Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:49

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар.
Лекция мақсаты: Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлеріментанысу
Лекция сұрақтары:
1.    Нормативтік құжаттар туралы ақпарат.ҚР стандарттау жүйесіндегі нормативтік құжаттар.
2.      Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар. 
3.    Стандарттау  бойынша нормативтік құжаттардың  категориясы, сипаттамасы. Стандарттау объектілері. Тағайындалған талаптар.
4.     Стандарттарды әзірлеу тәртібі.
Лекция мазмұны
Стандарт - нормативтік құжат,ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс.
Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді.
Стандарттау құжаттары  нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.
Административті басқарудың жоқтығы өндірушілерге  қосымша міндеттер жүктейді. Сол себептен  өндірісте қолдану үшін және өндірістер мен ассоциациялар бірлестіктері ішінде қолдану үшін өз стандарттарын шығарады. Өндірістер шаруашылық қызметтерін өздері реттеуге мүмкіндік алады. Оны өз бизнесінің қызығушылығын ескере отырып жасайды және стандарттар шығару үшін өзінің нормативтік құжаттар мен стандарттарын құрастыра білулері қажет.
Ерікті стандарттау толықтай қадағалаусыздықты немесе хаосты білдірмейді. Өндірісі дамыған көптеген елдерде бұл жүйе бұрыннан қолданып жүр, мысалы АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау административті стандарттаудан әлдеқайда қатаң. Нарық заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқып, өнімнің тұтынушылық  қасиеттерін төмендетуіне жол бермейді, ал ауытқыған жағдайда компания міндетті түрде қаржылық дағдарысқа ұшырайды.
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары 
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға: 
1) халықаралық стандарттар; 
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар; 
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi; 
4) ұйымдар стандарттары; 
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары; 
6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.
2. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары 
Мемлекеттік стандарттар төменгі құрылымдық элементтерден тұрады: титулдық бет, алғы сөз, мазмұн, кіріспе, стандарттың аты, қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, талаптар, қосымшалар, библиографиялық мәліметтер.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын республикалық стандарттау жөніндегі жоғары ұйым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттың күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Бекітілгеннен кейін мемлекеттік стандарттың индексі беріледі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылдарының соңғы екі цифрі жазылады.
1. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.
2. Мемлекеттік стандарттар: 
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар; 
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар; 
3) процестерге арналған стандарттар; 
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.
3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi. 
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн. 
5. Мемлекеттік стандарттарда: 
1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөніндегі қажеттi талаптар; 
2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар; 
3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi; 
4) терминдер мен анықтамалар; 
5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi; 
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi; 
7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi; 
8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар; 
9) менеджмент жүйесін енгізудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар; 
10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн. 
6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.
Мемлекеттік стандарттар келесі түрлерге бөлінеді:
1)    Негізін қалаушы стандарт
2)    Өнімге, қызметке стандарттар
3)     Үрдіске стандарттар
4)    Өнімді, қызметті, үрдісті бақылау әдістеріне арналған стандарттар:
Негізін қалаушы стандарт -белгілі бір сала үшін жалпы және басқарушы ережелерден тұратын нормативті құжат. Әдетте ол стандарт немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады, соның негізінде басқа стандарт жасалынуы мүмкін. Мысал ретінде ҚР СТ 1.0-2003 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесін көрсете аламыз.  
Негiз қалаушы стандарттар қызметтiң белгiлi бiр саласы үшiн жалпы техникалық талаптарды, өзара түсiнушiлiктi қамтамасыз ететiн техникалық бiрлiктiң, ғылымның әрбiр саласындағы өзара байланыстың өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызметтердiң, сол сияқты басқа да жалпы техникалық талаптардың жалпы ұйымдастыру - әдiстемелiк ережелерiн белгiлейдi.
Негiз қалаушы стандарттардың кеңiнен алғанда мемлекеттiк және салааралық мәндi объектiлерi бар стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi; өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жүйе, конструкторлық құжаттаманы бiрыңғай жүйесi, өлшеу бiрлiгi, салааралық мәндi терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенiмдiлiгi, буып-түю) және басқалары.
