өзара іс-әрекет типтері оқырманның қабылдау және әлеуметтік-мәдени деңгейі қабілеттерімен айқындалады, бұл ретте автор – күшті әлеуметтік-мәдени тұлға». Күшті әлеуметтік-мәдени тұлға ретінде автор, сондай-ақ мәтінді «жарыққа шығарғаннан» кейін шеттетілген тұлға болып қалады, себебі мәтін (ең алдымен жазбаша түрде ұсынылған) әрқилы оқылып, әр түрлі интерпретацияға ұшырап, тіптен түсінілмей, жеке өмір сүре береді. Түрлі мәдениеттер мен цивилизациялар тарихында мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Бұл жерде табиғатына қарай бастапқыдан реципиенттер тарапынан біркелкі қабылдауды көздемейтін мәтіндер туралы (көркем, әсіресе поэтикалық мәтіндер, юмористикалық сипаттағы мәтіндер және т.б.) ғана емес, сондай-ақ өз мақсаты бойынша мазмұн мен мағынаны мәтіннің авторы немесе авторлары көздегеннен басқаша түсіну мүмкіндігін болдырмайтын аса жоғары дәрежедегі эксплициттік көздейтін мәтіндер (ғылыми, іскерлік, құқықтық және т.б.) туралы сөз қозғалып отыр. Мұндай жағдай өзара қатаң байланысы жоқ барлық тілдік белгілер табиғатына тән нәрсе. «Белгі мен оның мағынасы арасындағы қатынас шартты, конвенционалды деген түсінік бар. Н.И.Жинкиннің жануарлар тілі мен адам сөздерін салыстырмалы талдау нәтижесінде алынған деректері «тілдік белгі құрылымында элементтер қатаң байланыспаған» деп тұжырымдауға негіз береді. Бұл – еркін, жылжымалы, динамикалық арақатынас. Адамның тілдік жүйесінде белгі мен мағына арасындағы байланыс ақпараттық сипатта болса, жануарларда белгі мен жағдай мықты ассоциативтік тұрғыдан байланысқан. Бұл тілдің белгілерді комбинациялау сияқты негізгі қасиетін айқындайды, ол жаңа ақпараттың туындауынан негіз алады. Комбинациялау белгі мен оның мағынасының арасында қатаң элементтік тәуелдіктің болмауына негізделеді. Осының салдарынан бір ғана белгі әр түрлі заттарды белгілеу үшін пайдаланылады, ал нақты затты тілдік айқындаудың әр түрлі тәсілдері болуы мүмкін» Қарастырылып отырған өзара қолданыста болатын әр түрлі деңгейдегі тіл бірліктерін сәйкестендіру проблемасына байланысты Н.И.Жинкиннің пікірі қызығушылық туғызады. Оны мағынасы түсінікті болу үшін ешбір қысқартусыз толық беріп отырмыз: «Автор (В.А.Звегинцев) тілдік бірліктер иерархиясы төмен деңгейдегі бірліктерді жоғарыда сәйкестендіру сияқты тіл деңгейлері арасындағы өзара байланысты көздейді деген қалысқан пікірді негізге алады. Жоғары деңгейдегі бірліктердің одан төмен деңгейдегі бірліктерден құралуы әрдайым сызықтық негізде жүргізіледі...». Анықтама бойынша лингвистикалық бірліктерді сәйкестендіру ережесіне қатысты қолдануға болмайды және сызықтық принципінен ауытқитын нәрселер тілден тыс болуға тиіс. «Сөйлем лингвистикалық бірліктерді сәйкестендіру ережесін бұзатын болса, ол лингвистикалық заңдардың қатаңдығы бойынша тілден үзілді-кесілді шығарылуға тиіс» - дейді В.А.Звегинцев...». Осы мәселе бойынша В.А.Звегинцевтің көзқарасы өзі интерпретациялаған Э.Бенвенисттің пікірімен ұштасады. Э.Бенвенисттің пікірінше, сөйлем – бөліктер жиынтығынан құралмайтын тұтас нәрсе, осы тұтас нәрсеге тән мағына компоненттердің бүкіл жиынтығына бөлінеді. Сөйлем тек бір ғана синтагматикалық жазықтықта қарастырылады, бұл сөйлемдерді нақты белгілері бар айрықша деңгей ретінде бөлуге мүмкіндік бермейді. Бұған қол жеткізу үшін сөйлемдерге де басқа деңгейлердегі бірліктерге қойылатын шарттарды қою керек. Басқаша айтқанда, солар үшін тек қана синтагматикалық емес, парадигматикалық арақатынастар белгілеу қажет. Бұл дегеніміз, сөйлемдер үшін соларды сәйкестердіру мүмкіндігі болатын аса жоғары деңгейді қарастырған жөн». Осылайша, сөйлемге қарағанда сөйлеу-ойлау қызметінің соңғы өнімі ретінде қарастырылатын мәтін семантикалық тұрғыдан өз ішінде шектеліп қалады, яғни тілдік жүйеде өзінің семантикалық белгісіздігін жоюға ықпал етуі ықтимал болатын өз «сюзеренін» таппайды. Лингвистикалық тұрғыдан алғанда, мәтіннің семантикасы – принципті танымсыздық саласы, одан мынадай тұжырым шығады: мәтін тіл бірлігі болып танылмайды. Мұндай жағдай лингвистерді семантикасы өз ішінде шектелмейтін мәтіннің құрамдас бөліктерін іздестіруге мәжбүр етеді (салыстырма, күрделі синтаксистік тұтастық, жоғары фразалық бірлік, прозалық жол, азат жол және тағы сол сияқты ұғымдар, бұлар тіл бірліктері рөліне