Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Рыноктық қатынастар теориясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 21:41

Рыноктық қатынастар теориясы

 

Рынок мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі рынок шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Солар арқылы кең көлемді ақпарат өңделеді, тауарлар мен кызмет керсетуді, капитал мен еңбекті ке-ректі жеріне, керсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде ағылшын экономисі А. Смит рыноктық күшті, "көрінбейтін қол" деп атаған болатын. "Көрінбейтін қол" идеясының мәні мынада, адамдар өз мүддесіне әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, түтас болғанда қоғам үшін тиімді игіліктер рыногының негізін қалайды.
Рынокты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп түсіндіруге де болмайды. Рынок түсінігін тар және кең мағынада беруге болады. Тар мағынада тауар айналыс саласы — сауда, кең мағынада рынок бүл қоғамдық өндірісті үйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді ше-шеді:
1) Қандай тауарларды, қашан және қандай мөлшерде өндіру қажет? Киімді көп өндіріп, тамақты аз ендіру керек пе, әлде керісінше ме, жазғы киімді қыста тігу керек пе, әлде жазда тігу дұрыс па? Не ендіру керек екендігін жоғары оргавдар емес, рынокта қандай тауарларға сүраныс білдіретін тұтынушылар шешеді;
2) бүл тауарларды қандай ресурстардан және қавдай технологияның   кемегімен   өндіру   керек?   Жерді   өңдеу әдістерін    таңдап    алу,     нан    мен    жемісті    химиялық тыңайтқыштарды  қолдану  арқылы  өсіру  керек  пе,   әлде басқаша әдіспен бе? т. б. Осы проблемалар ендірушілердің өзара   бәсекесі арқылы   шешіледі.   Мұнда   тиімді   ендіріс әдістерін, жана технологияны пайдалану жолымен ендіріс шығывдарын азайтқандар табысқа жетеді;
3) тауарды   кімге   арнап   шығару   керектігі   құпиясы ұлттық табысты қоғамның әр қилы мүшелерінің арасында бөлу механизмінде дер едік. Бүл процесс рыноктағы сұраныс пен үсыныстың арақатынасынан байқалады, яғни халықтың төлем қабілетін сұранысы арқылы айқындауға болады.

4.1  Рыноктық қатынастарды талдаудағы   формациялық және өркениеттік бағыттар
4.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны
Қоғамдық шаруашылықты рыноктық үйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.
Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы (ғылыми үғымы). Оның күрделі жүйеленген иерархиялық (өзара тәуелді) құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.
Дамудың белгілі бір деңгейінде тұрған өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының бірлігі мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндірістік қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді. Ол — саяси, құқықтық, идеологиялық ұлттық, жанұялық және басқа коғамдық қатынастар мен институттар жиынтығын керсетеді. Өндіріс әдісі қондырмамен өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі қоғамдық-экономикалық формацияны қүрайды. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Бүларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.
Материалистік диалектика дамудың жалпы теориясы ретінде қоғамдық-экономикалык формация дамуын зерттеудің методологиялық негізі болып табылады. Бүл теория дамудың қайнар көзі мен қозғаушы күші деп объективті қайшылықтар, қарама-қарсы жақтардың бірлігі мен күресін алып қарайды. Жүйенің маңызды жақтарының арасындағы қайшылықтардың дамуы, қарама-қарсы жақтардың сәйкес келуінің күшеюі жолымен іске асып жатады. Формациялық теорияның негізгі жағдайлары төмендегідей:
- Қоғамдық-экономикалық формациялар біртіндеп табиғи-тарихи процесс орын ауысуы түрінде дамиды;
-  материалдық өмірдің рухани өмірмен салыстырғанда жетекші  рөлі  негізгі  және туынды  қатынастардың өзара себеп-салдарлы  байланысы,   мазмұны,   мәні  жағынан  өте бай;
- өндірістік қатынас қоғамның базисі болып табылады, қондырманың базистен туынды сипаты бар;
-  таптар  тарихтың   тұлғасы   және  қоғамның   негізгі бірлігі   болып   табылады,   ал   таптық   күрес — таптардың өзара қатынастарының негізгі формасы.

4.2  Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы қауымда материалдық негіз — қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде рыноктық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар арасыңда жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық эконо-миканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рьшоктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты. 
Рынок дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқыңдайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы рыноктық қатынастардың элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс,    бәсеке болады.
Рыноктың маңызды қызметі (функциясы) еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау.  Рынок арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар қүрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкестендіреді.
Жеке меншік рыноктық шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Біріншіден, жеке меншік пен рыноктық механизм өндіргіш күштердің даму жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми-техникалық революцияның дамуы үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын қүбылыс емес. Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның әр түрлі институттары сияқты көптеген факторлардың әсерін өзіне қабылдай отырып, тұрақты қозғалыста болады.
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни шаруашылықты рыноктық үйымдастыру. Рынок адамзаттың ерекше өнертабысы болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады.