Негiз қалаушы стандарттар кешенiндегi нақты жүйенiң жалпы ережелерiн белгiлейтiн стандарт, мысалы "Қазақстан Республикасының стандарттауының мемлекеттiк жүйесi. Негiзгi ережелерi".
Негiз қалаушы стандарттарды былай бөлуге болады:
а) ұйымдастыру-әдiстемелiк, белгiлi бiр салаларда жалпы ұйымдастыру-техникалық ережелер жөнiндегi жұмыстарды белгiлейтiн, мысалы ҚР СТ 1.0-2000 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттау жүйесi. Мемлекеттiк стандарттардың әзiрлеу тәртiбi", ҚР СТ 1081-2002. "Технологиялық нұсқауды және тағам өнiмдерiнiң рецептурын әзiрлеудiң тәртiбi. Негiзгi ережелерi";
ә) жалпы техникалық, белгiлейдi;
• ғылымда, техникада, өндiрiсте көп рет қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер;
(мысалы, ГОСТ 16263-70 "өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жүйе. Метрология. Терминдермен анықтамалар").
• стандарттаудың әртүрлi объектiлерi 
(мысалы, ГОСТ 14192-96 "Жүктердi таңбалау", ҚР СТ 1003-98 "Сплавы на основе благородных металов ювелирные. Марки".
• құруға, жазуға,рәсiмдеуге және құжаттаманың әртүрiнiң мазмұнына қойылатын талаптар (мысалы, ҚР СТ 1.5-2000 "ҚР МСЖ құруға, жазуға, рәсiмдеуге және стандарттардың мазмұнына қойылатын жалпы талаптар);
• техникалық қамтамасыз ету үшiн, қажеттi талаптар мен нормалардың жалпы техникалық шамалары (үйлестi сандар, параметрлiк және өлшем ретi, жабдық дәлдiгiнiң сыныбы. (мысалы, ГОСТ 8.417-81 "өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi. Физикалық шаманың бiрлiгi");
• сапа көрсеткiштерiнiң номенклатурасы (мысалы, СТ ҚР 1043-2001 "Жел эрозиясымен күресетiн машиналар. Сапа көрсеткiштерiнiң номенклатурасы") және басқалары.
•техникалық эстетиканың және эргономиканың талаптары;
• қауiпсiздiктiң талаптары (мысалы, ҚР СТ 12.002-2002 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттардың жүйесi. Өндiрiс процестерi, қой шаруашылығы. Қауiпсiздiк талаптары") және басқалары.                                                                                                         Терминдік стандарт - құрамына терминдердің түсіндірмесі және олардың қолданысы туралы нормативтік құжат.
Өнімнің, қызметтің, бақылау әдісінің стандарттарыәдістемелерді, ережелерді, үрдістерді түрлі бақылау әдістері мен солармен байланысты іс-әрекеттерді анықтайтын нормативтік құжат.
Бақылау әдiстерiне стандарттар өнiмдердi құрған, сертификаттаған және пайдаланған кезде өнiмге сынақ, өлшеу, талдау жүргiзу әдiстерiн белгiлейдi (мысалы, ҚР СТ 1049-2001 "Премикстер. Талдау әдiсi").
Стандарттарда белгiленген бақылау әдiсi нәтиженiң ұдайлылығын қамтамасыз ететiн шынайы, дәлме-дәл болуы керек.
Әр әдiс үшiн, оның жүргiзiлу ерекшелiгiне байланысты белгiлейдi:
• сынақ құралдарын, қосалқы қондырғыларды, реактивтердi, материалдарды;
• сынақ өткiзудiң дайындау тәртiбiн;
• сынақ нәтижелерiн өңдеудiң тәртiбiн;
• сынақ нәтижелерiн рәсiмдеу тәртiбiн;
• сынақтың мүмкiн кемшiлiктерiн.
Стандарттар тар маңызды болуы мүмкiн сапаның бiр көрсеткiшiн тексеру (мысалы, таза жүннен немесе жартылай жүннен тоқылған мақтаның бу өткiзгiштiгiн анықтау әдiсi стандарты), немесе кең маңызды – сапаның көрсеткiштерiнiң кешенiн тексеру (мысалы, шелк және жартылай шелктен жасаған тек бұйымдарды сынақ әдiсi стандарттары).
