Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (27.3Kb) ] 09.11.2013, 01:05

ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы

 

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы-шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофиндер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Орыс философтарының (Н.О.Лосскнй, С.Л.Франк, Н.Бердяев) дәни-философиялық ізденістері. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселдемесі.        

Орыс дін философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.

 

Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған.

Орыс мәдениеті өзі үшін ыңғайлы жағдайды, сонымен қатар, бұзылуды да зорлық ықпалды да басынан кешірген. Соған қарамастан өзіндік реңі, келбеті бар мәдениетті жасай алған, оны не батыстық, не шығыстық типке бірден жатқызу қиын.

Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.

Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.

Бесіншіден, орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды.

Орыс философиясының дамуында мынадай ерекше тарихи кезеңдер болған.

1 кезең – Ресей философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуы – XI-XVII ғасырлар.

2 кезең – орыстың қайта өркендеу философиясы – XVIII-XIX ғасырлардың басы.

3 кезең – XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы философия

4 кезең – кеңес дәуіріндегі орыс философиясы

Орыс философиясы батыста қалыптасқан эмпиризм, рационализм, идеализм сияқты философиялық ағымдар ықпалынан тыс өзіндік жолмен ерекше сипатта дамыған. Сондықтан оның мағыналық жүйесінде батыс адамына түсініксіз кейбір мәселелер де кездесіп отырады.

Орыс философиясына мынадай ерекшеліктер тән:

-                    діни ықпалдың, әсіресе православие ықпалының молдығы;

-                    философиялық ойлар мен ізденістердің көркем шығармашылық, әдеби сын, публицистика, өнер түрінде берілуі;

-                    біртұтастық, яғни орыс ойшылдарының бәрлігі дерлік жеке проблемамен емес, өзекті мәселелердің кешенді жүйесімен айналысқан;

-                    мораль және адамгершілік мәселелерінің үлкен маңызы;

-                    нақты;

-                    көп адамдарға таныстығы.

Орыс философиясының пәнінің негізін қалаған мәселелер:

-                    адам мәселелері;

-                    ғарыштық (ғарышты біртұтас бірыңғай  организм ретінде қабылдау);

-                    Шығыс пен Батыс арасындағы Ресейдің өзіндік тарихи даму жолын таңдау мәселесі;

-                    билік мәселесі;

-                    мемлекет мәселесі;

-                    әлеуметтік әділеттілік мәселесі;

-                    идеалды қоғам мәселесі;

-                    болашақ мәселесі.

Орыс философиясының алғашқы дәуірі IX – XIII ғасырларды қамтиды. Оның негізгі мәселелері:

-                    моральдық және адамгершілік ұстанымдар;

-                    христиандық дінді түсіндіру, оны пұтқа табынушылықпен, байланыстыру;

-                    мемлекет, құқық, табиғат мәселелері.

Бұл дәуірде философияны дамытқан көрнекті өкілдер – Иларион, В.Мономах, Климент Смолятич, Филипп Пустынник.

Иларион «Ізгілік пен Заң туралы сөз» деген еңбегінде христиандық сенім, оның Ресейдің тарихындағы маңызын жан – жақты қарастыра отырып, қасиетті дүние құдыретінің сәулесін асқақтату және орыс жерінің қоғамдық - әлемдік процеске қосылғандығының тарихи – құдайлық идеясын дамытады.

Владимир Мономах ізгілік пен зұлымдық, ерлік, адалдық, тұрақтылық сияқты моральдық сұрақтарды талдап, кейінгі ұрпаққа өмір сүру кодексін ұсынады.

XIII – XVII ғасырларды орыс философиясында орыс руханилығын сақтау, қорғау, мемлекет құрылымы, таным мәселелері зерттелді. Бұл дәуірде Сергий Радонежский (XIV ғ.), Философий (XVI ғ.), Максимилиан Грек (1475 - 1556), Андрей Курбский (1528-1583), Нил Сорский, Юрий Крижанич (XVII) сияқты ойшылдар өмір сүрді. Осы уақытта «Мосвка – үшінші Рим» идеясы және шіркеуді жетілдіру, дін мен адамгершілік ұстанымдардың өзара қарым – қатынасы мәселелері зерттелген.

