Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Тәуекел ұғымы және оның экономикалдық зардаптары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:11
Тәуекел ұғымы және оның экономикалдық зардаптары.
1. Тәуекел: түсінігі, функциясы, қайнар көздері, жіктемесі.
2. Тәуекелді бағалау.
3. Тәуекелді басқару негізі.Тәуекел менеджмент.
4. Тәуекелді шектеу нысандары- диверсификация, эккаутинг, шектеу, сақтандыру, хеджирлеу, валюталық келісім.
Сақтандыру қызметі – экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік – экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалаптасады. Сақтандыру қызметінің дамуының объективті негізі күтпеген келеңсіз жағдайлардан зиян шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы ұдайы өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сақтандыру нарығын ақша қатыастарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастыруға болады және де бұл қатынас қоғамның сақтандыру қоршағанын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.
  Сақтандыру саласының дамуының міндетті шарты сақтандыру қызметіне қажеттіліктің болуы және осы қажеттелікті қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі толық құқықлы субъектілерге айналады.
  Қызмет жасаушы сақтандыру нарығы әртүрлі құрылымдық буындарын тұратын күрделі, біріктірілген жүйені бейнелейді. Оны №1 қосымшадан көруге болады:
  Сақтандыру қызметінің бастаушы буыны – сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы буында сақтандыру қорының қалаптасуы және пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастардың бір түрі қалыптасса, екінші біреулері пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер өзара ұштасып жатады.
  Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қорының қызмет жасауының тарихи анықталған қоғамдық тұрапты. Бұл компания сақтандыру шарттарын жасайтын және қызметін көрсететін дараланған құрылым. Сақтандыру компаниясының даралығы, оның ресурстарының толықтай өзінікі болуын және өзіндік толық ресурстар айналасының болуымен айқындалады. Экономикалық дараланған сақтандыру компаниялары өздерінің басқа сақтандырушылармен қарым-қатынастын қайта сақтандыру және бірлесе сақтандыру негізінде құрады. Кез-келген адам өз табысын өз еркімен жұмсай алады және оның қандай бөлігін тұтынуға, қандай бөлігін жинақтауға бөлінетін өдігінше шешеді. Осының барлығын сақтандыру нарығы кеңейтілген сақтандыру қызметінің түрлерінің жиынтығын ұсынғанда ескертіп отыр.
  Сақтандыру қызметі экономикалық бәсеке кезіндегі реттеуші қызметті атқарады. Бәсекенің өзі сақтандыру нарығындағы жетістікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл жетістіктерге жету үшін сақтандырушы сақтық қоғамының қызметкерлерін әрдайым жаңа мүмкіншілігі мен клиенттерді іздестіруге, қызмет көрсетудің түрлері мен әдістерін жетілдіруді бағалап отырады.
  Кең мағынада алғанда сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып алу бойынша экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын көрсетеді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырушының арасындағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді.
  Сақтандыру нарығының қызмет етуінің ең маңызды экономикалық заңдарды: құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы.
  Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығының пайда болу кезінде қалыптасты және оның ажырамас маңызды элементі болып табылады. Екеуінің де пайда болу шарты-еңбектің қоғамдық бөлінісінің және әртүрлі меншік иелерінің дараланған тауар өндірушілерінің болуы. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар субъектілерінің өз бетінше қызмет етуін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу мәселесіндегі тең құқылы бірлесе қызмет жасауын, көлденең және тіке байланыстардың дамыған жүйесінің болуын ескертеді.
  Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде үстемдік етудің ең қауіпсіз жағдайы саладғы 10 және одан да көп бәсекелестердің қызмет жасауы, олардың ішіндегі ең ірісінің үлесі жалпы сақтандыру қызметін сатудың жалпы көлемінің 31-нан, екеуінің 44-дан, үшеуінікі 54-дан, төртеуінікі 64-дан аспауы қажет. Егер осы арақатынас бұзылса, мемлекет экономикалық санкциялар қоладынп сақтандырушылардың қатысуын шектейді.
  Сақтандыру нарығының құрылымы институционалдық және айсақтық аспектілермен сипатталады.
  Институционалдық аспект – ол акционерлік, коперативтік, өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары түрінде көрсетіледі. Аймақтық аспектіде- жергілікті сақтандыру нарығын, ұлттық және әлемдік сақтандыру нарығын бөлуге болады. Нарықтық қатынастардың дамуы қоғамдық – экономикалық прогресс жолындағы аймақтық кедергілерді жойып, интеграциялық процестерді күшейту  арқылы ұлттық сақтандыру нарығын әлемдік нарыққа қосуға жеткізеді. Осындай интеграцияның нәтижесінде ЕҚ-мүше елдердің жалпы еуропалық сақтандыру нарығы саласы құрылды.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Залалды өтеу үшін қорлар мен резервтердің құрылымының экономикалық қажеттілігі.
2. Сақтандыру қорын ұйымдастыру нысандары.
3. Сақтандыру қорларының мемлекеттік резервтік қорларынан айырықша ерекшеліктері.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1328 | Загрузок: 89 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]