Сертификаттау тәжiрибесi стандарттардың араласқан түрлерiн әзiрлеудiң қажеттiлiгiн туындатты - өнiм және бақылау әдiсi стандарттары, оның iшiнде, өнiмнiң (қызметке) қауiпсiздiк талаптары және қауiпсiздiктi бақылау әдiсi стандарттары. (мысалы, ГОСТ 25779-90 "Ойыншықтар. Қауiпсiздiктiң және бақылау әдiстерiнiң жалпы талаптары").
Өнімге стандарт өнімінің функционалдық қызметіне сәйкестігін растап, соны қамтамасыз ететін талаптардан құралатын нормативтік құжат.
Өнiм (қызметтер) стандарттары бiртектi өнiмдердiң (қызметтердiң) топтарына немесе нақты өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Өнiмдерге (қызметтерге) стандарттардың келесi түрлерiн әзiрлейдi:
а) жалпы техникалық жағдайларды бiртектi өнiмдердiң топтарына қойылатын талаптарды өзiнде ұстайды. (мысалы, СТ ҚР 1061-2002 "Ұйытылған сүт өнiмдерi. Жалпы техникалық шарттар". СТ ҚР 1040-2001 "Жолаушы тасымалдауға көлiк қызметi. Жалпы техникалық шарттары.)
ә) техникалық шарттардың стандарттары нақты өнiмге (қызметке) қойылатын талаптарды белгiлейдi. (мысалы, ҚР СТ 982-95 "Айран. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1095-2002 "Мақта талшығы. Техникалық шарттар"). Көрсетiлген өнiм стандарттар өз құрамына мысалы, әдетте келесi бөлiмдер кiргiзедi: жiктеудi; негiзгi параметрiн және (немесе) өлшемiн; техникалық (жалпы техникалық) талаптарды; қабылдау тәртiбiн, таңбалауды, буып-түюдi; тасымалдауды; сақтауды;
б) жалпы техникалық талаптар стандартты жалпы техникалық шарттарды стандарттардың тек бiр бөлiмi бар бiрмаңызды стандарттар. (мысалы, ҚР СТ 37-98 "Машинамен немесе қолмен өрнектеп тiгу. Жалпы техникалық талаптар");
в) техникалық талаптардың стандарттары – техникалық шарттар стандарттарының тек бiр бөлiмi бар бiр маңызды стандарттар.
(например ГОСТ 20902-95 "Мемлекеттiк тамақ iшетiн столдар. Атқарымдық өлшемi", ГОСТ 20809-75 "Аң аулау патроны. Тұрпаты және негiзгi өлшемi").
5. Техникалық шарттар (ТШ). Техникалық шарттарды сатылуға, шығарылуға арналған өнiмдерге (құрама бөлшектерге, жартылай дайын өнiмдерге) келесi жағдайларда әзiрленедi:
• осы өнiмге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттар болмаған жағдайда;
• қолданылудағы жалпылама техникалық шарттар мен талаптарды осы өнiмнiң ерекшелiктерiн ескере отырып нақтылау қажеттiгi туындағанда;
• қолданылудағы стандарттар мен техникалық регламенттерге нормалар мен талаптар жоғарылағанда.
Техникалық шарттар төмендегiлерге әзiрленуi:
• бiр нақты өнiмдерге, заттарға, материалдарға және т.с.с.
• ортақ белгiлерi бар, әртүрлi параметрде және (немесе) өлшемде бiрыңғай конструкциясы бар бұйымдардың, заттардың, материалдардың және т.с.с. бiрнеше нақты түрiне.
Техникалық шарт әзiрленбейдi:
•техникалық тапсырма немесе өнiмдi шығаруға жеткiлiктi қажеттi талаптар қойылған құжаттар бойынша шығарылған жеке өнiмдер үшiн;
• бiр кәсiпорынның тiкелей тапсырысы бойынша белгiленген көлемде әзiрленетiн әрi өңделетiн заттарға, материалдарға және жартылай дайын өнiмдерге;
• бiр кәсiпорынның өнiмiнiң құжаттамасына кiретiн конструкторлық құжат бойынша әзiрленетiн бұйымның құрама бөлшектерiне;
• үлгi-эталон, техникалық сипаттама, техникалық құжаттама бойынша белгiленген тәртiппен әзiрленетiн өнiмге;
• өнiмдi жөндеу нұсқамасы бойынша жөндеуден өткiзгенде.