XVIII ғасырда орыс философиясы екі негізгі бағытта дамыған:

- Петр реформаларының дәуіріндегі философтар;

- XVIII ғасырдың ортасындағы және екінші жартысындағы философия.

Бірінші бағыттағы Феофан Прокопович, В.Н.Гатищев, А.Д.Кантемир дамытты. Олардың философиясы әлеуметтік – саяси сипатта өрбіді, өйткені аталған ойшылдар монархия құрылысының сұрақтары, император билігі, құқығы, соғыс пен бейбітшілік сияқты әлеуметтік – саяси мәселелерге көңіл бөлді.

Материалистік философияны М.В. Ломоносов, А.Н.Радищев дамытты.

М.В.Ломоносов Ресейдегі материалистік дәстүрдің негізін қалады. Ол заттардың атомистикалық, корпускулярдық құрылымы туралы гипотеза ұсынды. Өзінің шығармаларында этикаға, мораль, адамгершілік мәселелеріне көп назар аударды.

А.Н.Радищев болмысты материалистік тұрғыдан негіздеумен қатар әлеуметтік – саяси сұрақтарды қамтыды. Халық билігі үшін күресіп, қарапайым адамның саяси, құқықтық азаттығын түсіндіретін, ақтайтын озық идеялар ұсынды.

XIX ғасырда декабристер, анархистер, революциялық демократтар,  теологиялық, атеистік, ғарыштық қозғалыстар кеңінен өріс алды.

Декабристердің философиялық көзқарастары П.Пестель, Н.Муравьев, И.Якушкин, М.Лунин, И.Киреевский шығармашылығында көрініс тапты.

Декабристер философиясы әлеуметтік саяси мәселелерге көңіл бөлді. Оның өзекті идеялары мыналар:

- табиғи құқық приоритеті;

- Ресей үшін құқықтық құрылымның қажеттілігі;

- крепостнойлық құқықтың жойылуы, жердің оның шын иесіне берілуі;

- адамның жеке бостандығы.

П.Я Чаадаев (1974-1856) тарих философиясын дамытты. Оны адам және қоғам философиясы қызықтырды.

Чаадаевтың пікірінше, адам - материалдық және рухани субстанцияның бірлігі. Адам өзін тек ұжымда ғана адам ретінде сезіне алады. Туғанынан өмірінің соңына дейін ұжымда өмір сүретін болғандықтан, адам онда тұлға ретінде өсіп жетіледі. Ұжымдық өмір - адамның басқа тіршілік иелерінен ең негізгі айырмашылығы. Чаадаев  менмен жекешіл эгоизмнің барлық түріне қарсы шықты.

Ойшылдың пікірінше, тарихи процесс құдайдың көріп келдігіне сүйенеді. Құдай еркінің шынайы көрінісі – христиандық дін.

Христиандық дін – тарихтың өзегі, қозғаушы күші.

«Философиялық хаттар» деген еңбегінде П.Я.Чаадаев Ресейдің тағдыры туралы сөз қозғайды. Оның пікірінше, Ресей әлемдік тарихи процестен қол үзіп, сыртта қалды. Бұл, әрине, жақсы үрдіс емес. Батыс мәдениетінің құндылықтарына көңіл аудара отырып, сонымен қатар, өзіндік тарихи дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтау арқылы Ресей бүкіл адамзаттық өркениеттен мәртебелі орын алуы тиіс.

Географиялық фактор халық пен мемлекеттің тағдыры мен тарихына әсер етеді. Ойшыл Ресейдегі орталық биліктің диктатын, крепостнойлық құқықтың болуын, патша өкіметінің шектен тыс деспоттық сипатын ұшы – қиыры жоқ үлкен территориясының ықпалымен түсіндіруге болады деп ойлады.

Ресейдің тарихи жолын таңдауы мәселесімен батысшылдар мен славяншылдар айналысты.

