Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Стандарттаудың экономикалық тиімділігі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:52

Стандарттаудың экономикалық тиімділігі. 
Лекция мақсаты: Стандарттаудың экономикалық тиімділігін қарастыру
Лекция сұрақтары:
1.    Өнімнің өмірлік циклінің әр түрлі сатыларында стандарттаудың экономикалық тиімділігінің негізгі көздері.
2.     Стандарттарды енгізудің экономикалық тиімділігі. 
3.    Өнімді игеру мерзімдерін қысқартуда стандарттаудың атқаратын ролі. 
Лекция мазмұны
Стандарттау объектілерінің көбеюі олардың әлеуметтік және экономикалық өмірдің әр түрлі салаларына енуі, стандарттаудың дамуы көп мөлшерде ресурстардың бөлінуін талап етеді. Ал кейбір жағдайларда ресурстарды тиімді пайдалану, стандарттардың әр бағытта дамуына қажетті ресурстармен қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар ұлғаяды.
    Осындай жағдайда стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу актуалды, себебі тиімділік көптеген аспектілердің критериясы болып табылады, оның ішінде:
-стандарттаудың даму альтернативтік бағалау яғни стандарттау туралы глобалды шешімін анықтайды.
-әртүрлі қайталанатын процесстерді/ жұмыстарды, үйлестіруде стандарттауды қолдану қажеттілігі 
-стандарттау объектісінің сипаттамасын таңдау және оптималды шешім қабылдауда параметрлер жиынтығын таңдау.
-басқару кезеңінің әр циклдарында стандарттаумен басқарудағы баға беруді іске асыру.
-стандарттаудың даму бағытындағы экономикалық ресурстарды тиімді бөлу.
 ережелерге негізделген. Олар өнім сапасын жоғарылатуға және стандарттауға бірдей болып табылады.
    Стандарттаудың экономикалық тиімділігі ғылыми-техникалық процесстің экономикалық  тиімлігінің немесе жаңа техниканың тиімділігінің бөлігі.
    Стандарттау өндіріс процесінің элементтеріне және заттарының, еңбек құралдарының, технологияның жетілуіне әсер етеді.
    Өнімнің барлық өмірлік циклында/ жобалау, әзірлеу айналымы мен тұтыну немесе пайдалану / стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу кезінде стандарт әсері ескеріледі.
    Жобалау кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында жобалау жұмысының көлемін, еңбек сиымдылығын, жобалаудың  уақыт мөлшері мен құны ескеріледі. Ол үшін:
-конструкторлық-жобаның жұмысты ұйымдастыру жақсарту;
-стандартты техникалық құжаттарды көп мәрте қолдану;
-есептеудің стандартты әдісін қолдану;
-көшірме жұмысының көлемін азайту;
-техникалық архиватордағы сақталатын құжаттар көлемін иазайту;
-стандарт жобасына сәйкес жобаларды өндіруге арналған шығындарды азайту;
-жаңадан шығарылатын техникалық құжаттарды келістірудің және бекітудің уақытын қысқарту жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.
    Өндіріс кезеңіндегі экономикалық тиімділікті есептеуде анықталатындар:
-материалды сиымдылықты азайту;
-арнайы өндіріс кәсіпорындарынан алынатын қосалқы бөлшектерді қолдануды көбейту;
-үйлестіру;
-қор сиымдылығын азайту;
-жанар май электр энергиясының шығын үлесін қысқарту.
-Айналым және пайдалану кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында тұтынушылар шығынын азайту ескеріледі. Ол үшін:
-өнімді сақтау және тасымалдау шығынын қысқарту;
-өнім сапасын және техникалық деңгейін жоғарылатуды;
-бір стандартты заңмен бірнешеуін алмастыру қажеттілігін;
-заттық қызмет көрсету уақытын ұзартуды;
-заттың сенімділігін жоғарылатуды;
-қосалқы материалдарды, суды, жанар майды тұтынуды және энерго сиымдылықты азайтуды;
-қызмет көрсетуші мамандардың саныны азайтуды;
-жөндеу жұмыстарының құнын төмендетуді.
    Уақыт кезеңіне байланысты экономикалық тиімділіктің мына ьтүрлерін ажыратуға болады:
-жылдық;
-стандарт қызметін уақыты аралығында шығарылған стандартталған өнімдерді өндірудің барлық жылдарындағы.
    Жаңа техникаға қолданылатын тиімділіктің мына түрлері ажыратылады:
-өнімнің жылдық шығарылу тиімділігі;
-жаңа техниканың жылдық шығарылудағы бір жылдық қызметтің тиімділігі;   
-жаңа барлық қызмет уақытындағы тиімділігі;
-жаңа техниканың жылдық орта тиімділігі;
-жаңа техниканың барлық өндірісінің жылдық тиімділігін жинақтайтын интегралды тиімділігі.  
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1) Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін ата 
2)  Экономика саласындағы стандарттаудың объектілерін ата


Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2.    «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3.    «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4.    Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1643 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]