Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 21:48

Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні

 

9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл белгілі бір тарихи жағдайлармен шарттасылған, қажетті ұйымдастырушылық және насихаттаушы күштермен, қаржы ресурстармен бекітілген, белгілі бір кезеңдік әлеуметтік нәтижелерге арналған, белгілі бір мақсаттарды көздейтін мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметі. 
Әлеуметтік саясаттың субъектілері – бұл әлеуметтік топтың азаматтары, әлеуметтік сферада белсенді өзара әрекеттесетін, яғни бұл саладағы әлеуметтік топтар азаматтарының мүдделерін білдіретін институттар, ұйымдар және билік органдары. 
Әлеуметтік саясатының стратегиясы дамудың берілген нақты тарихи кезеңінде елдің әлеуметтік мәселелер жүйесін шешу. 
Әлеуметтік саясаттың басым бағыттары - әлеуметтік саясаттың бірініш кезектегі міндеттері ретінде көрсетілген ең маңызды мәселелерін шешу. Басымдықтар маңызды әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси мәселелердің нақты байланысы мен шиеленісінің құрамына байланысты болады. 
Әлеуметтік қорғау – бұл өмірлік қажеттіліктегі игіліктерді тұтынуға мүмкіндік беретін және белгілі бір себептерге байланысты (қарттылық, денсаулық жағдайы, жұмыстан айырылу және т.б.) экономикалық белсенді бола алмайтын және өз-өзін табыс табу арқылы қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың әл-ауқатының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Әлеуметтік қорғау жүйесіне келесі шаралар кешені кіреді: 
-    тұрақты, ақылы еңбектік қызметті ынталандыру;
-    негізгі әлеуметтік тәуекелділіктер пайда болған кезде әлеуметтік сақтандыру механизмі арқылы табыстардың бір бөлігін компенсациялау;
-    әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелері болып табылмайтын халықтың әлсіз топтары үшін әлеуметтік көмектің механизмдерін ұсыну;
-    білім, денсаулық сақтау сияқты негізгі қызметтердің барлық  азаматтарға көрсетілуі.
Тәжірибені талдау негізінде әлеуметтік қорғаудың ең тиімді және кешендік жүйелері келесі элементтерден тұрады деуге болады:
1) мемлекеттік жәрдемақылар;
2) әлеуметтік сақтандыру міндеттері;
3) зейнеткерлік қамсыздандыруды жинақтау;
4) әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік жәрдемақылар барлық азаматтарды әлеуметтік қорғауға жататын белгілі бір жағдайлар болған кезде белгілі бір деңгейде қамтамасыз ету үшін арналған.  
Міндетті әлеуметтік сақтандыру - жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің аударымдары есебінен қаржыландырылатын, азаматтардың аударымдарының деңгейіне байланысты формальді сектордың жұмыскерлерін қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақылық сақтандыру - әр азаматты дербес зейнеткерлік қамтамасыз етуге арналған.  
Әлеуметтік көмек бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарына қосымша көмек көрсетуге бағытталған. 
Сонымен қатар, азамат әлеуметтік тәуекелділіктердің болуы мүмкін жағдайынан қорғану үшін еркін аударымдар жасай алады. 
Әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделеді. 
Әлеуметтік қорғаудың жүйелері келесідей болуға тиіс:
- әділетті – жекелеген елдерде бұл әлеуметтік төлемдердің көлемі азаматтардың аударымдарына байланыссыз барлық азаматтарға бірдей болуы керек дегенді білдіреді. Басқа елдерде бұл әрбір адамды әлеуметтік қорғау оның еңбегіне, еңбек шарттарына, аударымдардың көлемі мен ұзақтығына тәуелді болуы керек дегенді білдіреді. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі айтылған екі көзқарасты үйлестіру негізінде пайда болды. 
- ынталандырушы – яғни әр азаматтың жеке жауапкершілігін ынталандыруға тиіс. Жалпы барлық еңбекке қабілетті адамдар өздерінің болашағы мен өз жанұяларының жағдайы үшін жауапты болады.
- адрестік – жәрдемақылар  оларды алуға құқылы және бұл жәрдемақылардағы қажеттілік жоғары болатын барлық азаматтарға терілуге тиіс.
- тиімді – яғни бұл жүйе жақсы басқарылатын, аз шығынды және қарапайым болуға тиіс.
Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелу керек, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықты максималды түрде қамтуы керек. 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, әлеуметтік тәуекелділіктер негізіндегі әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне қорғаудың келесі элементтерін қосады деп тұжырымдауға болады:
-  әлеуметтік тәуекелділіктерге байланысты барлық азаматтарға бюджет есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер;
- жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің аударымдары есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- жинақтаушы зейнетақы жүйе;
- бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарын қолдауда арнайы мемлекеттік бағдарлама және әлеуметтік көмек.

