Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:52

Қоршаған  ортаның  ластануынан болатын  зиянның   экономикалық  бағалануы

 

Қоршаған   ортаның  ластануынан  болатын  зиян  экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік  болуы  мүмкін.  Экологиялық  зиянды  қоршаған  ортаның,   гидросфераның,   флора  мен  фауна   жағдайлары   нашарлап,  ахуалы  төмендейді  деп  түсінген  жөн.   Ал,   әлеуметтік  тұрмыс  жағдайының  төмендеуінен   байқалады.   Экономикалық  зиянды   ластану  әсерінен  болған  келеңсіз   өзгерістердің   негізгі  сипатын  ақшалай  бағалау  деп  түсінген  дұрыс.  Зиянның  тигізетін  салдары  өте  кең  спектрлі – металдардың  жылдам   коррозияға   ұшырауымен,  ауыл  шаруашылығы   өнімділігінің   төмендеуімен,   флора  мен  фаунаның   құруымен  байланысты  адам   денсаулығының   нашарлауынан  бастап,  шығындарға  дейін.
Уақытша   типтік   әдіспен  экономикалық  зиянның  экономикалық  тиімділігін  анықтауда  осы  ықпал   етумен  келген  реципиенттер  мен  шығындарға   әсер  етудің  алдын  алуға   кететін  ұсынылған  шығындардың   ең  аз  әрі   қажетті   сапасы   жобаланады.
Н.Н.Федоренко,  К.Г.Гофманның   пікірлері  бойынша   ластаушылар   әрекеттерінің  салдарынан   келеңсіздіктің   туындауы,  қоршаған  ортаның   ластану   деңгейінің   көтерілуі,  халық   арасында   және   халық    шаруашылығындағы  экономикалық   зияндардың   қосымша   шығындары  деп  түсінген   жөн.
Бұл    жерде  өндірушінің   көзқарасымен   атап  айтқанда   мәселен,  ауыл  шаруашылығы  зиян – ортаның   ластану  нәтижесінде   өнімнің   ысырабы  экономикалық   көрсеткіштердің  ахуалын   нашарлатады.  (пайда,  тиімділік т.б.)
Ал  мемлекет   алынбаған   өнімдер  мен  ысыраптардың   орнын  толтыру  үшін   қосымша  қаржылар   қарастыруға  мәжбүр  болды.   Сонымен,  халық   шаруашылығы  тұрғысынан  алғанда,  зиян   құн   түрінде   нақты  ысырапты  ашып   көрсетпейді,   тек  ысыраптың   өтеміне  кеткен   шығындарды  ғана   көрсетеді.   Белгіленген   облыста   немесе   саладағы   өнім  ысырабынан   зияндардың  шамасы  өлшеусіз   үлкен  болуы   қажет.
Кейбір   зерттеушілердің   пікірлері  бойынша   экономикалық  тұрғыдағы  зиянды  таза  табыстың,  пайданың   немесе   ұлттық   табыстың  ысырабы  деп  қабылдады.  Экономикалық  әдебиеттерде    іске  асырылмаған   мүмкіндік  немесе  пайданың  уыстан   шығып  кетуі  деген  анықтамалар  жиі   қолданылады.
Уыстан  шығарылған  пайданы   ластанудың   нәтижесінде   кәдімгі  игіліктердің  ысырабы  немесе  жоспарланған   еңбек  нәтижесінің  алынбауы,  қоршаған  ортаның  ластану  салдарынан  реципиенттерге  мүмкін   болатын   зиянды   әсерлерді,  іске   асырылмаған   шығындарды  жою  ретінде  түсінуге  болады.
Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын  шығындар  (зиян)  екі  бөлімнен  тұрады,  атап  айтқанда:  табиғатты   қорғау  шараларын  жүзеге  асырулардан  болатын  шығындар  және  экологиялық  тепе – теңдіктің     бұзылуынан  болатын   экологиялық  зияндар.
Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын   экологиялық   зиянның  құрамына   табиғатты  қорғау  шығындарын,  зияндардың    өтпеу  шығындары   мен   уыстан   шыққан   пайданың   алынбаған  табыс   түрін   немесе  жерін  де  есепке  алу  қажетті   деп  санаймыз.
