Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылау


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:50

Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылау.

Лекция мақсаты:Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылаумен студенттерді таныстыру

Лекция сұрақтары:
1.    Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау. Негізгі мақсаттары.
2.     Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар. 
3.    Мемлекеттік бақылау объектілері және субъектілері. 
4.    Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың нормативтік базасы.
5.     Мемлекеттік қадағалау жүргізудің әдістемесі және формасы. 
6.    Мемлекеттік бақылау және қадағалау шешімдерін рәсімдеу. 
7.    Мемлекеттік инспекторлардың құқықтары және міндеттері. 
8.    Мемлекеттік бақылау шешімдері бойынша жасалынатын іс-шаралар. 

Лекция мазмұны
Стандарттау жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау
    ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
    Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалағы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағлау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады. 
    Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі. 
    Мем қадағалау мен бақылау жұмыстары мемстандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мем.басқару орындары мем.қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:
•    санитарлық-эпидемиялық қызмет;
•    мал дәрігерлік қызмет;
•    фитобақылау;
•    экологиялық қызмет;
•    атом өндірісін қадағалау;
•    көлікті бақылау;
•    дәрі-дәрмекті бақылау;
•    кедендік бақылау;
Мемстандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздеренің аумақтық орындарын құрады. 
    Мембақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мем стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мем стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.
    Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі.
    Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.
    Мемқадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. 
    Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:
•    өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
•    өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;
•    өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;
•    сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;
•    сапасыз өнім  шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану;
•    аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;

    Стандарт талаптарын орындау, өлшем құралдары мен сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және аумақтық ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау ұйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стнадартының аумақтық ұйымдарының мамандары құрайды.
    Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
    Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар:
•    стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық құжаттау;
•    өнім, үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларға сәйкес басқа да нысандар;
Мемлекеттік қадағалау төменгі формаларды пайлдалану арқылы жүргізіледі:
•    кезеңді;
•    қарқынды;
•    бақылаудың ерекше тәртібі;
•    жетекші сынақ және сертификаттау орталықтарындағы тұрақты өкілдік;
•    сертификатталған өнім шығаратын кәсіпорындардағы мемлекеттік инспекциялық қадағалау;
Мемлекеттік қадағалау ұйымдары:
•    Республика үкіметі мен жергілікті атқарушы билік органдары, тиісті министрліктер мен мекемелерге стандарт, өлшеу құралдары және өнімді сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағлау нәтижесі туралы ақпарат жұйелі түрде беріп отырады;
Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1)    Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспектор-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органдарының басшысы;
2)    Мемлекеттік  бас инспектордың орынбасары- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган басшысының орынбасары;
3)     Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты номативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі облыстық және қалалық мемлекеттік инспекторлары-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға бағынышты аумақты бөлімшелердің басшылары;
4)    Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау  жөніндегі мемлекеттік инспекторлар-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарға бағынышты бөлімдер мен бөлімшелердің бастықтары, барлық деңгейдегі мамандар;
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының аумақтық органдарының лауазымды адамдары заңды тұлғаларға мемлекеттік қадағалау нәтижесінде анықталған стандарттау, сертификаттау, өлшем бірлігі бойынша заң бұзушылардың жолын кесуге бағытталған жарлықтар береді;
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас инспекторы сапасыз өнімді өндіруді тоқтату туралы жарлық береді.
    Облыстық  мемлекеттік бас инспекторы төмендегі жарлық түрлерін береді:
    Мындай жағдайларда өнім өткізу, қызмет көрсетуге тиым салады:
•    стандарт талаптарына сай келмейтін өнім өндіру, қызмет көрсету жағдайларында және өнім мен қызмет сапасын тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса;
•    белгіленген тәртіп бойынша бекітілген номативтік құжатсыз өнім өндіріліп, қзмет көрсетілетін болса;
•    өнімді оның мақсаттық , өзара алмасу, сенімділік, қауіпсіздік, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін бұзу арқылы пайдалану кезінде;
    Стандарттық емес өнім дайындап, өткізгені үшін белгілі мөлшеріндегі айыппұл салынып бюджетке төленеді;
    Төменгі жағдайда сәйкестік сертификаттың немесе сәйкестік белгісінің қолдану құқығын тоқтатып, олардың күшін жояды:
•    сертификатқа сәйкес емес өнім өткізсе;
•    мерзімі біткен сертификат қолданса;
•    мемлекеттік инспекторға сертификатталған өнім туралы алдын ала қажетті ақпарат беруге тартынса; 
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының аумақтық органдары мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша стандарттық емес өнім өткізіп мемлекетке зиян келтірген кәсіпорындарға мүліктік жауапкершілік қолдану мәселесін шешу үшін  стандарт талаптарын бұзған кәсіпорын туралы ақпаратты арбитраждық сотқа береді. Сондай-ақ лауазымды адамдардың қызмет бабын асыра пайдалану немесе немқұрайлығы салдарынан мемлекетке айтарлықтай зиян келтірген болса, яғни ірі көлемде, бірнеше қайта сапасыз өнім өткізгені, стандарттық емес өнім өндірілгені туралы мәліметті прокуратура органына береді.    
1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады. 
2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттік бақылау  жүзеге асырады. 
3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары: 
1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады; 
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткізудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді.
 Мемлекеттік бақылау объектiлерi 
Техникалық регламенттің күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектiлерi болып табылады.
 Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар 
1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарға: 
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы; 
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары; 
3) облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары; 
4) облыстардың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары; 
5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады. 
2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
 3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
 Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары 
1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар: 
1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;
2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға; 
3) мемлекеттік бақылау үшін:
өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;
өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;
4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнiмдi өткізу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге; 
5) мынадай жағдайларда: 
өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмеген; 
сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялары (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) болмаған; 
өнiмдi оған құқығы болмай тұрып сәйкестiк таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылу сипаты ескерiле отырып белгiленген мерзiмде оның бұзылуын жою немесе өнiмдi өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға; 
6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға; 
7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткізушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға; 
8) өнiм өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қатысуға; 
9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға; 
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 
2. Бас мемлекеттік инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады. 
Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
 Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi 
Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар: 
1) мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы хабардар етуге; 
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; 
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға; 
4) мемлекеттік бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 
 Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы 
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.
 Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы 
1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы): 
1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін; 
2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн; 
3) көзделген мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2.    «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3.    «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4.    Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2084 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]