Техникалық шартты iске қосу мерзiмiн оны бекiтетiн ұйым белгiлейдi, бiрақ мемлекеттiк тiркеуден ерте болмауы керек.
Техникалық шарттың қолдануда болатын мерзiмiн оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзетiн мекеме белгiлейдi, бiрақ 5 жылдан артпауы керек.
Өндiрiстен алынып тасталынған өнiмнiң техникалық шарттары запас бөлшектердi және қолданылудағы бұйымды жөндеуден өткiзуге пайдалануға болады. Ондайда техникалық шарттың титульдiк бетiне "Жөндеу мақсаты үшiн" деген белгi жасалынады және қолданылу мерзiмi шектелген болса, ол шектi алып тастайды.
Техникалық шартпен белгiленетiн талаптарды Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңының ережелерiн және нормативтiк құжаттардың талабын ескере отырып, өнiм өндiрушi, техникалық шартты әзiрлеушi және тапсырушы анықтайды.
Техникалық шарттар өнiмнiң сапасына мiндеттi және (немесе) ұсынымды нормалар мен талаптар қоюы мүмкiн.
Егер техникалық шарттардың мiндетiне жатпайтын талаптары тапсырушы мен (тұтынушымен) екi арадағы шартта көрсетiлген болса, онда ол мiндеттi түрде сақталуы керек.Қазақстанда қолданылатын осыған ұқсас өнiмдерге мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда және техникалық регламенттерде өнiмнiң сапасына және қауiпсiздiгiне, қабылдануына, бақылауға, буып-түюiне талаптар қойылған болса, онда бұл талаптар техникалық шарттарда қайталанбауына болады, тек техникалық шарттардың тиiстi бөлiмдерiнде осы құжаттарға сiлтеме жасалынады.
Техникалық шарттардың техникалық деңгейiне жауапкершiлiктi әзiрлеушi ұйым өзi алады.
Техникалық шартты әзiрлеу жөнiндегi шартқа байланысты әзiрлеушi ұйым, өнiмдi шығарушы және тапсырысшы техникалық шарттарды төлқұжатының иегерi болады.
Егер өнiмдi өндiрiске қою туралы шешiмдi қабылдау комиссиясынсыз қабылдаса, онда техникалық шарттың жобасын тапсырысшымен (негiзгi тұтынушымен), өнiмнiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау органымен және басқа да мүдделi ұйымдармен, олардың құзыретi шегiнде, келiсiледi.
Негiзгi тұтынушылары анықталмаған өнiмге техникалық шарт өз бастауымен әзiрленгенде мемлекеттiк қадағалау органдарымен олардың құзырының шегiнде келiсiледi.
Егер техникалық шарттың жобасында адамның өмiрi, денсаулығы және мүлкi, қоршаған ортаны қорғау үшiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар қойылған мемлекеттiк немесе мемлекетаралық стандарттарға сiлтеме болса, сол сияқты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қадағалау органы белгiлеген ережелер мен нормаларға сiлтеме болса, онда техникалық шарттың жобасы бұл органдармен келiсiлмейдi.
Техникалық шарттың жобасының келiсiмдi келiсiм беретiн ұйымның басшыларының "келiсiлдi" деген белгiсiнiң астына қолы қойылып, мөр басылады немесе жеке құжатпен қабылдау комиссиясының актiсi, хатпен, қаулымен т.с.с. келiсiледi.
"Келiсiлген" деген белгiнiң астына қол қойған күндi,нөмiрiн және техникалық шарт келiсiлген құжаттың атын көрсетедi.
Техникалық шартты тапсырысшы ұйымның (егер ол бар болса), немесе әзiрлеушiнiң, немесе өндiрушiнiң, техникалық шарттардың түпқұжатының иегерi, басшылары бекiтедi.
Техникалық шартты бекiту техникалық шарттың түп құжатының иегерi ұйымның басшысының қолымен рәсiмденедi, "Бекiтемiн" деген белгi қойылады.