Батысшылдар өкілі – А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, В.Г.Белинский. Олардың пікірінше, басқа өркениеттен тыс Ресейдің өзіндік жолы жоқ. Ресей әлемдік өркениеттің даму қарқынына ілесе алмай артта қалған.

Ресей үшін батыс құндылықтарын игеріп, қалыпты өркениетті елге айналуы өте маңызды.

Батысшылдар сол уақыттағы батыс философиясындағы материализм, эмпиризм дәстүрлерін меңгеріп, оны орыс философиясына енгізуге тырысты. 1848 жылы Европа елдеріндегі революцияның ықпалымен батысшылдар екі топқа бөлініп кетеді: орта  либералдар – Л.В.Анненков, В.Л.Боткин, Г.Н.Грановский, К.Д.Кавелин және революциялық демократтар – В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.П.Огарев.

Батысшылдардың қарсыластары славяншылдар болды. Олардың қатарына А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н:Островский, К.С. және И.С.Аксаковтар жатады.

Славяншылдардың пікірінше, Ресейдің тарихи болмысының негізін православие мен қауымдық өмір салты құрайды. Орыс халқы өзінің ділі жағынан батыс адамдарына мүлдем ұқсамайды. Орыстар әулиелікті, соборлылықты, діншілдік, ұжымшылдықты құрметтейді, оларға батыстық эгоизм мен бәсекешілдік мүлдем жат.

XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия дамыды. Оның негізгі мақсаты – сол кездегі қоғамдық саяси және адамгершілік ахуалды сақтап қалу және оған қарсы топтарды сынау. Идеялық кредосы – православие, патша өкіметі және халықтық. Осы құндылықтарды дәріптеу және негіздеу – Н.Ф. Федоров және К.Н.Леонтьевтің бастапқы ұстанымы болған.

Федоровтың пікірінше, әлем біртұтас. Табиғат, Құдай, Адам бір – бірімен ерік және ақылдың күшімен өзара байланысқан біртұтастық. Олар бір – біріне әсер етеді, энергия алмасады.

Адам өмірі қысқа, өлім – үлкен қасірет. Адам баласы осы үлкен кесепатты, яғни өлімді жеңу үшін бірігуі қажет. Федоров осындай болашаққа сенді. Оның ойынша, ғылым мен техниканың дамуы арқасында адам өз өмірін ұзарта алады, немесе қайтадан тіріле алады. Қайтадан тірілуге үмітті құдайдың өзі сыйлаған. Н.Федоров адамдардың арасындағы дөрекілікке, жауласушылыққа қарсы шықты. Адамгершіліктің жоғары ұстанымдарын игеруге шақырды. Барлық адамдардың адамгершілік нормаларын бұлжытпай орындауы, олардың бәрін бақытты етеді деп ойлады.

Н.Федоров өзінің ілімін өз өмірінен бөліп қарамайды, өте жұпыны қарапайым өмір сүрді, кез келген меншікті күнә деп есептегендіктен идеялары мен кітаптарын да жарияламаған.

Н.Федоров қайтыс болғаннан кейін оның шәкірттері еңбектерінің таңдамалы бөліктерін «Жалпы іс философиясы» деген айдармен басып шығарған.

Орыс философиясының діни бағытының тағы да бір көрнекті өкілі – К.Н.Леонтьев. Философ орыс өмірінің жағымсыз жақтарын өткір сынаған. Ресейде дами бастаған капиталистік қатынастарды сынап, Ресей оқшауланған православиелік – христиандық орталық болуы қажет деп есептеген.

К.Н.Леонтьев тарихи процесті адам өмірімен салыстырған. Адам өмірі сияқты оның да туу, даму,өркендеу және құрдымға кету кезеңдері болады. Мемлекеттің сақталуының кепілі – ішкі деспотиялық бірлігі. Мемлекетті сақтаудың мақсаты - күш пен әділетсіздіктің, құлдықтың болуы.

Леонтьевтің пікірінше, адамдар арасындағы теңсіздік Құдайдың  тілегі, сондықтан ол табиғи және орынды.

Орыстың атақты жазушылары Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстой діни философияны дамытты.