4.3 Қоғамдық дамудың  Өркениеттік теориясы
Экономикалық, мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси формалар-дың (институттардың) біртектілігі (гомогеңдігі) күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады. Жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптимальды және тиімді механизмдерін айқындау процесі жүріп, жалпы адамзат игіліктерінің ортақтығы планетарлық өркениетті қалыптастырары даусыз айқын бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі қоғамдық дамудың өркениетті теориясы қалыптасуының алғашқы кезеңі екенін де ескеруіміз керек. Мұндай теорияның қажеттілігі айқын сезілуде. Жоғарыда да атап өткендей, жалпы әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кепшілігін дүрыс түсіндіргенімен, формациялық теория қазіргі күнгі түбірлі мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге негіз бола ал-майды.
Бүл халықаралық қатынастар саласы, қазіргі әлемдік мәселелер, экономикалық жаңғырту (реформа) және т. б. проблемалар.
Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясын жасау жолындағы аса маңызды мәселелердің бірі — жүйе айқындаушы белгілерді іздеу болып табылады. Өркениетті тәсілдердің (бағдардың) негізінде адамзаттың негізгі мәселелерінің жалпы әлемдік сипат алуы және де өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің күшеюінің нақтылы фактілері, жалпы адамзаттық игіліктердің таптық, топтық, үлттық мүдделерден артықшылығын жете түсіну құбылысы жатыр. Шаруашылық өмірдің халықаралық сипат алуы, интеграциялық құбылыстардың дамуы материалдық және рухани өмірдегі қоғамдық универсалды формаларын айқындап, оларды дұрыс түсінуге мүмкіндік тудырады да, бүларға ең алдымен, жеке меншік институты (қүқығы) және оның нарықтық іс-әрекет ету механизмі, саяси қүры-лымдардың демократиялық принциптері, адамгершілік игіліктер мен адам қүқығы жатады. Сонымен өркениетті теория материалдық және рухани дамудың бірлігін айқындаушы белгілі бір формалар мен принциптердің жал-пылама және универсалдылығын мойындаудан туындайды. Бұдан өркениетті бір жүйелілік функционалды, яғни іс-әрекеттік немесе өзара әрекеттесуші және мән құраушы (яғни, мән-мазмүндық)  сипаты бар екенін көреміз.
Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандану мен кооперациялық байланыстар белгілі дәрежеге жетіп, қоғамдық ұдайы өндіріс циклдерінің үндеушілігі дүние-жүзілік экономиканың нақты сипатына айналады.
Бұл өндірушілер мен түтынушылар арасындагы негізінен рыноктық байланысқа құрылған бір үдай іс-әрекет етуші экономикалық организм — біртұтас бүкіл әлемдік ұдайы өндіріс процесін қалыптастыруға алып келеді.
Сонымен қатар, адамдардың өзіңдік қоғамдық және адами болмысын терен түсінуге ықпал ететін күштердің ортақ сипаттарының күшейгені байқалады. Бұл сипаттардың негізін адамдар іс-әрекетіне белгілі мән бере алатын және олардың мақсаты мен бағдарын айқындаушы қабілеті бар жалпы адамзаттық қүндылықтар қалайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар өркениеттіліктің іргетасын құрайтын объективті категориялар. Өркениеттің қазіргі типі ортағасырдың соңын ала қалыптаса бастады, ол кезеңде адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас та алдыңғы қатарда техниканы, технологияны қолдануы, іс-әрекет, тәжірибеде пайдаланыла бастады.
Бүл өркениет техногендік деген атау алып, адамның қоғамдағы жаңа жағдайын, ең алдымен, теңдікті қамтамасыз ету мен жеке іс-әрекеттің еркіңдігін талап етеді. Соған қарамастан, жеке іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде рынок заңдарының ықпалымен бәсекелестік нәтижесінде нақтылы теңсіздік пен тәуелділік көрініс береді. Бірақ та қоғамдық санадағы теңдік және еркіндік принциптерінің орнығуы, институциялық формалар (қүқықтық және саяси) мен қоргау шараларының қалыптасуы техногеңді өркениеттің өзіндік туындысы ретінде бүл қоғамдық емірдің принциптерін сақтауға мүмкіндік береді. Бүл өркениеттің қалыптасуыңда капитализмнің рөлі күшті екені даусыз. Техногендік өркениеттің рынок, жеке меншік, бәсеке, жалдамалы еңбек сияқты белгілері соның жүйесінде дамыды. Қоғамдық дамудың мәнін айқыңдаушы факторлардың мазмүны мен рөлінің (орнының) күшеюі экономикалық рыноктық механизмі, іс-әрекет сақталып отырғанымен де адамдардың емір сүру жағдайлары тек қана экономикалық қатынастардың жүйесімен ғана емес, көп жағдайда, өндірістік қатынастарға сыртқы фактор болып есептелетін қатьшастармен де анықталады. Сол себепті қазіргі Батыс елдеріне тән әлеуметтік әділеттік принципі, табысы ең аз топтар мүддесі үшін қайта бөлу, әр түрлі топтық мүдде-лерді еркін қорғау мүмкіңдігін және оларды мемлекеттік саясатта үйлестіріп отыру жағын капиталистік қоғамның артықшылықтарымен түсіндіруге әсте болмайды. Рынок өз мәнін экономикалық әрекеттердің универсалды әрі өте тиімді әдісі ретінде сақтай отырып, қоғамдық дамудың гуманистік принциптерінен туыңдайтын жаңа факторлардың өзгертуші әсеріне бейімделуі тиіс. Сонымен, "Рынок экономикасы" адамзаттың экономика-лық тарихындағы сапалы өзгеріс. Бүл жерде өндірушінің монополиялық статусы жойылып, ол сатып алушы (түты-нушының) рыногға айналады. Өндіруші (сатушы) өз алдына рынок құра алмайды. Рынок тек қана ерікті, өзінің тұтыну пайдасын таңдап алушы, сатып алушы болғанда ғана құрылады.