Техникалық шартын цифрлық шартты белгiлеудiң мысалы:
ТШ 7500 ҚР 85674315 ЖСК-003-2003
7500 – Алматы қаласының коды
ҚР – Қазақстан Республикасының қысқаша аты
85674315 – ОКПО бойынша ТШ түп нұсқасын ұстаушының коды
ЖСК – ТШ бекiткен ұйымының меншiк түрiн белгiлеу.
003 – ТШ тiркеу нөмiрi.
2003 – бекiту жылы.
Жеке кәсiпкерлер үшiн технологиялық шарттың белгiлеуiнде ОКПО бойынша техникалық шарттың түпнұсқасын ұстаушының кодының орнына РНН және ЖК (жеке кәсiпкер) деген белгiлер берiледi.
Мемлекеттiк басқару органдарын қайта құру кезiнде және шартты цифрлық белгiлеудi өзгерткенде ескi белгiлеу оның күшiн жойғанша немесе қайта қарағанша сақталады.
Техникалық шарттарға енгiзiлген өзгерiстер техникалық шарттарға белгiленген тәртiпте тiркеледi, бекiтiледi және келiсiледi.
Техникалық шарттарды ертерек келiсiлген ұйымдардың мүддесi бұзылмаса, онда техникалық шарттарға енгiзiлмекшi өзгерiстердi тек тапсырысшымен (негiзгi тұтынушымен) ғана келiсуге болады.
Техникалық шарттар, оның өзгерiстерi стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi өкiлеттiк құқық берген Мемлекеттiк қадағалау органдары және мемлекеттiк ұйымдар мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өткзедi.
Техникалық шарттарды өзгерiстерiн тiркеуге өткiзу үшiн техникалық шарттардың көшiрмесiмен бiрге тапсырады.
Мемлекеттiк тiркеуге келiсiлген және бекiтiлген техникалық шарт бекiтiлген күнiнен бiр айдан кешiктiрмей ұсынылады. Төмендегi техникалық шарттар мемлекеттiк тiркеуден өтпейдi:
• өнiмнiң тәжiрибелiк (партия) үлгiлерi;
• шикiзаттың, материалдардың, жартылай дайын өнiмдердiң технологиялық өнеркәсiп қалдықтары;
• дербес жеткiзiп беруге арналған немесе бiр кәсiпорынның тiкелей тапсырысы бойынша дайындалатын бұйымның, жартылай дайын өнiмнiң, заттардың және материалдардың құрама бөлшектерi;
• халықтың көркем кәсiбiнiң сувенирлерi мен бұйымдары (қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдардан басқалар);
• жеке өндiрiс өнiмдерi.
Мемлекеттiк тiркеуге жолдама хатпен бiрге тапсырады:
• техникалық шарттар (оның өзгерiстерi) – 4 дана;
• титулдық бетте қол қойылған болғанда техникалық шарттардың мүдделi ұйымдармен техникалық шарттардың келiсiлгендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесiн;
• қабылдау комиссиясының мүшелерi қол қойған қабылдау комиссиясының бекiтiлген актiсiнiң көшiрмесi немесе техникалық шарттармен анықталған нормалар мен талаптарды растайтын құжаттарды.
Өнiмнiң қауiпсiздiгiн растайтын Республиканың мемлекеттiк қадағалау органдарының өндiрiс өнiмдерiне лицензияның берiлуiн жүзеге асыратын органдардың қорытындысын. Өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызметтiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау органдарының тiзiмiн Қазақстан Республикасының үкiметi анықтайды.
• жалпы түрiнiң сызуын (қажет болғанда) немесе iрiгабариттi бұйымның фотосуретiн;
• өнiмнiң каталогтық парағын 4 данадан;
Мемлекеттiк тiркеуге техникалық шарттарды кiтапша етiп, мұхабамен тапсырады. Тiркеудiң алдында техникалық шарттар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға және техникалық регламенттерге сәйкестiгiн анықтауға сараптамадан өткiзедi.
Техникалық шарттардың (өзгерiстiң) титулдық беттiң қол қойылған бос жерiне тiркеушi орган бекiтiлген түрдегi штамп басады. Штампта техникалық шартты тiркеген органның атауы, күнi және мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрi қойылады. 
Мемлекеттiк тiркеуден кейiн техникалық шарттың екi данасы тiркеуге берген ұйымға қайтарылады.