Ф.М.Достоевский (1821-1881) Ресейдің болашағын капитализм және социализммен байланыстырған жоқ, Ресей өзінің дамуында ұлттық негізге, яғни дәстүр мен салтқа сүйенуі қажет. Адамның да, мемлекеттің де тағдырында дін ерекше роль атқарады. Адамның рухани дамуы дінге негізделген. Ф.М.Достоевский адам өмірінің екі вариантын ұсынған. Біріншісі – адам абсолютті еркіндікте, ешқандай беделді, тіпті Құдайды да мойындамайды. Өзінің  ойына не келсе, соны істеп, өзін Құдайдай сезінеді. Ойшылдың пікірінше, бұл өте қауіпті жол. Ол адамның өзіне де, айналасындағыларға қатер төндіреді.

Екіншісі – барлық іс - әрекетінде, бастауларында, Құдайға сену, оған сүйену. Бұл адамға қажетті жол, дұрыс жол, оны қорғайтын жол.

Л.Н.Толстой (1828-1910) өзіндік ерекшелігі бар діни – философиялық ілімде жасады.

Толстойшылдықтың мәнісі мынада:

- көптеген діни догматтар сынға ұшырап, жойылуы қажет.

- дін қарапайым, әлі әркімге түсінікті болуы керек;

- құдай, дін – бұл игілік, махаббат, ақыл және ұждан;

- өмірдің мәні - өзін өзі жетілдіру;

- жер бетіндегі негізгі зұлымдық - өлім және күш қолдану;

- кез келген мәселені шешудің негізгі құралы ретінде күш қолдануда бас тарту;

- адамның тәртібінің негізі – зұлымдыққа қарсы болмау;

- мемлекет – күш қолдану аппараты, оны құрту қажет.

Өзінің осындай философиялық – діни көзқарастары үшін Л.Н.Толстой анафемаға, яғни шіркеуден аластатуға ұшыраған.

Орыс философиясының революциялық – демократизм бағытының негізгі өкілдері – Н.Г.Чернышевский, халықшылдар – Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров, Л.И.Ткачев, анархист П.Кропоткин, марксист Г.В.Плеханов.

Бұлардың бәрінің ортақ сипаты - көзқарастарының әлеуметтік – саяси бағыты.

Осы ойшылдардың бәрі сол уақытта қоғамдық – саяси тәртіпке қарсы болды, бірақ Ресейдің болашағы туралы әр түрлі ұстанымдар ұсынды.

Н.Г. Чернышевский аграрлы  Ресейге қайта оралуды ұсынды, яғни жеке еркіндік пен қауымдық өмірді дамыту, қажет деп есептеді.

Халықшылдар капитализмді басып өтіп, тікелей социализмге өтуді ұсынды. Бұл үшін барлық тәсілдерді, тіпті террорды да пайдалану қажеттігін ескертті.

Анархистер мемлекетті сақтау қажет емес деген пікірді айтты.

Марксистер Ресейдің болашағын қоғамдық меншікке негізделген социализммен байланыстырды.

XIX ғасырдың философиялық дамуы либералды бағытпен аяқталады. Оның көрнекті өкілі В.С.Соловьев (1853-1900).

Оның негізгі философиялық идеялары:

- бүкіл бірлік идеясы – материалдық және рухани болмыстың бірігуі мен үйлесуі;

- адам өмірінің бастапқы қыры адамгершілік, оның төменгі деңгейі – құқық, жоғарғы деңгейі – сүйіспеншілік;

- барлық ұрпақтардың өзара байланысына негізделген прогресс идеясы;

- игіліктің көрінісі болатын Құдай идеясы;

- өмір жолы құдай, адамгерішілік, игілік құндылықтарына құрылған «құдайдан адам идеясы»;

- жалпы Құдай даналығы – София идеясы;

-  «Қасиетті Русь» (Москва – Үшінші Рим), «Ұлы Русь» (1 Петр реформалары) және «Еркін Русь» (Пушкин мен декабристер рухы) идеяларынан құралған біртұтас орыс идеясы.

Ресейде XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында діни, ғарыштық, жаратылыстану – ғылыми, кеңестік және шетелдік орыс философиясы сияқты көрнекті бағыттар дамыды.