4.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері
Рынок қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты тетіктері "сұраныс", "баға" және "ұсыныс" т. б. болды, олардың бірлігі "рынок" деген ұгымды құрайды.
"Рынок экономикасы" деген үғым "рынок" үғымынан кең, оған екі сала, "өңдіріс" және "тұтыну" жатады. "Әлеуметтік реттелетін рынок экономикасы" деген ұғым одан да кең, ол рынок экономикасына, ягаи сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынушыға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Реттеуші механизміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік экономика әсерлері жатады.
Рынок әлеуметтік реттеуші деп аталады. Реттелуге жататын субъект бүкіл қоғам, оның институттары, реттелетін объект —қоғамдық экономика", яғни рыноктық процестер, оның институттары мен факторлары (олар фирма-лардың өндіріс ішіндегі қызметі емес); реттеудің мақсаты — қоғамдық қажеттерді қамтамасыз ету, рынок экономикасы басқа салаларының жалпы проблемаларын шешу.
Рынок бүгінде сатып алу, сату обьектісіне тән дәстүрлі тауарлармен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғылары ете ерекше тауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаңа сапада болуын талап етеді. Ол рыноктың материалдық-техникалық жүйесі; сатушы мен сатып алушылардың кәсіпкерлік білімі және айырбастың механизміне де сапалық өзгерістер енгізеді. Рынок экономикасы жүйесінде сұраныс рөлі өзгереді. Әрине, қандай болмасын экономиканың "өзегі" әрқашанда өндіріс болып қала береді. Ал енді рынок экономикасы үшін өндіріс нәтижесін бағалау бүрын тарихта болмаған сипат алатынын айту керек. Бүл ең алдымен ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері нәтижесінде өңдіріс технологиясында түбірлі өзгерістердің жасалуына байланысты. Осы өзгерістер адамзат тарихында түңғыш рет постиндустриалды елдерде халықтың басым көпшілігінің негізгі материалдық қажетін толық өтеуге мүмкіндік берді. Әңгіме бір жағынан түрғын үй, тағам, киім, аяқ киім туралы болса, онымен бірге жоғары білім және денсаулық сақтауға қажеттілікті өтеуге де саяды.

4.5 Рынок    инфрақұрылымы
Рынок — сүраныс пен үсыныстың баға арқылы өзара қарым-қатынасы. Экономикалық теория сұраныс, баға және ұсыныс арасыңдағы байланысты білдіретін түрлі жо-балар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерт-тейді. Онымен бірге рынокты үйымдастырудың нақтылы формаларын зерттеу қажет. Рыноктың нақты формалары төмендегі элементтерден түрады:
1) рыноктар. Қазіргі уақытта рыноктар жүйесі қалыптасты. Олар аумақтық (территориялық) белгісі бой-ынша жергілікті, аймақтық, салалық, үлттық және ха-лықаралық түрлері бойышпа капитал, ресурстар, еңбек және валюта рыноктары болып бөлінеді. Сонымен қатар "мемлекеттік", "монополиялық" және "еркін" (мемле-кеттік те, монополиялық та емес) рыноктар бар. Мемле-кеттік рыноктың басқа рыноктар үшін маңызы зор, себебі онда күні бүрын тағайындалған баға, кепілді еткізу басқа рыноктардың қозғалыстарын реттеуге әсер етеді. Рынок процесіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді. Қысқа мерзімде әсер ететін факторлар: баға дәрежесінің езгеруі, тауар запастарын ауыстыра білу, түтынушылардың ақшалай табысын реттеу.
Үзақ мерзімде осы аталған факторлардын өзі қоғамдық еңбек өнімділігі динамикасына, қоғамдық өндірістің тиімділігіне, экономиканың жалпы алғанда пропорционал-дық дәрежесіне, жеке түтыну қүрамындағы өзгерістерге байланысты;
2) рынок инфрақүрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда  (кетерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорыңдары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржала-ры)  жатады;
3) рынок институттары — коммерциялық банктер, қор биржалары,  сақтавдыру компаниялары,  аудиторлық фир-малар, еңбек биржалары, заң кеңселері, информациялық орталықтар,   жарнама   бюросы.   Рыноктың  дамыған  инф-рақүрылымы экономикалық үрдіс. Оның қалыптасуы рынок экономикасына   қатысушылардың   бірнеше   буындарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 634 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]