Техникалық шарттың үшiншi данасы және өнiмге каталогтың парақ техникалық шарты тiркеуден өткiзген органда, даулы сұрақтарды шешу үшiн қажет дана ретiнде қалады.
Техникалық шарттың төртiншi данасы техникалық шарттың әзiрлеу деңгейiне талдау жүргiзу, техникалық шарттың каталогын және өнiмнiң каталогтау жүйесiн құру үшiн Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi өкiлеттi еткен органға қайтарылады.
Мемлекеттiк стандарттау жүйесiнде тiзiмге тiркелмеген техникалық шартт және оған дайындалған өзгерiстердiң күшi болмайды және пайдалануға жiберiлмейдi.
Үрдіске стандарт (қызметке)- үрдіске қатысып, талаптардан тұратын (мысалы: техникалық өндіріс) немесе қызметке (мысалы: автокөлік саласында қызмет көрсету, банктік қызмет көрсету, білім беру) қойылған талаптар бейнеленген нормативтік құжаттар.
Үрдіске(жұмыстарға) стандарттар өнiмдi әзiрлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, жөндеу кәдеге жарату процестерiнде әр түрлi жұмыстарды орындау әдiстерiнде (рәсiмдер, қабылдау, тәртiптер, номалар) негiзгi талаптарды белгiлейдi. Мысалы, ГОСТ 26907-86 "Қант. Ұзақ сақтау шарттары", ГОСТ 7595-79 "Ет. Сиыр етiн сату үшiн жаймалау".
Үрдіске (жұмыстарға) стандартарында технологиялық опреациялар жүргiзiлу кезiндегi адамдардың өмiрi және денсаулығы және қоршаған ортаны сақтау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар кiруi керек.
Қазiргi кезеңде сапаны басқарудың жүйесiндегi басқару процестерге стандарттардың маңызы зор – құжаттамаларды, сауданы, кадрлердi дайындауды басқару және т.б., сондықтан басқару процесi – кәсiпорындардың сапа жүйесi әсер ететiн фирмалық стандарттарына тән объектiлерi.
 Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ).
Мемлекетаралық стандарттардың объектiлерiне мыналар жатады:
• жалпы техникалық нормалар мен талаптар, оның iшiнде бiрыңғай техникалық тiл;
• типтiк өлшемi, типтiк өлшемi қатары және жалпы машиналық қолданылудағы (подшипниктер және бекiту бұйымдары және т.б.) бұйымның конструкцияларының типтерi, сыйысымдыбағдарламалар және ақпараттық технологияның техникалық құралдары, заттар мен материалдардың қасиеттерi туралы анықтамалық деректер, өнiмнiң жiктелуi және кодталуы; 
• iрi өнеркәсiптiк және шаруашылық кешендер (көлiк, энергетика, байланыс);
• халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, өмiр сүру ортасын бақылаудың жүйесiн құру, табиғаттың және техногендiк апаттың болу мүмкiндiгiн ескере отырып, халықтың және халықшаруашылығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
• кейбiр мемлекеттер шығарылатын өзара жеткiзiлетiн өнiмдер.
Мемлекетаралық стандарттарды, мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi ТМД елдерiнiң комитеттер әзiрлейдi.
Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық Кеңес қабылдайды. Ал құрылыс саласында – ТМД елдерiнiң құрылыстағы Стандарттау, техникалық нормативтер және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдайды.
Мемлекетаралық стандарттарды қабылдаған соң, Минск қаласында орналасқан стандарттар жөнiндегi Бюрода тiркеледi. Әзiрлеудiң, қабылдаудың, өзгерiс енгiзудiң және ГОСТ-ы жоюдың тәртiбi тарап 3,32 тарауда кең қаралған.
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекетаралық стандарттар Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң бұйрығымен енгiзiледi. Бұйрықта әр сертификат үшiн Қазақстан ауқымында Мемлекеттiк стандарт ретiнде күшiне кiретiн күнi белгiленедi және сонымен бiрге оған қайшы келетiн (не оны қайталайтын) халықаралық немесе мемлекеттiк стандарт күшiн жояды.
