Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Салааралық стандарттар жүйесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:50

Салааралық стандарттар жүйесі.
Лекция мақсаты:
Лекция сұрақтары:
1.    Өнімді өндіріске әзірлеуді және қоюды стандарттау. 
2.    Еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттау (ЕҚОС). Қоршаған ортаны қорғау облысындағы стандарттау (ҚОҚ). 
3.    Салааралық стандарттар жүйесі. Конструкторлық құжаттаманы стандарттау (БТҚС).
4.    Технологиялық құжаттаманы стандарттау (БТҚС). 
5.    Жіктеуді стандарттау және техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау (ЖСТЭӘФК).Жіктеу объектілері. 
6.    Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттар жіктегіштері
7.    . Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың жүйесі. Негізгі принциптері, ережесі,тәртібі және талаптары.   
Лекция мазмұны
   Метрологиялық сараптама – стандарттау мен метрология бойынша конструкторлық және технологиялық құжаттамалардың сапасын қамтамасыздандыру үшін қажет. Конструкторлық құжаттаманың сапасын өндірілген өнімнің сапасы анықтайды. Конструктор есепті шешу үшін минималды шығынмен нәтижеге қол жеткізуге бел буады. Қазіргі уақытта конструкторлық құжаттаманы жасауда сатылардың оптималды реті жасалған және мемлекеттік стандарттармен регламенттелген міндетті сатылар жасалған. 
   Бұл этаптарда жаңа өнім өндіру, оны өңдеу жолдары, жасау мен эксплуатация, конструкция бойынша қорытынды және принципиалды  техникалық нәтижелер анықталады және тексеріледі. Жасалған этаптардың көлемдері және өңдеуге жататын конструкторлық құжаттама мемлекеттік стандарттармен бекітілген. 
   Техникалық құжаттамаға өзгертулер енгізу үшін өнімді жасаудың жұмысшы сызбаларын өңдеу, негізгі үлгілерді ары қарай жасау, ал олардың тоқтап қалуы қателер мен кемістікке алып келеді. Сонымен қатар сызбалар сандарттарды өзгерткенде және сатып алынатын өнімдер мен материалдарды, өнім сапасын жоғарылату шараларын, оның материалының көлемін азайту, модернизацияны жүргізу және т.б. өзгереді. 
   Конструкторлық құжаттаманың сапасы ең алдымен өндіріс процесі жүргізілгенде және өнімнің келесі эксплуатациясы кезінде тексеріледі. Конструктірлеу сапасы өзінің технологиялылығымен ерекшелінеді, яғни талап етілетін уақыт пен шығындарды пайдалана отырып өнімді өндіру. 
   Метрологиялық сараптау өндірілетін өнімнің көпке жарамдылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Ол  ақауды жөндеу кезінде үлкен шығындар мен қателерді болдырмау үшін жобалау сатысында жасалады. 
   Метрологиялық сараптама МС 1325-86 әдістемелік қамтамасыздандыру регламенттелгенде жүргізіледі, онда өнімді қолдану мен сынау, әзірлеу, өңдеу стадияларында бақылау-өлшеу операцияларының эффективтілігін қамтамасыздандыру қатарлы талаптары бекітілген. 
   Ең басты талаптарының бірі – өзара алмасатын  және сапаны бақылау анықтығы мен эффективтілігін қамтамасыздандыру мақсатымен өлшенетін параметрлер номенклатурасын оптималды анықтау. Зерттеу процесінде жетістік пен өлшенетін номенклатураның негізділігін және бақыланатын параметрлер, сонымен қатар олардың бақылауға шығын азайтуға әкелетін қысқару мүмкіндігі немесе осындай өлшем. Техникалық талаптарды білдіру үшін стандартталған терминдер қолданылу керек. Егер де спецификалық  қолданылатын болса олардың анықтамалары қосымшалану керек. 
