Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (26.7Kb) ] 09.11.2013, 00:56

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

 

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар.

Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Космолотиялық және антропософиялық ілімдер (Доспамбет, Дулати).

Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. ІІІ.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманнзмі.

Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. XX ғ. Қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.

Қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына, өзінің этникалық қауымдастығын сана елегінен өткізуге әсері. Қазақ халқының патриоттық белсенділікке деген дүниетанымдық бағдарының қалыптасуындағы қазақ философиясының рөлі.

 

Қазақ философиясы деген ұғым ғылым тіліне 90 жылдардың басында енді. Ол – қазақ халқының өзіндік төл мәдениеті мен ерекше тағдырының айнасы. Халық тарихқа қазақ деген атпен XIV-XV ғасырда енгенімен, оның одан да әрі терең тарихы бар.

А.Х.Қасымжанов, Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Есімов сияқты ғалымдардың айтуынша, қазақ халқының ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманынан басталады. V-VI ғасырларда түріктерде әліппе болған. Соның негізінде түріктер жазба мәдениетін тудырды. Оны мәдениет тарихында көне түркі жырлары деп атайды. Ол мәдениет мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан «Орхон - Енисей» руна жазулары деп аталады.

Қазақ халқының менталиті көптеген мәдени дәстүрлердің, яғни сақтардың, көне түркілердің, қытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалықтың өзара ұшырасып, араласуынан туындаған.

Жазба мәдениетінің пайда болуы мен діннің қалыптасуын зерттеушілер түркі – соғдылық және түркі тохарлық байланыстың ықпалымен түсіндіреді.

Қазақтардың өзіндік діні – тәңірлі дүниетанымы болды. Тәңірлік өзіндік онтологиясы, космологиясы этикасы мен демонологиясы бар жетілдірілген дүниетаным болды»1.

Бұдан басқа бақсылық, буддизм, манихейшілік, христиан діні де орын алған. Мұндай көпжақтылық пен олардың арасындағы өзара кірігу, бірігу процесі ерекше дүниетанымдық жүйенің қалыптасуына және оның плюралистік сипат алуына негіз болды.

Қазақтың ұлттық менталитетінің архетиптері болып табылатын кеңдігі, кеңпейілділігі, қайырымдылығы, қонақжайлығы, басқаны жатырқамауы, аңғарымпаздығы, байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, философиялық ойларға бейімділігі, дүние, өмір, заман туралы ойлары, ақын – жандылығы, маңғаздығы, асықпай – аптықбауы, тәубәшілдігі, сәтті күнді күтуі, туысшылдығы2 сияқты сипаттарының қалыптасуы Анахарсис, Қорқыт ата, әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Ясауи сынды әртүрлі бағыттағы философиялық дәстүрлердің әсерінен болды.

Философия тарихында Шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі болған, өзінің шығармашылығында батыс пен шығыс дүниетанымдық жүйелерін ерекше үйлесіммен, тапқырлықпен қабыстыра отырып, өзіндік келбеті бар философиялық жүйені жасаған әл – Фараби қазақ философиясының негізгі бастауының бірі болып есептелінеді.

Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі мемлекетті басқару, әлеуметтік топтардың сипаты, қоғамдық құрылым туралы ойлары мен этикалық, танымдық көзқарастары да елеусіз, тарих қойнауында қалмаған.

Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы – сопылық дәстүр.

Ислам аясында қалыптаса отырып, көне Үнді, Қытай, Грек, Рим, Сирия ойшылдарының үздік ойларын бойына сіңірген сопылық философиясының Қазақстан мен Орта Азия халықтарының «арасында кеңінен және табысты таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем сопылық идеяларды жергілікті салт-жырлармен үйлестіре дәріптеді Ахмет Яссауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Яссауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімін пантеизммен және бақсылық жыры элементтерімен үйлестіре алуынан еді»3.

Қазақ даласында сопылық идеялары Шығыс поэзиясы, яғни Фирдоуси, Навои, Рудаки, Омар Хайям, Низами, Насими секілді ақындардың философиялық сипаттағы шығармалары арқылы тараған.

Сөйтіп, қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб – парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады. Олар көпжақты және көпмағыналы мәдени үрдістерді біріктіреді. Соның өне бойында мүлгіген көптеген маңызды және өміршең белгілер мен қасиеттерді бойына сіңіре отырып, қазақ халқы ерекше сарындағы, өміршең, оптимистік философиялық көзқарастарды дүниеге келтірді.



1 Гумилев Л.Н.Поиски вымышленного царства. М., 1989. с. 279

2 Бурбаев Г.Ұлт менталитеті. Астана, 2001. 9б.

3 Тәжікова К. «Ислам; дүниетаным, идеология, саясат». Алматы, 1996. 100 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 3519 | Загрузок: 1108 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]