Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Альфонс Ламартин


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.02.2014, 13:54

Альфонс Ламартин (1790 – 1869)

       

           Шығармашылық ғұмырнамасы. Альфонс Ламартин Франция поэзия көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түсті. Ламартинның танымал өлең жинақтары  "поэтикалық ойлар” (1820),  "Жаңа толғаныстар” (1823), "Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта жаңғыртушылар оны бірден  өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен  келіспейтіні туралы мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді.

          Француз жұртшылығы әу бастан-ақ Ламартиннің әуезді де мұңға толы өлең-  жырларынан тек діни және монархистік сарындарды ғана емес, басқа да өз жүректеріне тым жақын ырғақтарды сезініп, соларды бағалай білген еді. Ламартин өзінің ең жақсы өлеңдерінде ерекше бір ойшыл, сезімтал, даңғазасыз, оқшаулығы басым ақын ретінде көрінді. Оның ең сүйікті жанры лирикалық элегиялардың өзі сол кезеңде жоғары классикалық үнді одаларының немесе рококо дәуіріндегі сезімтал өлеңдердің дәстүрінде қалыптасқан француз поэзиясы үшін жаңалық еді.

          Алайда бұл өлеңдердегі жанға жайлы әуез шын мәнінде мәнерлі дәстүрлі сөз саптауларын жоққа шығармайды, тек оны өзгеше бір сезімталдық өріске бағыттайды            
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 676 | Загрузок: 109 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]