   Дайын өнімнің техникалық шартына (ТШ) сай келетінін анықтайтын зерттелетін параметрлер номенклатурасының толықтығын, дайын өнімді сынау параметрлерін, оның технологгиялық параметрлерін анықтау керек. Ерекше назар еңбек қауіпсіздігінің шартын бағалау, қоршаған ортаны ластау, материалды құндылық есебіне талаптарының жеткіліктілігіне аударылады. Бақыланатын номенклатураның қысқаруы немесе қиын бақыланатын параметрлерді ауыстыру эксперименталды немесе есепті зерттеу негізінде жасалуы мүмкін. Параметрлер номенклатурасының негізделуі, оның толықтығы мен дұрыстығы олардың жеткілігінің анализінде, олардың арасындағы тәуелділігін эксперименталды зерттеу нәтижелері мен әдістемелерінде негізделуі керек.
   Метрологиялық сараптау аумағына өндіру процесінде талап етілетін дәлдікпен  конструкциялы өнімді керекті параметрлермен бақылау мүмкіндігін қамтамасыздандыру, сынау, эксплуатация және өнімді жөндеуден өткізу бағасы жатады. Бұл мақсатпен параметрлері өлшенетін бет жағына қол жеткізу мүмкіндігін тексеріледі және т.б. Өлшеу нүктелеріне қол жеткізу қиын болса, арнайы немесе оригиналды өлшеу құралдарының талаптары негізделмеген болса, онда оның функционалды сапасы нашарлаусыз өнімнің конструкциясын өзгерту туралы ұсыныс жасалады. 
 Қорытынды
 Қорытындысы аз жіберілетін қателікті алу бақылау сенімділігін анықтайтын негізгі принцип болып табылады. Осыдан шыға құжаттамада – конструкторлықта параметрлерге жіберілетін ақаулар және жіберілетін бағалау қателіктері, технологиялықта қажетті дәлдікпен өнімнің реализациясын қамтамасыздандыратын олардың әдістемесі көрсетіледі. Дәлдік нормаларын тағайындау мен жіберілетін ақауларды бағалау келесіге сүйенеді:
-    нәтижелерге экономикалық және технологиялық негізделген дәлдіктерге талап,
-    өлшеу аралықтары өткізумен салыстырымды және әдістемелік инструменталдық құрамдары бар,
-    аралықтардың кездейсоқ және алып тасталмайтын құрамдары салыстырымды,
-    ҒТҚ-ның дәл сипаттамасының талаптарын белгілеу және бақылауды жүргізу әртүрлі бөлімдермен немесе қызметкерлермен жүргізіледі,
-    өлшеу дәлдігінің нормасын бекіту өлшеу қорытындысын практикалық қолдануға ыңғайсыз формаларға жол бермейді,
-    өлшеу аралықтарын бөлетін нақты функциялар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны артығырақ өлшемдермен де қабылдайды.
   Өлшеу дәлдігінің нормасын тағайындауда оның деңгейін анықтайтын шартты ескерген жөн:
-    өнімнің сапасын бағалауда бұл параметрлердің маңыздылығы,
-    өлшеу деңгейінің нақтылығы,
-    анықталған параметрлерге берілетін рұқсат өрісінің өлшемі,
-    өлшеу аралықтарының үлестірімділік заңы.
   Мысалы, қалыптасқан технологиялық процесте өлшеу дәлдігінің нормасы – жіберу аралығы рұқсат өрісінің жартысымен өлшенуі мүмкін. Технологиялық процестің дұрыс орталығын рұқсат етілген ауытқу шекарасына ығыстыру өлшеу аралығын азайтуды талап етеді. 


Метрологиялық сараптамың негізгі жағдайлары:
1.    Өлшем құралдары мен МВИ талаптарының дұрыстығы мен толықтығын орнату, оларды дұрыс таңдауды бағалау.
2.    Тапсырылған  өлшем дәлдігін және өндірістіліктің қажеттілігін алуды қамтамасыздандыратын унифицирленген өлшеу құралдарын қолдану мүмкіншілігінің артықшылықтарын орнату.
