Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Стандарттау пәннінің мақсаты және міндеттері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:44

Пәннің мақсаты және міндеттері.
Лекция мақсаты: Стандарттаудың мақсаттарын, міндеттерін және пән структурасымен танысу.
Лекция сұрақтары:
1) Пәннің мақсаттары және міндеттері
2) Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы
3) Қазақстанда стандарттаудың даму тарихы және даму перспективасы 
Лекция мазмұны:
Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор.
Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді идентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.    
Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде   19 - ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған . Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында  өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық).
1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі  кез-келген шам  әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы  ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың  белгіленген үлесінің  бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден  астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық  Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына ҚСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.
«Стандарттау» сөзі латынша  стандарт-эталон яғни үлгі деген мағына береді.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгертілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. Қазақ аймақтық бюросы 1933 жылы Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы өлшем және таразылар орталық басқармасының өкiлеттi Басқармасы болып қайта аталды. Содан соң Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы Өлшем және таразы Бөлiмi болды, ал 1938 жылы – Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар Кеңесiнiң жанындағы өлшем және өлшеу приборлары жөнiндегi өкiлеттi комитеттiң Басқармасы болды.
Басқарма құрылымы орталық аппараттан және 14 облыстық басқармалардан тұрды. Қызметкерлер құрамы, облыстарды қосқанда, 124 адам болатын.
1995 жылы Қазақ республикасының стандарттар мен өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау зертханасы Қазақ республикасының метрология және стандарттау орталығы болып қайта құрылды.
Елiмiздiң тәуелсiз мемлекет мәртебесiне ие болуына байланысты бұрынғы орталықтан оқшаулау процесi жүрдi. Республиканың экономикасында және Мемлекеттiк стандарт жүйесiнде елеулi өзгерiстер жасалынды.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені - 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн. тоннадан астам жүк  өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435 мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық  өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикасына көп көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесін қолданады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та  ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдедерде жарамайды.
Өндірістік өнімдердің көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нұсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сұрақтар күрделіленуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бұрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одақтастық құруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп Еуроодақ құрды. Дүниежүзілік  сауда ұйымы құрылды. Жақында Қазақстанда сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне  сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою,  ғылыми-техникалық прогресске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1)    Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың негізгі бағыттарын атаңдар.
2)    Стандарттаудың Қазақстандағы даму тарихын айтып кетіңдер.
3)    Стандарттаудың маңызы мен мақсатын атаңдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.    «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2.    «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3.    «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4.    Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2436 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]