Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

СОТ ЖҮЙЕСІ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.02.2014, 00:43
                             СОТ ЖҮЙЕСІ

      1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
    2. Жергілікті  соттарға мыналар жатады:
     1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
      2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
   3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
   4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
                          
                           Сот жүйесінің бірлігі

    Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
     1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
      2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
      3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
      4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
      5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
      6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
           Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар
       Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
            
            Аудандық және оларға теңестірілген соттар
       Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық  соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.
 Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
 2.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
 3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
    
                     Аудандық соттың құрамы

1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
 Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.
2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

            Аудандық  соттың өкілеттілігі

   1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
   2. Аудандық сот:
   1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.
   2) сот статистикасын жүргізеді;
   3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады.
   
                    Аудандық соттың төрағасы

   1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
   1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
   2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
   3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
   4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
   5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;
   6) өкімдер шығарады;
   7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
   2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
    Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының  өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.
 
          Облыстық және оларға теңестірілген соттар 
Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру

1.   Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті  құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2   . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
    Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
   
             



              Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық  сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық  соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық іатер жөніндегі алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.

                     Облыстық соттың өкілеттігі
Облыстық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
4) облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

                       Облыстық сот алқалары

1. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.
2. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
          Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған  құрам түзуі мүмкін.

          
                    Облыстық сот төрағасы

1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;
6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды; 
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
8) сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;
9) өкімдер шығарады;
10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
12) заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.  
2.Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.
3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

           Облыстық сот алқаларының төрағасы                            1.Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етеді;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.

  
Облыстық соттың жалпы отырысы

1.Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:
1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
5) уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;
6) облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті  қорытындылар жасайды;
8) уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
9) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді;
10) заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың  жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады.
 
   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Соттың өкілеттігі
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық  және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды  жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.    
 
            Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. 
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық  кеңес және баспа органы құрылады.

                  Жоғарғы Сот алқалары
1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын –алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын  Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады. 
2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және  қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

                Жоғарғы Сот Төрағасы

1. Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми –консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;
6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді; 
10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:
11) өкімдер шығарады;
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
2) Соттардың тиісті  жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;
3) Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы , Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;
5) Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындаған жағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;
7) Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;
8) Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
9) Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2629 | Загрузок: 115 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]