Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Жеке сақтандыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:15
Жеке сақтандыру
1. Жеке сақтандырудың пайда болу тарихы.(Ежелгі Рим, Франция, Англия).
2. Жеке сақтандыру экономикалық зерттеудің объектісі ретінде, оның жіктемесі.
3. Жеке сақтандырудың негізгі категориялары: сақтандыру қатынастарының субъектілері, сақтандыру тәуекелі, түрлері.
4. Жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері.
Жалпы, Қазақстанның сақтандыру нарығында жалпы 70-тен аса сақтандыру компаниялары әрекет етеді. Соның ішінде «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру ЖАҚ 1994 жылы сәуір айында Республика Президентінің Жарлығымен құрылды.
  Барлық дамыған елдер үшін нарықтық экономиканың орнықты даму факторы және маңызды институты ретінде сақтандыруды мойындау өз мәні бар экономикалық аксиомаға айналды. Барлық дамыған елдерде сақтандыру ұлттық экономикада маңызды орынға ие және құрамдас бөлігі бола отырып оның қалыпты, тепе-тең және болжағандай деңгейде дамуына ықпал етеді. АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердегі сақтандыру төлемдеріндегі жалпы ұлттық өнімнің 10%- шамасын құрайтынын айтсақ, жоғарыдағы қағида толық дәлелденеді. 1991-1993 жылдары біздің Республикада сақтандыру бизнесінің қалыптасуы жер сілкінісіне ұқсас стихиялы түрде басқарылмай және бақылаусыз күйде өтті. Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша 1994-ші жылдың сәуірінде Қазақстанда 350-ге жуық акционерлік, коммерциялық, жеке және т.б. тәуелсіз сақтандыру компаниялары мен олардың филиалдары қызмет жасалса, 1993-ші жылы олардың саны 253 болған болатын. Қаржы-қарыздың, өндірістік-коммерциялық, инвестициялық және т.б. сақтандыру компаниялары өз қалауынша сақтнадыру шарттарын жасаған, сақтандыру төлемі көлемін анықтаған, сақтандыру қорлары көлемін бекіткен жағдайларды туғызды. Нәтижесінде бұл мемлекеттік бүкіл қаржы жүйесінің қалыптылығы мен тұтастығына кері әсерін тигізді.
  Сақтандырудың осы заманға теориясы мен пракатикасы 20-ғасырдағы дамыған сақтандыру ісінің қайта сақтандыру институтының мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Қайта сақтандыру сақтандыруды оған ірі сақтандыру оқиғаларының ықпалынан қорғауға мүмкіндігін береді.
  Қазақтстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мәліметтері бойынша Қазақстандағы шетел инвестицияларының жалпы көлемі 1995 жылға дейін 3 млрд. АҚШ долларына жуық көлемде болды. Бұл қайта сақтандырудың жас егеменді мемлекетіміздің даму факторы және валюталық Қорларын молайтудың көзіне айналғандығын көрсетеді қайта сақтандырудың тексеруден өткен үлгісі бойынша сақтандыруда қатерге басын тіккен сақтандырушы осы қатерді басқа компанияға ауыстырады. Соңғысы берілген қатерге сай ішінара жауапкершілікті мойнына ала отырып қайта сақтандырушыға айналады. Сонымен қайта сақтандыру техникалық идеалға жетіп, оның көмегімен қауіп-қатер бөлінеді және теңестіріледі де сақтандыру ұйымдарына қойылатын талаптар мен оны орындаудың арасындағы бірдей қатынастар орнатылады. Қайта сақтандыру жоқ кезде қандайда бір құнды заттың қожасы (мысалы ұшақтың) осы қауіпті қабылдауына міндеттеме алатын бірнеше сақтық компанияларымен шарт жасай алар еді. Олардың әрқайсысы сақтандыру құны мен жағдайларына қатысты жеке келісім жасауға мәжбүр болады, ал қайта сақтандыру осының барлығын бір – сақтандырушы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қайта ыңғайлықпен сақтандырушы өз мойнына өз кәсіпорынның қауіпсіз түрде төтен бере алмайтындай қатерден бір бөлігін ала алатындығында.
  ТМД елдері аумағынан ірі жерлерде қайта сақтандыру, сақтандыру бизнесінің ажырамас бөлігіне айналды. Мысалы, Европада ерте уақыттан бері экономикалық қуатты тек қайта сақтандыруға маманданған компаниялар қызмет көрсетеді. Мысалы: «Мюних Ре», «Свис Ре», «Скор», «Кельн Ре», «Меркантайль энд Женерал-груп» және т.б. айналымы млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бірақта қайта сақтандыру нарықтық экономиканың пайдалылығын 1992ж. шілдеде қабылданған да «Қазақстан Республикасын сақтандыру туралы» заңында ескерілмеген. Тек қана 1994 жылы 16 сәуірдегі №1658-ші Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында қайта сақтандыру саласындағы мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғау және жүзеге асыру идеясы қамтылған.
  Халықаралық экономикалық қатынастарды мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі «Қазақшетсақтандыру» қайта сақтандыру жөніндегі республикалық компаниясының құрылтайшысы ретінде танылсын, «Қазақшетсақтандыру» Республикадағы түскен төлемдер мен жарналар жинақтаушы компаниялар мен фирмалардың қатысумен барлық сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асырушы ұйым болып көтерілсін.
  Шетелдік капиталдың қатысуымен байланысты барлық қауіптерді/мүліктік, жеке, жауапкершілік/Қазақстан аумағында тек қана аталған компания арқылы міндетті түрде сақтандыру қажет. Жалпы қайта ұйымдастырудың мақсаты- «Қазақшетсақтандыру»-дың жеке капиталының деңгейін көтеру болып табылады. 2002 жылы сақтандыру нарығындағы компаниялардың ішінде «Қазақшетсақтандыру» компаниясының үлесі АҚШ долларымен есептегенде жоғары болды. (Қосымша 2-кесте).
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Медициналық сақтандыру.
2. Еңбекке қабілеттілікті және денсаулықты жоғалтудан сақтандыру.
3. Сақтандыру сомаларын анықтау мен төлеу және жеке сақтандыру бойынша өтем.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 918 | Загрузок: 105 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]