Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Стандарттаудың құқықтық базасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:46

Стандарттаудың құқықтық базасы.
Лекция мақсаты:
Лекция сұрақтары:
1.    Қазақстан Республикасындағы стандарттау бойынша құқықтық базаның дамуы. 
2.    Қазақстан Республикасының  «Техникалық реттеу туралы» заңы (2004 жыл). Оның қолданылуы және негізгі қолдану облыстары.
3.     Өнім,процесстермен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуде стандарттаудың атқаратын ролі. 
4.    Тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметіндегі стандарттау.
5.     Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңы. Негізгі баптары және оны  қолдану сферасы.

Лекция мазмұны
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның «Стандарттау және сертификаттау» (1993ж), «Стандарттау» (1999ж), «Техникалық реттеу» (2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.
    Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау іс-шараларын қамтиды.
 Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы 
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi. 
2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. 
3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.
 Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi 
1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) міндетті регламенттеу саласында:
өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
саудадағы техникалық кедергілерді жою;
2) стандарттау саласында:
отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;
табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
2. Техникалық реттеу: 
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы; 
2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану; 
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету; 
4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы; 
5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 
6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; 
7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау; 
9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi; 
10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау; 
11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi; 
12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi; 
13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.
 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы 
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын: 
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 
2) уәкiлетті орган; 
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар; 
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер; 
5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы); 
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; 
7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар; 
8) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар; 
9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1.Техникалық реттеу заңының құрылу мақсатын айтыңыз
2. ТР заңының негізгі баптарын талдаңдар
Ұсынылатын әдебиеттер

1.    «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2.    «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3.    «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4.    Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 804 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]