Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:19
Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету.
1. Сақтандырушының кірістері мен шығыстары.
2. Қаржылық нәтиже.
3. Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.
  2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикада 70 сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
  Ұлттық сақтандыру нарығының жалпы көрсеткіштері баяу да болса өсіп келеді. Жалпы сақтандыру нарығының жай-күйін талдаған кезде нақты жағдайға көз жеткізу үшін сақтандыру сыйлық-ақысының жан басына шаққандағы орташа көлемі мен олардың елдің жалпы ішкі өнімі көлемінен қосатын үлесіне назар аудару керек. Осы ыңғайда қалдарсақ, 2000 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақының жан басына шаққандағы көлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 3 теңгеден кем болады. Ал сақтандыру сыйлық-ақысы көлемінің жалпы ішкі өнімге қатысты 0,3 пайыз шамасында ғана. Бұл деректер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін елдердің көрсеткішімен салыстыруға келмейді. Оларда сақтандыру сыйлықақысы халықтың жан басына шаққанда, орташа алғанда шамамен 1800 АҚШ долларын және тиісінше ішкі жалпы өнімнің 8,5%-ін құрайды. Біз үшін мұндай көрсеткіштердің ауылы тым алыста. Бұған қарап сақтандыру қызметі экономикада және халықтың өмірінде әлі маңызды ролге ие бола қоймағанын байқаймыз.
  Жағдайда түзету үшін қабылданған шаралар да жоқ емес. Бұл орайда 2000 жылдың аяғынан бастап қолданысқа енгізілген « Сақтандыру қызметі туралы» заң мен сол жылы қарашада президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» айту керек. Аталған бағдарлама мемлекеттің азаматтардың және шаркуашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды және орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарламада қамтылған кезең ішінде сақтандыру қызметіне сұраныс өседі, бәсекеге қабілетсіз ұсақ және орташа сақтандыру ұйымдарының үлесі айтарлықтай қысқарды, болжам бойынша негізгі құрылтайшылары мен акционерлерін отандық ірі банктер, кәсіпорындар мен шетелдік сақтандыру компаниялары болатын ірі сақтандыру ұйымдары құрылады деп күтіледі. 2002 жылдың соңына қарай өмірді сақтандыру саласында -5-10 сақтандыру ұйымы, сақтандырудың жалпы түрлері саласында 15-20сақтандыру ұйымы жұмыс істейтін болады, сондай-ақ 2-3 мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымы құрылу тиіс.
  Сарапшы мамандардың пайыдауынша, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкенен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмдері әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылықты арттыруға тиісті болатын. Сондай-ақ, ірі өндірістерді жекешелендіру, жекеменшіктің үлесін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тәрізді процестерде шапшаң өзгеретін нарық қатынастырының ағымдағы сақтандыру қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал жасау керек. Осыған байланысты объективті қызығушылық та артып, уақыт өтекеле сақтандыру қызметінің жаңа түрлері де пайда болады. Ал сақтандыру саласында нарық қатынастарының қалыптасуына елдегі тұрақты саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жағдай жасады. Сөйтіп сақтандыру ісі елімізде жақсы өрістеді.
  Республика бойынша 1994 жылы 22 сақтандыру компаниясы құрылған болса, бұл көрсеткіш 1997 жылы 58-ге жетті. Енді республиканы айтпағанда, үстіміздегі жылы тек Алматы қаласының өзінде ғана сақтандыру компанияларының жалпы мөлшері 70-тен артып отыр. Мұны үлкен жетістік демесек болмайды. Дегенмен де біздегі сақтандыру қызметінің барлық түрлері бірдей ойдағыдай дамуда емес. Мысалға, статистика деректеріне сүйенсек, әзірге өмірді сақтандыру, азаматтардың меншігін (тұрғын үйді қоса) сақтандыру және зейнетақыны сақтандыру ісі өте төмен деңгейде. Себебі, сақтандырудың аталған түрлеріне деген сұраныстың артуы ең алдымен өндірістің өсуіне, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына байланысты. Бүгінгі таңда бұл салалардың қандай күйде екендігі айтпасада белгілі.
  Жалпы, сақтандыру қызметі сатылады. Ол үшін өзін немесе әлдебір мүлкін сақтандырылған адам құжат ретінде сақтандыру полисін алады. Қазіргі кезде осы сақтандыру полистері көбіне автокөлік иелері мен түрлі жүктерге беріледі.  Өйткені, бұлардан табыс мол түседі. Бұл дұрыс, сақтандыру нарығында бәсекелестіктің болуы керек дегенімізбен де тек пайдалары үшін  ғана жұмыс істеп қоюға болмайды. Осы мәселеде сақтандырудың барлық түрлері бірдей қалыптасуы үшін, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау да керек тәрізді. Қалай дегенмен де бәсеке өз алдына, тепе-теңдіктің болуы шарт.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Сақтандырушылардың қаржылық жағдайын бағалау.
2. Сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі.
3. Активтер және қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің нормативтік ара қатынасы.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 451 | Загрузок: 105 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]