Аса қажеттi келiсiм мемлекеттерiнiң қатысушыларының бәрiнiң мүддесiне қатысы бар негiзiн салушы стандарттар үшiн, Мемлекетаралық Кеңес барлық мемлекеттерге күшiне кiретiн күнiн белгiлейдi.
Стандарттар жөнiндегi бюро стандарттары кiрмеген күшiнен бастап 2 жыл iшiнде мемлекетаралық стандарттардың күшiне кiру күшiн белгiлейдi. Оны белгiлеген кезде мемлекет-әзiрлеушiнiң ұлттық органының тиiстi ұсыныстары ескерiледi.
Мемлекеттiк стандартқа ұқсас мемлекетаралық стандарты қабылданса, онда Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет бұл мемлекетаралық стандартты тек мемлекетаралық қатынаста қолдануы туралы шешiм шығара алады. Бұл жағдайда мемлекеттiк стандарт iшкi қатынастарға жұмыс iстей бередi.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет өкiлеттiлiк берген орган (РГП"Стандарттау және сертификаттау Қазақстан институты". МГС-ң стандарттау жөнiндегi бюросынан тiркелген стандарттарды және олардың күшiне енгенi туралы ақпарат алып отырады, мемлекет стандарттарды көбейтiп шығаруды және олармен Қазақстанның заңды және физикалық тұлғаларын қамтамасыз етедi.
Мемлекетаралық стандарттарды шығарғанда құжаттардың алғы сөзiн қайта рәсiмдейдi, сөйтiп оған осы құжаттың Республикада iске қосылғаны жөнiндегi қосымша ақпарат кiредi.
 Техникалық регламент.
Техникалық регламент – мiндеттi талаптарды не тiкелей, не болмаса стандартқа немесе ережеге сiлтеу жолымен, не болмаса осы құжаттардың мазмұнына қосу жолымен белгiлейтiн нормативтiк құжат. Ол терминологияға, белгiлеуге, буып-түюге, таңбалауға қойылатын талаптарды өнiмдерге, процестерге (жұмыстарға), қызметтерге немесе өндiрiстiң әдiсiне қолданылатын дәрежеде қамтиды немесе ерекше мазмұндауы мүмкiн. Бұл анықтама Қазақстан Республикасының. "Стандарттау туралы" Заңында белгiленген.
Қазақстанның әлемдiк сауда ұйымына кiру болашағы стандарттау жөнiндегi жұмыстың тәжiрибесiн осы ұйымның талаптарына жақындату қажеттiлiгiн туындатты.
"Стандарттау туралы" Заңға 2003 жылдың шiлде айының 10-шы жұлдызында енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес техникалық регламенттерге құзыретiне мiндеттi талаптарды (құрылыс, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелердi, фармокопеялықбаптар, өртке қарсы қауiпсiздiк және төтенше жағдайлар, қатағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауiпсiздiк, жолдарда және барлық көлiктегi қауiпсiздiк нормалары мен ережелерi және басқаларын), белгiлеуге кiретiн мемлекеттiк басқару органдары қабылдайтын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттiк стандарттарды жатқызу керек.
Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың талаптарын Қазақстан Республикасының ауқымында орналасқан шаруашылық субъектiлерiнiң барлығы орындауға мiндеттi. Техникалық регламентке жатқызылған нормативтiк құқықтың актiлер мен нормативтiк құжаттар мына мақсаттарда қабылданады:
• азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн қорғау үшiн;
• қоршаған ортаны, жан-жануардың өмiрi мен денсаулығын және өсiмдiктердi сақтау үшiн;
• техникалық қауiпсiздiктi сақтау үшiн;
• тұтынушыларды (сатып алушыларды) адастыратын iс-әрекеттiң алдын алу үшiн.
Республикада бекiтiлетiн және қолданылатын техникалық регламенттер туралы ақпараттарды жеткiзу және әзiрлеу процесi көптеген жағдайда мүдделi тұлғалар үшiн белгiлi бола бермейдi. Республикада қолданылатын техникалық регламенттер туралы бiрыңғай деректер базасы жоқ.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1.Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарттау жүйесіндегі стандарттар түрлерін айтыңдар және сипаттаңдар

Ұсынылатын әдебиеттер
1.    «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2.    «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3.    «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4.    Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 10542 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]