Атмосфераның  кейбір  көрсеткіштері  жайлы  сөз   болғанда,  әрине,  есептеу  нүктесі   туралы  сұрақ  туындайды.  Өзгергенге  дейін   атмосфераның   бастапқы  күйінің   қандай  болғандығын  немесе  қангдай  болуы  керектігін  білу  қажет [12,143б].
Атмосферадағы  шығарындының   зиянын  бағалау  үшін  осы  әдістеме  бойынша  коэффициентін  анықтауда  мына  екі  ьелгіні  білу  керек – табиғат  ерекшелігі  мен  аумақтың  типі.  Осы  аумақта  орналасқан  объектінің   он  бір  типі  мен  аумақтың  төрт  түрі  есепке  алынады.  Кештеу  болса  да  аймақтың  барлық  ерекшеліктерін,  соның  ішінде  ассимиляциялық  әулетін  де  ескертетін  бірыңғай   коэффициентін  пайдалануға  тура  келді.  Бірақта,  бір  коэффициентте  зиян  мен  ластанудың  ықпал  дәрежесін  аумақтағы  барлық  өзгешелікті  есепке  алу  қиын.
Сонымен f коэффициенті  туралы  да  осыны  айтуға  болады. Нақты  есептеуді  қиындата  түседі.  Ал,  нақтылаусыз  шығарындының   таралу  сипаты  есепке   алынбайды.
γ – коэффициенті  келтірілген  шығарындыдан  болған   зиянның  ақшалай    бағасының  мөлщеріне  қызмет  етеді.  Ол  зиянның   соңғы  кезеңдегі  есебінде  пайдаланылады.  Бұл  коэффициенттер  жиі  түзету  жасауға  жатады.  Өйткені,  олар   экономикада  болып  жатқан  барлық  өзгерістерді  ашып  көрсетулері  қажет.  Экономиканың   өтпелі  кезеңінде   инфляция  жағдайында  γ – коэффициентін   тұрақты  түрде  пайдалану  тым  проблемалы.   Оның  мәніне  өте  жиі  түзетулер  енгізіп  тұруы  қажет.
Жоғарыда  баяндалған   атмосфераның   ластануынан  болған  зиянды  бағалау  әдістемесінің  жақтастары  мен  қарсыластары  да  бар.  Оның  сөзсіз  артықшылығы – есептеудегі  қарапайымдылығында  болып  тұр.  Бұндай  артықшылықтығы  оның  бір  мезгілднгі    кемшілігі  де  болып     саналады – есептеудің   нәтижесі  өте   нақты  емес.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша  бұл  әдістеменің  кемшілігінің  маңызы   да  аз  емес,  сондықтан  ластану  зияны  үшін   болған  төлемді  зиянның  бағалануымен  байланыстырылмайды.  Зиянның  бағалануы  бір  әдістеменің  негізінде  жүзеге  асырылады,  оны  шартты  түрде  нәтиженің  тәсілі  деп  атауға  болады,  ал  төлемді  басқа  шығын  тәсілі  бойынша  анықтайды [17,234б].
Атмосфераның  ластануынан  болған  экономикалық  зиянды  анықтау – зиян  шамасының  өзгеруіне   факторлық  талдау  жасау  әдістемесі  болып  табылады.  Бұл   әдістеме  шынында  жоғарыда  айтылған  әдістеменің  тура  есептеулерінің  жалғасы.  Шығарындының   саны  мен  ластану  көлемінің  анықталуына  байланысты,  алдымен  зиянның  базалық   деңгейі  белгілі  болуы  керек.  Ал,  одан  кейін  төмендеген  немесе  жоғарылаған  зиянның   факторлары  есептеледі.
