Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:53

Табиғатты  қорғау  қызметтерінің  экономикалық механизмі

 

Табиғатты  қорғау  жүйесін  тиімді  жүргізу  экономиткалық  механизмге  тікелей  байланысты.  Қазіргі  жағдайда  табиғат  қорғау  қызметіндегі  экономикалық  құралдың  жүйесі  мыналарды  қамтиды:
•    Салық;
•    Демеуқаржы  және жеңілдік  несиені;
•    Табиғатты  қорғау  міндетіндегі  тездетілетін  амортизациялық  қорларды;
•    Ластаушы  құқықты  сату;
•    Айыптарды;
•    Ластау  және  қалдықтарды  орналастыру  үшін  төлемдерді;
Табиғатты  қорғау  қызметіндегі    экономикалық  ынталандырудың  маңызы – табиғатты   қорғауды  іс  жүзінде  асыруда  кәсіпорындардың  тікелей  ынталылығын  арттыру.  Экономикалық   ынталандырудың   нақтылы  шаралары   объект  деңгейіндегі  ықпалы,  жеке  қызметкерлер    деңгейіндегі  негізгі  ынталандыру:
•    Еңбекақы;
•    Сыйлықтар;
•    Материалдық  жауапкершілік  шаралары;
•    Кәсіпорындар  деңгейінде – баға, табыс, материалдық  ынталандыру  қоры;
Табиғи  ортаны  қорғауда  экономикалық  ынталандырудың  қазіргі  ықпалдылығы   элементтерін  табудан  бастау  қажет.
Қоршаған  ортаны  қолрғаудағы  ынталандырудың  жүйесінде  баға  құрылымы   айрықша  орын  алады.  Себебі,  табиғатты  қорғау  қызметіне  кеткен  шығындар  неғұрлым  көп  болса,   соғұрлым  өнімдердің  өзіндік  құны  артады,  кәсіпорындардың  таза  пайдасы  да  азаяды.  Сондықтан  табиғатты  қорғау  жұмыстарына    кететін  шығындарды  барынша   азайтқан  жөн.  Ол  үшін  қоршаған  ортаны   ластандыруды  барынша   азйту   немесе  тіпті   болдырмау,  олардан  алынатын  төлемді   қысқарту   және т.б.
Нарықтық  экономика   жағдайында  неше  табиғатты  қорғау  қызметіндегі  ең  маңызды   құралдардың  бірі  болып  табылады.  Қазіргі   кезде  көптеген    кәсіпорындардың   тоқтап  қалуы,   қаржының  жетіспеуі   табиғат  қорғау   жұмыстарын  жүргізуге   көп  кедергі  жасауда.   Осыған  орай,  мемлекет   тарапынан   несие  алып,   оны  орынды  жұмсау  және  мерзімді  қайтару  басты  міндет. 
Табиғи  ортаны  қорғау  қоғамдық  өндірістің  табиғи  ортаға  қайшы   ықпалын   қысқартуды  алдын-ала  ескерту  үшін   кешенді  түрде   шаралар  жүргізуді  қажет  етеді.   Табиғат   қорғау   шараларын  іске  асру   үшін  күрделі   және   кезектегі  шығындар   жұмсалу  қажет.  Экономикада   күрделі   қаржының   абсолюттік   тиімділігін  есептемегенде   жалпы   деңейін   анықтау   мақсатында  табиғи  ресурстардың   нашарлауын  болдырмауға   арналған   жеклеген   шараларды  іске  асырған  жөн.
Табиғатты   қорғау  шаралары – алғашқы  тиімділік  және  соңғы  әлеуметтік – экономикалық   тиімділік   болып  ажыратылады.  Алғашқы  тиімділік – зиянды   қалдықтарды  щығаруды  азайту,  қоршаған  ортаның   жағдайын  жақсартудан,  ал  соңғы  әлеуметтік – экономикалық   тиімділік  халықтардың  тұрмыстық  дәрежесін   арттыруда,   қоғамдық  өндіріс  және  ұлттық  байлықтың   тиімділігінен  тұрады [14,178б].   

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 868 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]