3.    Минималды өлшейтін өлшем құралдарын қлдануды және тапсырылған дәлдік бойынша бағаланатын операциялардың өз құнын бағалау, сонымен қатар өлшем құралдарының  жүзеге асуы мен техникалық процестердің жүзеге асуының сәйкестігін бағалау.
4.    МВИ- ді қолдану артықшылықтарын орнату.
5.    Физикалық шамалар мен олардың бірліктерін орнату және атауларын дәл орнату.
6.    Еңбек қауіпсіздігін орнату үшін өлшеуді жүргізу және ұйымдастыру бойынша көрсеткіштер дұрыстығын орнату.
7.    Өлшеу нәтижелерін компьютерде өңдеу кекзінде дұрыстығын анықтау, стандарттың және арнайы бағдарламалардың бар болуы және НТҚ талаптарға сәйкестігі.
Өлшем құралдарына талаптарды енгізудің негізгі принцптері:
1.    Осы талаптар қаралып отырған тапсырма түрін қамтитындығы және рационалдылығы.
2.    Метрологиямен шешілетін өлшем құралдар жүзеге асырылу және конструкторлық ерекешелігінің принцптеріне сәйкестігі.
3.    Өлшеу құралдарын қолдану шарттары өлшеу шұарттарына сәйкес болуы.
4.    Өлшем құралдарына қажетті процесстермен қамтамасыздандыру мүмкіншілігі.
5.    Өлшем құралдарының техникалық процесстерінің жүзеге асуына сәйкестігі.
Метролгиялық сараптама  екі экземплярда құрастырылатын сараптама қорытындысында мазмұндалады. Оның біреуі НТҚ жасаушыға беріледі, ал екіншісі метрологиялық сараптаманы жүргізген ұйымның өзінде қалады.
Конструкторлық құжаттамаға  метрологиялық сараптама жүргізу.
Сараптама тапсырыс бойынша жургізіледі, ол сонымен қатар конструкторлық құжаттамаға да жүргізіледі, яғни конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүгізу кезінде нақты метрологиялық талаптарды тұжырымдауды қамтамасыздандыру мақсатында жүргізіледі. 
Метрологиялық сараптама жүргізу процесінде келесі құжаттар тексеріледі:
1.    Техникалық тапсырма – бұйымды өндіру кезінде оның негізгі белгіленулерін анықтайтын құжаттың көлемі мен массасына, шығыс параметрлерінің дәлдігіне, сенімділігіне және ұзақ мерзімділігіне белгілі бір механикалық, климаттық және басқа да тасымалдау, сақтау жөндеу жұмыстарын анықтау кезіндегі жұмыстардың талаптары кіреді.
2.     Техникалық ұсыныс ( ГОСТ 2.103-68) – техникалық және технико- экономикалық негіздерді мазмұндайтын конструкторлы  құжаттар.                                                                                                           
    Техникалық ұсыныстың негізгі мақсаты - өнімге деген нақты және         қосымша талаптарды анықтау, оның сапа және сипат корсеткіштерін табу, өйткені олар техникалық тапсырмаларда толығымен көрсетілмеуі мүмкін.
   Техникалық ұсынысты жүзеге асыру кезінде, өнімнің техникалық тапсырмаларын шешудің мүмкін нұсқаларын (вариант) набады,олардың қараушы бөліктерінің компоновкасы мен іс әрекетінің принцптері бойынша ерекшеліктерін орнатады, техникалық қауіпсіздік талаптарына потенттік дәлдігі мен сәйкестігі тексеріледі. Нұсқалардың саластырмалы бағалауы барлық сапа көрсеткішщ бойынша жүргізіледі. Техникалық ұсыныстар отандық және шет елдердің тәжірибесіне және техникалық әдебиеттеріне сүйене отырып  мәліметтерді қарастырады және шешімдерді анализдейді,
Жасалған техникалық ұсыныстар метрологиялық сараптаудан өтеді – орнатылған нормалардың дәлдігі техникалық тапсырмалардың шарттарына сәйкестігі анықталады
3.    Эскиздік жобалау (ГОСТ   2,1036-68) – конструкорлық құжат, онда өнімнің жүзеге асу принцптері мен қондырғылары туралы жалпы мәлімет беретін принципиальді техникалық шешімдер болу керек 
  Эскиздік жоба метрологиялық сараптамадан өтеді. Техникалық жобалау бекіткеннен кейін жұмыс құжкатын жасау маңызды болады – жұмысшы жобасы.
Технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
  Технологиялық құжаттаманы сараптау норма дәлдігін, әдісін, құрамын, шарттарын және өлшеуді жүргізу процедураларын, өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату мақсатында жүргізіледі.
Осы стандарттың мазмұны:
•    Өлшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын енгізу;
•    Техникалық прцесстердің оптималды режимдерінің талаптарына сәйкес келетін өлшем дәлдәктерінің көрсеткіштерін орнату;
•    Өлшеуді жүргізу әдісіне дұрыс құралдарды таңдауды бағалау;
•    Унифицирленген, автоматталған өлшем құралдарын қолдану кезінде мүмкін болатын артықшылықтарды табу, ол тапсырған өлшеу дәлдігі мен қажетті жоғары өндірушілікті алуды қамтамасыз етеді.
•    Тапсырылған дәлдіктегі СИ-ді қолдану кезінде минималды еңбек көлемі мен өз бағасын қамтамасыздандыруды бағалау;
•    Стандартталған және унифицирленген өлшеу әдістерін қолдану кезіндегі артықшылықтарды орнаиту;
•    Техникалық жабдықтың өндірушілігі СИ өндірушілікке сәйкестігін қамтамасыздандыру;
•    Алынған өлшем мәліметтерді автоматтандырылған өңдеу кезіндегі маңыздылықты анықтау;
•    Физикалық шамалар мен олардың бірліктерінің аталуы мен көрсеткіштерінің дұрыс орнатылуы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін өлшеу жүргізу және ұйымдастыру бойынша көрсеткіштер;
  Техникалық құжаттарға жататындар: техникалық құжаттардың эскиздік карталары, техникалық прцесстердің, типтік техникалық процесстердің типтік операциялары, техникалық инструкциясы, спецификасы.
   Жобалық және жұмыстықтехникалық құжаттарды сараптауда орнатылған шама дәлдігі мен ідісін бақылауды тексеру негізделген.
   Норма дәлдігін метрологиялық сараптау кезінде келесілер тексерілу керек:
•    Көлемі, ауытқу түрі, сыртқы бетінің жағдайы мен ақаулары жіберілу кезіндегіүйлесімділігі;
•    Детальдарды станоктардан шешу кезіндегі және шешілмеген кезіндегі бақылауға жарамдылығы;

      Бақылау әдістерніне метрологиялық сараптау жүргізу кезінде дұрыстығын және толықтығын , осы әдістердің технологиялық жабдықтарда жүзеге асырылу сәйкестігі , бақылау операциялары сипатталған анықтамаларының толықтығы, таңдалған әдістің тиімділігі тексеріледі.
     Бақылау әдістерін сараптау кезінде алдымен дәлдігі бойынша СИ дұрыс таңдалғанын, сонымен қатар бұйымда өлшем дәлдігінің болуын және сырттай бақыла алатындығын тексеру.
    Егер техникалық құжаттағы әдістер мен өлшеу құралдарымен жүргізілетін бақылау жұмыстарында қиындық тұса немесе мүлдем жүзеге аспаса шама дәлдігі тексеріледі және СИ дәлдігін жоғарлату жөніндегі шаралар жүргізіледі.
