Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:17
Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
1. Сақтандырушылардың қаржыларын ұйымдастырудың жалпы қағидалары.
2. Сақтық қорғауын қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының ақша айналымын айналым қаражытына бөлу және де сақтандыру қызметін ұйымдастырумен байланысты қаржы айналымы.
3. Сақтыққорғауды қамтамасыз ететін, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктері.
Сақтандыруды жүргізуге байланысты барлық құқықтық қатынастарды 2 топқа бөлуге болады: сақтандырудың өзін реттеуші құқықтық қатынастар, яғни сақтандыру қорларын жасау және пайдалану процесі және де сақтандыру ісін ұйымдастыруға орай пайда болатын құқық қатынастары, яғни сақтанатын банк мекемелерін, бюджеттен, мемлекеттік басқару ұйымдарымен, бақылау және реттеу органдарымен өзара байланысты қатынасты құқық қатынастары.
   Бірінші топтағы құқықтың қатынастар азаматтар құқық нормаларымен реттеледі, ал екінші топтағы құқық қатынастары әкімшілік, қаржылық, қылмыс процесуалдық және т.б. құқық салалары мен сала білімдері арқылы реттеледі.  Азаматтық құқыққа мүдделі жақтардың тең құқысына негізделген келісім бойынша шарттың дипозиттік құқықтық реттеу әдістері тән. Ал екінші топтағы құқықтарға реттеудің әкімшілік әдістері тән. Азаматтық құқықтық қатынастар меншік құқығын, заттық құқықты, міндеттеме құқықтарын қамтиды.
   Сақтандыруға қатысушылардың бір жағы-сақтандырушы сақтандыратын жағдай туған сәтте, келісімде көрсетілген мөлшерде зиянның орнын толтыруға, төлем төлеуге міндеттеме алады. Сақтанушы жақ келісілген сақтандыру төлемдерін төлеуге, сақтандырушыға болған оқиға жөнінде келісімде көрсетілген тәртіппен, мерзім ішінде хабарлауға, сақтандыруға байланысты басқа жұмыстарды орындауға міндеттеме алады. Сонымен сақтандыру міндеттері арқылы, сақтандыру қызметі үшін сақтанушы сақтық жарнасын төлеп отырады. Сақтандырушы келісім міндеттемелерінің өзіндік ерекшелігі бар.
   Сақтрандыруда бір жағы, сақтанушы әрдайым жарна төлеп отырады, ал келесі жағы, сақтандырушы өз төлемін сақтандыратын жағдай туған кезде ғана төлейді, егер бұл жағдай келісімде көрсетілген уақыт ішінде болмаса, сақтандырушының міндеттері орындалмай қалуы да мүмкін. Яғни бұнда қауіп белгісі анықтаушы рол атқарады.
   Сақтандыру шартының маңызды жағдайларына мыналар жатады:
- сақтандырушы мен сақтандырылғандардың атаулары;
- сақтандыру обһектілері;
- сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;
- сақтандырудың қамтамасыз етілуі;
- сақтандыру сомасы;
- сақтандыру мерзімі; сақтандыру төлемінің тарифтік ставкасы (жарна)
Маңызды жағдайлар сақтандыру полисінде жазылады және мыналар жатады: шартты толтыру процедурасы, сақтандыру төлем мөлшері, төлемді төлеу тәртібі мен уақыты, шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайлары, зиян көлемін анықтау және орынын толтыру төлемін анықтау тәртібі, франшиздер өлшемі, талас-тартысты шешу тәртібі, шартқа өзгерістер енгізу тәртібі және т.с.с. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру бизнесін заңды реттеу жүйесін құру процесі ұзаққа созылды.
   «Қазақстан Республикасында сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы 3-ші шілдеде қабылданып, 1-ші қыркүйектен бастап күшіне енді. Заң онша сәтті шыққан жоқ. Өйткені бұл заңда сақтандыру ұйымдарын тіркеу механизмдері, лицензия беру және мемлекет тарапынан бақылау механизмдері қарастырылмаған. Осыған байланысты заң жұмыс жасамай, ол адал бәсекені қамтамасыз ете алмады, осының кесірінен сақтандырушылар көп зиянға ұрынды.
   1994 жылы 16 сәуірде осы аталған кемшіліктер Президент Жарлығымен толықтырылды. Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанынан сақтандыру Департаменті құрылды. Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру 1995ж. 3 қазанда Президенттің Заң күші бар «Сақтандыру туралы» Жарлығымен жүзеге асырылды. Бұл жарлық мемлекеттік және жеке сақтандыру ұйымдарының адал бәсеке үшін ішкі сақтандыру нарығын ашты.
   Тұтастай алғанда Жарлық кешендік құқықтық құрылыс болып табылады. Бірінші жағынан ол азаматтық құқыққа, екінші жағынан әкімшілік, қаржылық және т.б. құқық ережелеріне негізделген.
   Сақтандырушының міндеттері көп қырлы болып келеді. Өйткені ол объектіні қарап бағалайды, сақтық төлемдерін есептейді және сақтанушыға сақтық полисін береді.
   Сақтандырылған жағдай туғанда сақтандыру актысын жасайды, шығынның көлемін анықтап, орнын толтыру құнын белгілейді және төлемдерді төлейді. 
   Сақтандырушы зиянға себепкер жақтан төленген төлемді өндіріп алуға арыз береді және төлемнен бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сақтанушы өз кезегінде жарнасын төлейді, шартқа қажетті мәліметтерді сақтандырушыға береді, шартты мерзімнен бұрын бұза алады.
   Сақтандыру шешімі жазбаша түрде жасалады және сақтанушы сақтандыру төлемін төлеген сәттен бастап күшіне енеді және жағдай тууына байланысты сақтық төлем сәттен бастап жұмысын тоқтатады. Жарлыққа сақтық орын толтыру төлемін төлеу тәртібі анықталған.
   Сақтандыру орнын өтеу мүлікке қатысты алғанда нақты зиян өлшемінен артық болмайды. Мүлікті сақтандыру шарты жағдайларында зиянның орнын, ақшалай құны жағынан пара-пар, табиғи түрде толтыру қарастырылған.
   Сақтандырушы кейбір жағдайларда зиянның орнын толтырудан бас тартылады. Оған сақтанушының өтірік мәлімет беруі, сақтандырылған мүлікті құтқаруға шара қолданғаны, зиянға тікелей кінәлі адамнан зиян құнын ақшалай немесе заттай алуы, сақтандырушыға болған жағдайдың себептерін зерттеуге кедергі жасауы осы жағдайлар қатарына жатады.
   Сақтандырушының ақша төлеуден бас тартуына байланысты, сақтанушы сотқа шағым жасай алады. Сақтандырушының келісімімен оған өзінің сақтандырған мүлкіне құығын бере алады, және сақтық орнын өтеу құнын толық сомамен ала алады.      

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігінің проблемасы.
2. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
3. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру тәртібі.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 765 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]