Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Дүниетаным және оның құрылымы мен деңгейі реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:15

Дүниетаным және оның құрылымы мен деңгейі. Философияның мәні мен міндеті, оның қоғамдағы орны

Философия  ұғымын зерттеу үшін, ең алдымен, оның нені зерттейтінін, адам мен қоғам өміріндегі орны қандай екенін түсіну керек. Ол тек ғылымдардың бірі ме, әлде ол ғылымнан жоғары нәрсе ме? 
Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл күй мен мақсат мүдденің, үміт пен ниеттің тағы басқа түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдардың жиынтығы деуге болады. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны,    тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Бірнеше ғасырлар бойы ойшылдар дүниетанымдық білімнің бастауы, оның шындық критериі туралы сұрақ қойып келді. Бірақ бұл дүниетанымдық проблема XVIII ғасыр аяғында Германияда айқынырақ қисынға келтірілген. «Дүниетаным» ұғымын енгізген неміс зерттеушісі және философ Кант: «егер адамға шынында керек ғылым бар болса, онда ол білу мүмкіндігін береді», - деген қорытындыға келді, «әлемдегі орнын қалай тиісті түрде алуға болады, адам болу үшін қандай болу керек екенін дұрыс ұғыну»1 
Дүниетанымның төрт аспектісін бөліп алуға болады: онтологиялық, гносеологиялық (танымдық), аксеологиялық (құндылық) және праксио-логиялық. Онтология - болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Практикалық немесе праксиологиялық қатынас – адамның әлемге және өзіне адам қызметінің шегі, тәсілі мен мүмкіндік жағынан қатынасы. Құндылық қатынас (аксиологиялық қатынас) – адамның әлемге және өзінің тіршілік әрекетіне қатынасын өмірдің мәні арқылы көрсету. Бұл арқылы адам мен әлем туралы басқа дүниетанымдық білім өзгереді, адам өміріндегі құндылықтардың мәнін түсіну (адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік-саяси және т.б). Адам болмысының екі ажырамас бөлігі – рухани  және практикалық кезең. Бір жағынан адамның практикалық қызметі (адамның табиғаты және адам өзгерісі) танылған және жете түсінілген қызметке негізделген, яғни адамның шындықты рухани меңгеруі. Екінші жағынан, сана (білім мен құндылық) шындықты рухани меңгеру секілді өндірістік пен қоғамдық-тарихи қызмет нәтижесінде пайда болады және дамиды.

1. И.Кант. «жақсы мен жоғары сезімдерге бақылауға» қосымша //Соч. 6т. М.,1964 - т.2- с. 204.
    Сызба 1.1.1  Дүниеге көзқарас құрылымы

Адамның іс-әрекеті мен қызметі     
 
Сызба 1.1.2  Философия мәдениеттің феномені ретінде

     Дүниеге көзқарас – объективті дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған,  қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Философия – (грекше филео-махаббат, құштарлық; софия - даналық) – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау. 

 


 

Сызба 1.1.3  Дүниетанымның тарихи типтері

 
   Миф – бұл:
1)    Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы; 
2)    Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философияға байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы.
3)    Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы.
   Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатар.
   Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.         
 
Сызба 1.1.4  Философия, дін, мифология байланысы

 

 
    
 
Кесте 1.1.5  Философиялық білім құрылымы

№    Бөлімдер    Мазмұны    Мәселелері
1.    Онтология     Болмыс туралы ілім (әлемнің өмір сүруі)
Болмыстың 5 түрлі мәні 
а) материя,
б) форма,
в) қозғалыс (даму),
г) кеңістік,
д) уақыт.    Алғашқы бастама (Архэ) Әлем неден тұрады? (материализм)
Әлемді жаратқан кім? (идеализм, дін)
Әлемдегі бірлік.
2.    Гносеология (эпистемология)
Эпистема-ғылым
(Аристотель)    Таным теориясы. Негізгі формасы сезімдік сатыдағы таным (сезіну, қабылдау, елестету).
Рационалдық  (түсінік, пікір, ой қорытынды )
Тәжірибе – таным негізі және ақиқат критериясы.    Дүниенің танымдылығы.
Білімнің сыртқы әлемге сәйкес келуі.
Ақиқат  мәселесі.
3.    Аксиология    Құндылық туралы ілім:
а) өмір (бағдар, қондырғы)
б) бостандық (неден? не үшін?)
в) адам құқықтары (жатсыну және жатсынбау )    Адам өмірінің шектілігі мен шексіздігінің мәні (өлім және өмір).
4.    Праксеология    Адам іс-әрекеті туралы ілім.
Іс-әрекет  түрлері.
Мақсат – тәсіл  – нәтиже.
Адам – техника.    Шығармашылықтың шегі мен ауқымы. Ғалымдардың жауапкершілігі мен бостандығы
5.    Антропология    Адам туралы ілім – антропологиялық философия.
Адам мәнінің 5 критериі:
1. биологиялық,
2. психологиялық,
3. әлеуметтік,
4. ділдік, 
5. астралдық (өлілер рухы).    Антропосоциогенез – қоғам  мен адамның пайда болуы.
Біз кімбіз?
Қайдан келдік?
Қайда барамыз?
Адамзаттың тірі қалу мәселесі.

 


Сызба 1.1.6   Классикалық философиядағы субстанция мәселесі

Субстанция (лат. Substantia – мән; негізінде жатқан) – алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралады. Субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін өзгертеді, бір күйден екінші күйге ауысып отырады; материя ұғымы дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы мен мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.

 

 


Сызба 1.1.7   Классикалық философияның негізгі сұрағы

 

 


                      Материя                                                                                                        Сана

                Болмыс                                                                                                        Ойлау
\                
                          Табиғат                                                                                                            Рух
 
Сызба 1.1.8  Классикалық философияның негізгі бағыттары


 
 
Кесте 1.1.9  Философия тәртіптік ғылым

 

 


 
Бақылау сұрақтары
1.    Философия мен дүниетаным бір-бірімен қалай сәйкес келеді?
2.    Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы?
3.    Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігі?
4.    Философия ғылымының қасиеті мен ерекшеліктері неде?
5.    Философияда материализм мен идеализмнің қандай негізгі түрлері қарастырылады?
6.    Философияда қарастырылатын негізгі мәселелер?
7.    Философия әдісінің жалпы түсінігі мен мазмұны.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 5428 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]