Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Рентаны сақтандыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:15
Рентаны сақтандыру (аннуитет, зейнетақыны сақтандыру)
1. Рентаны сақтандыру түсінігі.
2. Өмірді сақтандыру «өмір сүруіне дейін» шартының рентаны сақтандыру шартынан айырмашылығы.
3. Сақтандыру тәуекелі, сақтандыру сомасы, сақтандыру сыйақысынтөлеу тәртібі, сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтау.
4. Аннуитеттерді сақтандырудың қосымша шарттары.
  Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі «Қазақшетсақтандыру» Компаниясының құрылтайшысы ретінде 1995 жылы- 1080000, 1996 жылы- 2500000, ал 1997 жылы 3 млн. теңге және 1 млн АҚШ долларын ақшалай түрде аударды. Одан кейін бұл компанияның сақтандыру қоры 1998 жылдан бастап өсті (Қосымша 3-кесте).
  «Қазақшетсақтандыру» компаниясының құрылуына төмендегідей жағдайлар себеп болды. Қазіргі кездегі Қазақстандық сақтандыру нарығының мүмкіндіктері ірі көлемдегі қауіп-қатерді жабуды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан қайта сақтандыру сапалық жаңа маңызға ие болды. Негізгі 1999ж. 3-ші қазанда Елбасы Жарлығында бірнеше шешуші нормативтер белгіленді. Бірінші шарт бойынша жауапкершіліктің ең жоғары көлемі сақтандырушының жеке қорын 10%  кем емес, және өзінің ұстап қалған сомасының төменгі мөлшері – қатердің 5% пайзынан кем емес болып бекітілді. Бірақта Қазақстандағы көпшілік компаинялардың әлсіз қаржылық мүмкіндіктері бұл жағдайын шығудың жалғыз мүмкін жолы қатер бөліктерін жергілікті сақтандыру компаниялары арасында бірлесе сақтандыру немесе қайта сақтандыру көмегімен бөлу болып табылады. Осындай операциялардың табиғи өткізілген жолдарының бірі – 2000 жылдың ақпанындағы «Қазақшетсақтандыру»-дың ұсынысы бойынша «Қазастан» пулының құрылуы болды. Оның құрамына республикамыздың ірі сақтандыру компаниясы кірді. Сақтандыру компаниясының пулға біріктірілуі сақтандыруға қатысуға және өте ірі қауіп қатерлерді қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасы аумағында және одан ірі жерлерде мүмкіндік берді.
  Пулдың құрылуының негізгі мақсаты – сақтандыру төлемдері бойынша бірлескен міндеттемелер болды, пулға қатысушылардың жалпы жиналысы 2000-жылғы ең үздік компания деп «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру компаниясын атады. Осындан кейін «Қазақшетсақтандыру»-дың меншік қоры 15,6%, ал қайта сақтандырушылардың үлесі -84,4% құрады. (4-ші Қосымша).
  Пулдың құрамына: «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру бойынша мемлекеттік компаиня, акционерлік сақтандыру компаниялары «Авиаполис», «Алматы-Аско», «Виктория», «Интергрейт» және басқалар енді. «Қазақстан» пулының тез жойылатын қоры қауіпті жағдайлар бойынша 1млн долларды құрайды. Пулдын қауіптері ішкі нарықта орналастырудың жоғары мүкіндіктері 5млн-ға жуық долларды құрауы мүмкін. Көрсетілген деңгейден артық жауапкершілікті «Қазақшетсақтандыру» үздік компаниыясы орналастырады. Өз қызметінің қысқа мерзімі ішінде «Қазақшетсақтандыру» 1млн доллар және 3млн теңге жарғылық қорына 3,9 млрд сомаға сақтандыру міндеттерін қабылдады, оның 93,4%-ы шетелде қайта сақтандырылады.
  Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы қазанның 10-ғы Жарлығында Қазақстан сақтандырушылары қайта сақтандыру кезінде шетелдік сақтандырудан шарт бойынша міндеттемелердің 5% пайзын ұстап қалуға міндетті. «Қазақшетсақтандыру» компаниясы қызметінің бірінші жылының өзінде жоғарыда көрсетілген жарғылық қоры кезінде сақтандыру қауіпінін 7%-ға дейінгісін өзінің орындауына алуға мүмкіндігі бар еді. Мұндай біздің мемлекетіміздегі қызмет жасаушы сақтандыру компанияларының қолынан келмейді тек «Қазақшетсақтандыру»-дың шетелдік сақтандырушыларының тізімінде барлыққа дерлік елшіліктер мен халықаралық ұйымының өкілдіктерін және коммерциялық ұйымдардың, сонымен қатар олардың қатарына «Каспий ЛТД», «Филипс», «Филипс-Моррис», «Марубени корпорейшн», «Шведиш моторс», «Кока Кола», «Самсунг», «Сэндвиг», «Эрнст-энд Янг», «Шлюмберже» және басқалар көрсетілген. Отандық сақтандырушылар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі, «Астана интерпол» жергілікті қазақстандық банктердің қатысуымен компаниялар, консорсциумдар бар.
  Алғашқы жылы «Қазақшетсақтандыру» сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық қызметін бірінші рет сақтандыру опрациясынан өткізілгенін әлемдік сақтандыру бизнесінің осы заманғы ең үздік стандарттарына сәйкес келетін жағдайларын белсенді түрде жасауға бағытталды. Қазақстандағы барлық қоғамдық қатынастар жүйесінің реформалануы терең және шұғыл өзгерістерге байланысты. Қайта сақтандыру қауіптің деңгйін өз мүмкіндіктердің шеңбері шегіне дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты «Қазақшетсақтандыру»-дың алған сақтандыру сыйақының 2000-2001 жылдары сомасын мемлекеттік емес сақтандыру компаниясының мемлекеттік емес түрлері сақтандыру сыйының шамасымен тығыз байланысты.
  Болашақта  «Қазақшетсақтандыру» компаниясы көрсетілген жарғылық қормен жасалынатын сақтық қорын жасау керек және өзінің жеке ұстауы үшін орташа алғанда сақтандыру қаупінің 10%-ын, сақтандырудың жеке шарттары бойынша- 100%-ын қабылдай алады, яғни өте ірі қатерлерден сақтауды өткізу, мұнай операцияларының сақтандыру ісін анықтауда, теңзде сақтандыру, сақтандыру шарты бойынша республика сақтандырушымен бірлесе өткізу.
  Жалпы «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ қызметінің басты бағыты- инвестициялық қатерді сақтау жүйесін құру және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, шетелдік істер әріптестерге сақтандыру жөнінде қызмет көрсету. Негізінен «Қазақшетсақтандыру» компаниясында сақтандыру түрлерінің ішінде, мұнай-газ саласындағы сақтандыру мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкешілігін сақтандыру өте жақсы дамыған. (Қосымша % 6) 2001 жыл мен 2002 жылдың екінші жарты жылдынғында Қазақстанның сақтандыру нарығында   «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-ның үлес салмағы мынадай:

Жиналған сақтандыру сыйының үлесі (АҚШ долл.)

2001 жылдың 6 айы 2002 жылдың 6 айы өсуі %
Қазақшетсақтандыру
8 432 840 12 484 703 48%
Қазақстан Республикасы 45 308 041 65 725 297 45%
Үлесі %
18,61% 19,00%

2001 жылдың аналитикалық кезеңімен салыстырғанда, 2002 жылдың 6 айында «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-на жиналған сақтандыру сыйының үлесі 48% тен астам. Нарық бойынша өсуі 45% құрайды.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Зейнетақыны сақтандыру – жеке сақтандырудың түрі.
2. ҚР халықты әлеуметтік қорғау концепциясына сәйкес зейнетақы аннуитеттер нарығының дамуы.
3. Рентаны сақтандыру шартының варианттары – жылдамдығы, өмірлік аннуитет, шегерілген аннуитет, уақытылы аннуитет.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 755 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]