Бірақта,  барлық  факторлардың  ықпал - әсерін  бір  мезгілде  зерттеу   өте  қиын.  Сондықтан,  өзгермені басты  фактор  жорамалданып  шығады  да,  басқа  фактор  өзгеріссіз  күйде  қалады.  Бірақ,  факторлардың  ықпалы  кещенді  сипатта  болады.   Бұдан  басқа  атмосфераның   ластануынан  келген  зиянның  шамасы   ластану  фонына (аясына) және  ластану  көлеміне,  ауқымына  қарай  өзгеріп  тұрады.  Аз  мөлшерде  ластанған  кезде,    көп  мөлшердегіге   қарағанда  зиян  мүлде  басқа  болуы  мүмкін. Зиянды  заттектің   қарапайым  сомасы  емес,  әдетте  интегралды  зиян   жеклеген  ластаушының  қарапайым  зиян  сомасынан  үлкен   болып  табылады. 
Тұтастай  алғанда  осы  әдістеме  бірінші  әдістеменің  жалғасы  және  тікелей  есептеу   әдістемесінің   кемшіліктері  мен  барлық   күрделілігі  өзіне  ғана  тән.
Атмосфераның  ластануынан  болған  экономикалық  зиянды  анықтаудың  басқа  әдісі – эксперименттікті  қосқанда   субъективті  сипатта  болады.  Сондай – ақ  зиянның  дәл  шамасын  белгілей  алмайды  және  экономикалық  есептеу  негізіне  атмосфераның  ластануы  үшін   болатын  төлемге  қызмет  істей   алмайды.
Жоғарыда  келтірілген  “Табиғатты  қорғау  шараларының  экономикалық  тиімділігінің  уақытша  типтік  әдістемесін  анықтау  мен  ластанған  қоршаған  ортаның   халық  шаруашылығына  келтірген  экономикалық  зиянның  бағалануының”,  ластаушы  заттектің   келтірілген коэффициенті  адам  организміне  сәйкес  жол  берілетін  шоғырлану  шамасының   нормасына  байланысты  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ,  бұл  коэффициенттер  негізгі  қордың,  ауыл  шаруашылығының  т.б.  салаларының  зияндарын   есептеу  кезінде  қолданылады [18,112б].
Ластаушы  заттектердің  түрлі  объектілерге  (шығындарға)  әсер – ықпалдары    бірдей  емес.  Мәселен,  адам  денсаулығына  қауіпті  болатын  сынап  буының   металға  ешқандай  әсері  жоқ.  Сондықтан,   ластаушы  заттектердің   келтірілген  коэффициенттері   әрбір  ортаға  арнайы  түрде  белгіленуі  керек.
Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын   зиянды  бағалау  әдістемесін  қолданудағы  басты  кемшіліктің  бірі – қоршаған  ортаны  ластайтын  шығарындылар (қалдықтарды  орналастыру) үшін  төлемдер   мен  зиянды  бағалау    арасындағы  өзара  байланыстың  болмауы.  Зиянды  бір  шамаларды  пайдаланып  анықтайжы,  ал  төлемдерді  басқамен  біріншісі – зиян,  екіншісі – шығын  тұжырымдамасы  негізінде  анықтайды.  Белгілі  уақытта   анықталған  аумақтағы  шығарындыға  төлем  нормаларын   анықтау  үшін   атмосфераны  қорғау   шараларына   кеткен  барлық  шығын  сомасын   ластаушы  заттектің   келтірілген  массасына  бөледі.
Сонымен,  ластанғаны  үшін   бар  төлемдердің    орнын  тек  табиғатты   қорғау  шығындары  ғана   толтырады.  Ал,  зиян  айыппұл  төлемдерімен  орны  толуы   қажет.  Айыппұл  мен     өтемақының  сомалары  көп  жағдайларда  тура  келмейді  және   олардың  дәл  келмейтіндері  екендігі  белгіленуі  керек.  Өйткені,  айыппұлдардың  белгіленуі  өзгеше  болады.  Қоршаған  ортаның  ластануынан  алынбаған  өнімдер,  табыстар,  уыстан  шығып  кеткен   пайдалардың  өтемақысы   туралы  сөз  айтып  отырғанымыз  жоқ.  Олардың  өтемақысын  ешкім  төлемейді,  өйткені  олар  төлем  құрамында  қарастырылмаған [19,154б].

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2336 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]