Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Көне Қытай философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:17

Көне Қытай философиясы
       Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі  Қытай және Үнді, Греция және Римде Вавилон мен Египетте мыңдаған жылдар бұрын (2500) пайда болды.
Философияның пайда болуына мүмкіндік берген бірқатар алғы шарттар: ертедегі ғылым, ой қызметінің қол күші жұмысынан бөлінуі, демократия мен еркін азамат топтарының құрылуы. Ертедегі философияның негізгі тақырыбы алғашқы әлемдегі дүниені жаратудағы маңызды негіздеме.
Ежелгі шығыс философиясының дамуна айтарлықтай әсер еткен «азиаттық» өндіріс тәсілі. Философия патриархалдық және консервативтік түрде болды.
Философия мифологиялық түсінікте дүниеге келді, мифологиялық ақпараттарды пайдаланды. Қытай философиясының тарихы да бұдан өзгешеленген жоқ.
      Басқа мемлекеттер секілді, Көне Қытай философиясының да мифологиялық тамыры бар. Ертедегі Қытайда мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттардың арасындағы күрес барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалары (Инь және Ян), табиғи жолы (дао) туралы т. б. қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастады. Үш табиғи байланысты ақиқат – адам, жер, аспан тіркелген.
       “Ши цзин”, “Шу цзин” әдеби-тарихи ескерткіштерде адамдардың еңбек және қоғамдық-тарихи практикасын тікелей жинақтау негізінде пайда болған кейбір философиялық идеяларды кездестіреміз. Көне Қытай философиясының гүлдену кезеңі б.з.д. VI-III ғғ сәйкес келеді. Бұл кезеңді қытай философиясының алтын ғасыры деп атайды. Дәл осы кезеңде «Дао дэ цзин», «Лунь юий», «Мо-цзы», «Мен-цзы», «Чжуан-цзы» философиялық-социологиялық ойдағы шығармалары пайда болды. Дәл осы кезде ұлы ойшылдар Лао-цзы, Конфуций, Мо-цзы, Чжуан-цзы, Снь-цзы өздерінің тұжырымдамалары мен идеялары шықты. Осы уақыт даосизм, конфуцияндық, моизм, легизм, натурфилософ қытай мектептерінің пайда болуымен ерекшеленеді. Олар кейінгі қытай философиясының дамуына үлкен ықпал жасады. Осы кезде қытай философиясының тарихына дәстүрленіп кеткен, қазіргі кезге дейін қолданып жүрген түсініктер мен категориялар, проблемалар қалыптасты.
       Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1.  Философия мен саясаттың тығыз байланысы. Әлеуметтік қайта құруды утопиялық жобада жоспарлау . 
2. Символизм, әмбебаптық мағына беретін графикалық белгілерді, иероглифтерді қолдану /ян, инь/.
3. Философиялық идеялардың генераторы болған жаратылыстану емес, керісінше XIX ғасырға дейін философиялық-ұғымдық ақпарат жаратылыс дамуын анықтап отырды.
4. Мифологиямен тығыз байланыс.
        Көне Қытай философиялық ойлар дамуының негізгі екі кезеңі: философиялық көзқарастың пайда болу кезеңі, ол б.з.д VIII-VI ғғ қамтиды және философиялық ойлардың гүлдену кезеңі - 100 мектептің бақталастық кезеңі, ол б.з.д. VI- III ғғ жатады.
       Көне Қытай философиялық мектептердің алғашқы жіктелуі Сыма Цянның «Ши цзин» - («Тарихи жазбалар») кітабында берілген. Онда алты мектептің аты аталған: «инь және янь ілімін жақтаушылар» (натурфилософтар), мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мектебі» (конфуциандықтар), «моисттер мектебі» (софисттер), «заңшылдар мектебі» (легисттер), «дао және дэ ілімінің жақтаушыларының ілімі» (даосисттер).
       Кейінірек, біздің заманымыздың межесінде, бұл жіктелу тағы төрт «мектептермен» толықтырылды, цзацзя немесе «эклектиктер мектебінен» басқалары, шынында Көне Қытай философиясына қатысы жоқ. Кейбір мектептер мектеп негізін қалаушының қоғамдық қызмет өзгешелігіне байланысты аталған, басқалары-ілімнің негізін қалаушының есімімен аталған, үшіншілері – осы ілімнің басты ұғым принциптеріне байланысты аталған.
       Қытай философиясының  ағымдары мен мектептерін біріктіретін ортақ шығу тегі. Олардың ортақ тамыры - Дао мәдениеті. Олардың арасындағы айырмашылық көзқарас бағдары мен Даоны соңғы қалпына келтіру   әдістермен ерекшеленеді.
Осыдан Қытай философиясының негізіне алынған  ерекшеліктер шығады:
      Қытай философиясы өзінің бастауы мен эволюциясында Дао философиясы болып табылады;
      

Кесте 1.2.1 Көне қытай философиясының негізгі ұғымдары

Ұғымдар    Философиялық мағынасы 
Дао
(Жол)    Космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады.
Инь-Янь    Кең мағынада қарама - қайшылық күштер, екі жақтылық: түнек-жарық, тыныштық-қозғалыс, жер-аспан, өлім-өмір, әйел-еркек 
Жень    Адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік
И    Борыш сезімі, борыш-әділеттілік
Жетілген адамның моральдік принципі
Чжи    Даналық, ақыл, білім, парасат
Сяо    Конфунцияндық этикалық принцип-ізеттілік және үлкенді құрметтеу (ата-ананы құметтеу) 
Тянь    Аспан жоғарғы құдайы күш ретінде «Көкасты» Қытай мемлекетінің синонимі
Ци    Өмірлік жігер, рухани күш, эфир
У-Син    Дүниенің 5 элементі: су, от, ағаш, металл, жер

 
Сызба  1.2.2  Көне қытай философия мектептері

   Көне қытай философия мектептері
 
Сызба  1.2.3  «Ли»


 

 
Ли - әдет-ғұрып тәртіп. Ли – болмаса, мемлекет, тәртіп, тазалық, әілеттілік жоқ.
Конфуций моральдық «алтын ережесі» қоғамдағы адам арасындағы қатынасты былай көрсетеді: «өзіңе тілемейтінді басқаға да тілеме».

 


Сызба  1.2.4

 

«Ізгі адам» адам мынадай қасиетке ие болуы қажет:
1.    Халықты басқару қайырымдылық негізінде («бадао»);
2.    Ең биік білімге ие болу;
3.    Еліне әділ қызмет ету, отанына деген сүйіспеншілік;
4.    Өнегелі болу;
5.    Басқа адамдардың адамгершілік қаситетін жетілдіруіне көмек беруші адам;
6.    Мемлекет пен қоршаған ортаға тек жақсылық жасау;
7.    Өзіне, қарамағындағыларға, бүкіл елге молшылық, ауқаттылықты қамтамассыз етуге қамқор бола білу;
/ «Асыл адам, бекзат адам ілімі». Конфуция/.  

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 2299 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]