     Сараптау кезінде бақылау әдістерінің толықтығы орнатылады, барлық әдістер мен өлшем құралдары құжатта орнатылған барлық шама дәлігімен қамтамасыздандырылады.  Егер шамаланған параметрлертексерілмесе немесе қосымша әдістерді қолдануға қажеттілік туса осы әдістердің толықтығы мен дәлдігін растайтын есептеулер, олардың дұрыстығы тексерілуі керек.
    Өлшеу жүргізу мен техникалық прцесстерді жүргізу жеткіліксіздігі анықталған жағдайда таңдамалы статистикалық бақылау әдістері, жартылай автоматтандырылған немесе автоматтандырылған СИ-ді , сонымен қатар бірнеше ұқсас СИ-ді параллель қолдану мүмкіндігі ұсынылады.
    Бақылау кезінде орындалатын барлық операциялардың жүру ережесін тексеру кезінде оның толықтығы мен анықтылығы анықталады, яғни бақылау тек соның негізінде ғана, қосымша нұсқама материалдарсыз жүргізілуі тиіс.сипатталу толықтығы техникалық құжат түріне байланысты.
    Сараптау жүргізу кезінде бақылау әдістері мен бақылаудың өзін сипаттау кезінде қолданатын түрлі терминдердің  көп мағыналы болмауына көп мән бөлінеді.
   Сараптау кезінде техникалық құжаттардың бөлек түрлері тексеріледі:
•    Бағдарламалық карта – шама дәлдігінің бақылауға жарамдылығы, олардың дұрыстығы және толықтығы, таңдалған бақылау әдстерінің сипатталуы мен экономикалылығының тролықтығы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін өлшеу жүргізу мен ұйым боынша нұсқаулардың бар болуы, термологияның, нұсқаулардың және белгіленген физикалық шамалардың дұрыстығы,
•    Эскиз карталары – көлемдері, белгілі бір ауытқулар, кемістіктің  көрсеткіштері, өнімге деген техникалық талаптар, шама дәлдігінің бақылауға жарамдылығы,
•    Технологиялық нүсқаулар – дұрыстығы және толықтығы, өнірілудің сәйкестігі, сипаталудың толықтығы анықтылығы, таңдалған бақылау әдісінің үнемділігі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін өлшеу жүргізу мен ұйым бойынша нұсқаулардың бар болуы, терминологияның, нұсқаулардың және белгіленген физикалық шамалардың дұрыстығы,
•      Жабдықтау ведомості - сипаттауда қаралған өлшем құралдарын  дұрыс белгілеу,
•    Технологиялық құжаттардың  ерекшелігі – даналық процесстерге техникалық нұсқаулардың бар болуы, басқа да техникалық құжаттардағы сипаттамалардың толықтығы, бағдарламалық карталардан басқа, олар бақылау әдісін толық сипаттауға сәйкес келмейді,
•    Операциялық және қалыпты операциялық карталар – технологиялық карталар сияқты
мысалы. гидропрестелген втулканы механикалық өңдеудің технологиялық процесстің операциялық карталары метрологиялық сараптамаға жатады. № 4 операция – тоеарлық өңдеу. 6.1 кесте.
    Картада жебірлен көлем шектеулері қарастырылған: сыртқы көлемі 22 –0,3, ішкі көлем +- 0,1, параллель беттерінің арасының көлемі 11,2 +- 0,1, ішкі диаметрі 33,57 ......,33,87......,35......(канавкалар диаметрі). Кемістікке талап              Rz =80мкм.
    Шама дәлдігін  анализдей отырып, А –ға ауыстыру бойынша детельдарды орнату дәлдігіне талаптар ескерілмеген, алайда оларды тексеру үшін сағат түріндегі индикаторды қолдану қарастырылған, ол магниттік негіздегі штативте орнатылған,  сонымен бірге айта кететін жай, индикатордың моделі мен түрі көрсетілмеген, ал магниттік негіздегі штатив индикаторлық табан деп қате аталған.
    Шама дәлдігінің бақылауға жарамдылығы күмән тудырмайды.
   Ұйғарылатын өлшем әдістерін анализдейік.