XX ғасырдың 90 жылдары мен XX ғасырдың 10 жылдары аралығын орыс мәдениетінің «алтын ғасыр» деп бағалайды. Бұл уақытта орыс әдебиеті, өнері, философиясы жақсы қарқынмен өрістеген. Осы уақыттағы діни философияның өкілдері – С.Н.Булгаков, ағайынды Трубецкийлар, П.А.Флоренский, С.Л.Франк.

С.Н.Булгаков (1871-1944) барлық христиан шіркеулерін біріктіретін «экуменикалық» шіркеу құруды ұсынды. Марксизм идеяларымен танысып, оны аграрлы Ресейге жарамайтынын ескертті. Қоғамдық прогресс пен әлеуметтік идеал мәселелерін діни – метафизикалық жолмен табуға болады деп есептеп, В.С.Соловьевтің бүкіл бірлік философиясына бет бұрыс жасады.

Л.А.Флоренский әлемнің бірлігін мойындаған, софиология ілімін жасады. София – ғарыш болмысының үйлесуі мен бүтіндігі. Ғарышты тірі бүтіндік деп қарастырып, барлығы бірінде, бірі – барлығында өмір сүреді деп пікір қорытқан.

Жаратылыстану – ғылыми философия И.М.Сеченов, Д.И.Менделеев, М.М.Ковалевский, Х.А.Тимирязев шығармашылығында өрбіді.

Материалистік бағыттың өкілдері – Сеченов, Менделеев, Тимирязев болмысты биология, химия, физика, медицина тұрғысынан зерттейді.

Мечников және Ковалевский қоғамның дамуында географиялық, климаттық, экономикалық факторлардың рөлін анықтауға көңіл бөлді.

XX ғасырдың 20 жылдарынан бастап 90 жылдарға дейін кеңес дәуіріндегі  орыс философиясы дамыды. Оның маңызды үш кезеңін атап өтуге болады.

- 1917 – 30 жылдары ресми марксистік лениндік философия мен бұрынғы тарихи дәстүрлердің арасындағы  пікір – талас дәуірі;

- 30 – 50 жылдары – философия қоғамның ресми идеологиясына айналды;

- 50 – 80 жылдары – кеңес философиясының дербес дами бастау уақыты. Осы тарихи дәуірде кеңес орыс философтары құндылықтар, гносеология, сана, идеалдық, мәдениет, философиялық әдістер мәселесімен айналысты.

Н.И.Бухарин психика, сана мәселесімен, А.Богданов «тектология», яғни жүйелер теориясымен, А.Ф.Лосев адам, тарих, А.Гумилев тарих, этногенез, М.Мамардавшвили мораль, адамгершілік, Б.Лотман қоғам, философия, тарих мәселелерімен айналысты.

Шетелдерде орыс философиясын П.С.Мережковский (1864-1941), Л.Шестов (1866-1938), А.Н.Бердеяв (1874-1938), П.Сорокин (1889-1968) дамытты.

Н.А.Бердяев экзистенциалдық – діни сипаттағы философияны өрбітіп, еркіндік, шығармашылық мәселелерімен айналысты. ОЙшыл өз творчествосында Ресейдің тарихи тағдырына көңіл бөліп, орыс идеясын ұсынды. Ресей батысқа да, шығысқа да ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар қоғам құрып, осы екеуінің арасын жақындастыратын ерекше миссияны орындауы тиіс деп есептеді.

Питирим Сорокин – АҚШ-та өмір сүрген орыс философы. Адам мен қоғам мәселесімен жан – жақты айналыса отырып, батыс әлемі үшін аса маңызды болып есептелінген стратификация және әлеуметтік мобилділік теориясын жасады.

Стратификация – кірісі, кәсібі, ұлты, ықпалына байланысты қоғамның жікке бөлінуі. Қоғамның тұрақтылығының бастапқы кепілі – халықтың әлеуметтік мобилділігі, яғни бір страттан екінші стратқа өту мүмкіндігі.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 8188 | Загрузок: 728 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]