Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Несиелік тәуекелді сақтандыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:17
Несиелік тәуекелді сақтандыру
1. Несиелік тәуекелді сақтандырудың объектілері.
2. Экспорттық коммерциялық несиені сақтандырудың: мәні, ұйымдастыру қағидалары.
3. Өтелмеген несиелер тәуекелін ерікті сақтандыру.
Белгілі экономист В.Леонтьевтің айтуынша мемлекеттік реттеудің жеке кәсіпкерлікке бірігуі нарықтық экономикаға әсер етеді. Сонымен қатар, бұлар толықтай сақтандырумен байланысты.
   Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері.
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлымын қалыптастыру;
2) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;
3) сақтандыру негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін халықарарлық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін белгілеу;
4) сақтандырушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік реттеу белгілі-бір нысанға байланысты дәйекті саясат жүргізу үшін және отандық сақтандыру бизнесін шетелдік капитал көлемімен қатыстыруға қажет. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтандыру нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
   Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеудің уәкілетті органы болып табылады.
   Уәкілетті мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкіметтікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
   Жарлық бойынша, Ұлттық банк сақтандыру ісін қадағалап және оның жұмыс істеуінің реттелуін несиелер арқылы көрсетеді.
- Қазақстан Республикасында ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлысын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;
- Сақтандыру мен қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық қордың минимальды көлемін белгілейді.
- Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне арналған біліктілік талаптарын белгілейді және де оларды сайлауға келісім береді;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркімен қайта құрылуына және Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегінен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілеттіктерін ашуға келісім береді;
- Сақтандыру қызметін, сақтандыру боркерінің қызметін, сақтандыру нарығындағы актуалий қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін жүзеге асыру құқығына лицензиялар береді;
- Таратылатын сақтандыру (қайта с/у) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
- Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төмен қабілетіне талдау жасауды, баға беруді және бақылауды жүзеге асырады.
- Сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерін) есепке алу тәртібін белгілейді;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарилердің және уәкілетті аудиторлардың тізімін жүргізеді;
- Статистика мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің статистикалық есебінің тізбесін, нысандарын және табыс етілу мерзімін белгілейді;
- Сақтандыру нарығының қатысушыларына берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды кері қайтарып алу туралы шешімдер қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіліктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
Сақтандыру нарығын құру процесіндегі реттеудің басты әдістерінің бірі сақтандыру сақтандыру ісін лицензиялау. Лицензиялаудың мәні, яғни сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру ұйымдарының дайындағын тексеріп, сол саладағы сақтандыру ісін анықтау.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сақтандыру және қайта сақтандырушы брокерлердің, қайта сақтандырушы ұйымдардың және сақтандыру ісін лицензиялау жағдайын және тәрібін, нормативтік құқықтық актілермен белгілейді. Осыған байланысты «Сақтандыру туралы» Жарлықта өмірді сақтандыруға байланысты құқығы бар лицензия алған сақтандыру ұйымы, басқа да сақтандыру ісімен айналысуға құқығы жоқтығы көрсетілген.
   Сақтандыру агентінің қызметі лицензиялауды қажет етеді, бірақ та сақтандыру ісі сақтандыру төлемінің көлемімен және сақтандыру тәуекеліндегі бағамен өте тығыз байланысты.
   Лицензия – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің бірден-бір негізгі тапсырмасы сақтандыру ісін қадағалау және өкілетті орган арқылы реттеу. Сонымен қатар сақтандырушының ең аз мөлшеріндегі қаржысының тұрақтылық жағдайын сақтандыру операцияларымен бақылау болып табылады.
   Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкіндігін ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелрдің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттілігін сақтау қабілетімен айқындалады.
   Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері:
1) жарғылық және өз капиталының тұрақтылығының ең аз мөлшерін;
2) активтердің құны және олардың әрталаптандырылу мөлшерін;
3) сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелердің мөлшерін;
4) төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін;
5) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын;
6) көрсетілген сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің рентабельділігін (пайда келтіруін);
7) жүзеге асыратын инвестициялық саясаттың тиімділігін қамтиды.
Сақтандырушылар мен сақтанушылардың мүдделеріне қатысты Ұлттық банктің лицензия беру немесе оның күшін жою т.б. қатысты шешімі сол мүдделі жақтардың бастамасымен сота қайта қаралуы мүмкін.
   Сақтандыру қатынастарына біріншіден сақтандырушылар мен сақтанушы, екіншіден басқа заңды және жеке тұлғалар- сақтандырылғандар, сақтандыру агенттері, брокерлер, банк мекемелері, қаржы, салық, құқық қорғау ұйымдары, мемлекеттік билік ұйымдары және т.б. қатынасады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Өтелмеген несие алушының жауапкершілігін сақтандыру.
2. Қарыз алушының несиені төлеу қабілеттілігін бағалау.
3. Сақтандыру келісімінің жасалу тәртібі, сақтандыру жағдайы кезінде екі жақтың жауапкершілігі мен міндеттері.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 747 | Загрузок: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]