негізделуі мүмкін). Мәтін семантикасын ұйымдастырудың диффуздық сипатына және оны жеке лингвистикалық санаттар шегінде сипаттаудың мүмкін болмауына байланысты тілдік пайымдаулар мен ұғымдар аясындағы жеткілікті әрі экспликацияға берілетін құрылымдық (сызықтық) бірліктерді белгілеу мәселесі туындайды. Ең алдымен, мұндай бірлік рөлін сөйлемге қарағанда одан ірі және жалпы мәтін құрамында өзінің семантикалық араласуын (диффуздығын) бейтараптандыруға қабілетті бірлік ретінде жоғары фразалық бірлік (ЖФБ) атқаруы мүмкін. Яғни нақты қандай да бір мәтін өзінің көлемі мен мазмұны бойынша ЖФБ-мен үйлеседі деп топшылануы мүмкін. Мұндай жағдайда жеке лингвистикалық талдау осындай мәтінді ЖФБ сияқты сәйкестендіруді көздейді. Осылайша мәтіннің дәрежесін «төмендету» - зерттелетін материалды сипаттаудың объективті болуы мен қарама-қайшы келмеуіне жағдай туғызуды айқындайтын ғылыми фикция және мақсатты қажеттілік. ЖФБ ұғымы жалпы мәтінді семантикалық талдаудың ықтимал қадамдары мен сатыларын белгілі бір дәрежеде құруға көмегін тигізеді. Алайда мәтіннің мазмұндық жағы туралы біліміміздің деңгейі ескеріле отырып, мәтін лингвистикасына мұндай жаһандық міндет әзірше қойылмай отыр. Ол, жоғарыда атап көрсетілгендей, пәнаралық ізденістер деңгейінде, яғни дискурстық талдау деңгейінде шешілуі мүмкін. Мәтін семантикасының эпистемологиялық жағына қатысы бар тұжырымдамалық әдіс-тәсілдер негізінде мәтінге қатысты мән, мазмұн және мағына сияқты ұғымдардың аражігін ажыратуға болады. Сонымен қатар бұл санаттар негізгі санатты нақтылай түсетін аралас санаттар жиынтығын құрай отырып, қажетті түсіндіру қабілетіне ие болады. Мәселен, тақырып, кіші тақырып, субкішітақырып, шағын тақырып сияқты ұғымдарды, яғни мәтіннің топикальдық деп аталатын қасиетін көрсететін ұғымдарды пайдаланусыз мәтіннің мазмұнын зерттеу мүмкін емес. Табиғатына қарай тақырып – ашылатын оқиға қатарының, яғни мәтін мазмұнының бағытын айқындайтын ментальдық құрылым. Ол мәтін авторының санасында вербальдана бермейді, мәтін атауының жиі өзгеріске ұшырауы, сондай-ақ мәтінді ешбір атаусыз ұсыну осыны куәландырады. Алайда зерттеуші мәтіннің мазмұнын талдау кезінде тақырыпты, кіші тақырыптарды, субкіші тақырыптарды айқындауға, оларды мәтінді ашудың сызықтық сипатына сәйкес логикалық тұрғыдан байланысқан қатарға қоюға мәжбүр болады. Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: Оразалиева Э. Когнитивтш лингвистика: кальштасуы мен дамуы. Монография. •чАлматы, 2007. -312 б. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. -Минск, 2004. -256 с. Жубанов Ц, К^азак тип женшдеп зерттеулер. - Алматы: Гылым, 1999.-581 б. Аманжолов С. Казак тип теорнясыньщ непздер1. ~ Алматы: Гылым, 2002. - 368 б. Жаманбаева К. Тш колданысыньщ кошнтгштк иепздерх: эмоция, символ, тшдок сана. -Алматы: Гылым, 1998.-140 б. Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. Изд-м« второе. -Алматы, 1996.-207 с. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. -М., 1993. - 656 с. Краткий словарь когнитивных терминов. //Под общей ред. Е.С.Кубряковой. -М., 1996 -345. 0м1рбекова А.Б. Ковдехшлж к^ылымдардьщ поэтикалык мэтшдеп вербалдану ерскшелш (М.Макдтаев прэзиясы бойынша). Канд.дис. авторефераты. -Алматы, 2006. - 30 б. Уорд Б. Л. Отношение норм поведения и мышления к языку. Новое в лингвистике. Вып. I — М. 1980. 60 с. Дни илси ко В.П. Языковая картина мира в гипотезе Сепира-Уорфа. -М., 1999. - 120 с. Серебренников БА. Язык и мышление. -М.: Наука, 1988,254 с. Ислам А. Ұлттык мәдениет копгекешдеп дүниенің тщдце суреті (салыстырмалы- ио'Шрмалы лингвомәдени сараптама). Фил.ғыл. докт ...дис. -Алматы, 2004. -324 б. Бинилуллима А.А. Основы моделирования языковой картины мира. —Алматы, 2004. 6. Байтұрсынов А Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1992. - 264 б. Аймауытулы Ж. Жан жуйес1 мен онер тандау. -Алматы: Жалыи, 1993. Жұмабаев М. Психология. -Алматы, 1993, 269 б. Леонтьев АА. Основы психолингвистики. -М.: Высш. шк., 1997.-270 с. Леоитьев А. А. Язык, речь, языковая деятельность. -М.: Просвещение, 1969.-214 с. К.Жинкин Н.И. Речь как проводник информаций. -М.: Наука, 1982. -160 с.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 3942 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]