    Барлық жіберілген көлем  шектеулерін бақылау үшін  ШЦ 0-200 штангенциркульді қолдану қарастырылған (нониусы бойынша шамалардың көрсетулерісіз). Ұсынылған бақылау әдістеріеің  ешқандай көлемін қанағаттанарлық деп қабылдауға болмайды: 22-0,3, 33,57...,33,87... көлемдері үшін – тура дәл еместігі ескеріледі, ал 11,2+- 0,1, 4+-0,1, 35.... көлемдері үшін – бақыланатын беттерге жіберілмеу ескеріледі. 
Жiктегiштер.
 Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ақпаратты жiктеудiң әдiстерi мен кодтауы өзектi мәселе болып отыр. Бұрынғы КСРО-да жап-жақсы ғылыми-әдiстемелiк база болған және техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктеудiң кең жүйесi құрылған болатын.
Алайда экономикадағы қазiргi заманғы нарық шарттары Қазақстан Республикасындағы қолданымдағы жiктегiштердi жаңалауды және жаңасын құруды талап еттi.
Жалпы мемлекеттiк жiктегiшсiз мекемеаралық ақпараттың ағынының келiсiмдiк мәселесiн шешу мүмкiн емес.
Жiктеудiң және кодтаудың объектiлерi болып статистикалық ақпарат, макроэкономикалық, қаржының және құқық қорғау қызметтерiн, банк iсi, бухгалтерлiк есеп, стандарттау, сертификаттау өнiм өндiрiсi, қызмет көрсету, кеден iсi, сауда және сыртқы экономикалық қызметтер.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудi және кодтаудың бiрыңғай жүйесiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасы статистика органы жүзеге асырады.
Жүйенiң құрылуы реттеушi негiзгi принциптер, ережелер мен талаптар "Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудiң және кодтаудың бiрыңғай жүйесi. Негiзгi ережелерiнде" жазылған. Жiктегiштердi әзiрлеуде оларды халықаралық жiктегiштермен үйлестiрудi ескеру қажет.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпарат жiктегiштерi бекiту деңгейiне және қолданылу саласына байланысты келесi категорияларға бөлiнедi:
а) мемлекеттiк – МК
б) салалық (мекемелiк) – СК
в) бiрлестiктiң, кәсiпорынның, ұйымның жiктегiштерi 
(бұдан былай – кәсiпорынның жiктегiштерi жiктегiштер).
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерiн стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi бекiтедi және тiркейдi.
Мемлекеттiк жiктегiштер сәйкестендiрiлген құжаттама жүйесiне кiретiн мемлекеттiк маңыздағы салааралық (мекемеаралық) нысандағы құжаттарда болатын ақпараттарды бойына кiргiзедi және кәсiпорындарды басқару жүйелерiнiң арасындағы ақпарат алмасуда мiндеттi болып саналады.
Салалар (мекемелер) жiктегiштерi Қазақстан Республикасының министерстволары мен мекемелерiнде бекiтiледi және тiркеледi.
Салалар жiктегiштерi мемлекеттiк жiктегiштерге кiрмеген ақпараттарды немесе осы салаларға тән жiктелу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған мемлекеттiк жiктегiштерден үзiндiлердi өзiне алуы керек.
Бұл категорияның жiктегiштерi бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және министрлiктердiң, мекемелердiң ұйымдарының арасындағы ақпарат алмасу кезiнде қолданылады.
Кәсiпорындардың жiктегiштерi кәсiпорынның бастықтарымен бекiтiледi және кәсiпорынның iшiнде ақпараттық өзара iс-әрекеттi ұйымдастыру кезiнде қолданылады.
Кәсiпорындардың жiктегiштерi мемлекеттiк және салалық жiктегiштерге кiргiзiлмеген ақпараттарды немесе осы кәсiпорындарға тән жiктеу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған басқа категориялардың жiктегiштерiнен үзiндiледi өз бойына кiргiзе алады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2.    «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3.    «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4.    Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2122 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]