9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері
Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігі халықтың өмір сүру деңгейінің сапасында көрінеді. Өмір сүру деңгейі – бұл қалыптасқан қажеттіліктерден шығатын тұрғындардың материалдық және рухани игіліктермен қамсыздандырылудың деңгейі. Мұнда қажеттіліктер белсенді сипатта болады, олардың өсуі өмір сүру деңгейін туындатады.
Өмір сүру деңгейін бағалау үшін жан басына шаққандағы тамақтанудың негізгі өнімдерін тұтыну, халықтың өндірістік тауарлармен қамсыздануы, тұтыну құрылымы, еркін және жұмыс уақытының ұзақтығы, табыстардың деңгейі және т.б. сандық көрсеткіштер пайдаланылады.  
Айналымдағы көрсеткіштерге тұтынылатын игіліктер мен қызметтердің жалпы көлемі, халықты табыстар мен адам өмірінің жеке жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бөлу жатады.
Өмір сүру деңгейінің нақты көрініс алу үшін нақты мәліметтермен салыстыруға болатын белгілі стандарт қажет. Мұндай стандарт болып «тұтынушылық қоржын» табылады. Оның құрамына қажеттіліктердің анықталған бөлігін қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтердің жиыны кіреді.  
Тұтынудың минималды деңгейін қамтамасыз ететін «минималды тұтынушылық қоржынды» және тұтынудың қолайлы ғылыми негізделген құрылымын сипаттайтын «ұтымды тұтынушылық қоржынды» ажыратады. «Минималды тұтынушылық қоржын» белглі бір әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша өмір сүру минимумын анықтау негізінде жатады. 
Өмір сүру минимумы – бұл минималды қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақшалай табыстың мөлшері. Минималды өмір сүру деңгейінен адамның физиологиялық өмір сүруі үшін қажетті физиологиялық өмір сүру минимумын ажырату жөн. 
Өмір сапасының көрсеткіштеріне еңбек қауіпсіздігі мен шарттары, бос уақытты пайдалану мүмкіндігі, экологияның жағдайы, азаматтардың денсаулығы мен физикалық дамуы және т.б. жатады. Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігін көрсететін сандық және сапалық көрсеткіштер болып елдегі экномиканың жағдайы, саяси жағдай, географиялық жағдай, қалыптасқан дәстүрлер мен мәдениет табылады. 
Өмір сүру минимумының мөлшері статистика бойынша өкілетті органдармен және еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау бойынша өкілеттік органдарымен минималды қажетті азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерге кеткен шығындардың бекітілген үлесіна арттырылған минималды тұтынушылық қоржынның құнының негізінде есептеледі. 
Өмір сүру минимумы жыл сайын республика бойынша және аймақтар бойынша орта шамамен:
1) жан басына шаққанда;
2) халықтың жыныс, жас топтары бойынша есетеледі.
Кедейшілік сызығы – экономикалық мүмкіндіктерге сәйкес республикада бекітілетін адамның минималды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті табыстың шекарасы. 
Кедейшілік сызығы аз қамсыздандырылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болып табылады. 
Табыстардың мемлекеттік саясатының мәні табыс алушылардың әр түрлі топтарына дифферециацияланған салық салу арқылы және халыққа әлеуметтік төлемдер беру арқылы мемлекеттік бюджет арқылы табыстарды қайта бөлумен анықталады. Мұнда ұлттық табыстың айтарлықтай бөлігі табысы жоғары тұрғындардан төмен табысты азаматтарға өтеді. 
Мемлекет бюджет көмегімен табыстарды қайта бөлу арқылы табысы төмен азаматтар топтарының табыстарын жоғарлату мәселесін шешеді, жұмыс күшін қалыпты өндіру үшін қалыпты жағдайлар жасайды, әлеуметтік кернеуліліктің босауына әсерін тигізеді. Табыстарды қайта бөлудегі мемлекеттің мүмкіншіліктері бюджеттік түсімдермен шектеледі. Ұлттық шығындардың салық түсімдерінен көп болуы олардың бюджеттік тапшылық пен инфляцияның өсуінің қуатты факторларына айналуына әкеледі. Мемлекеттік бюджеттің алынған табыстар шамасындағы әлеуметтік шығындарының артуы нарықтық ынталарды күйрететін салықтардың шамадан тыс жоғарлауына әкеледі. 
Мемлекет ақшалай табыстардың алғашқы қайта бөлінуіне белсенді түрде араласады және қалыпты жалақының өсуінің жоғарғы шегін белгілейді. Жалақының мемлекеттік реттеудің экономикалық мәні келесідей анықталады: оның өзгеруі жиынтық сұранысқа және өндірістік шығындарға әсер етеді. Табыстар саясаты мемлекетпен өндіріс шығындарын төмендету, ұлттық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, инвестиция салуды ынталандыру, инфляцияны тежеу үшін жалақы өсуін тоқтату үшін қолданылады. Мемлекет антиинфляциялық саясатты жүргізгенде  уақытша орталықтандырылған жолмен экономикалық және әлеуметтік дамудың жалпы қажеттіліктерін ескеру арқылы жалақы өсуінің ұзақ мерзімді шегін бекіте алады.     
Нарықтық және өтпелі кезең шартындағы табыстар саясатын жүзеге асыру әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте жалақы көтерілуінің кәсіпорынның қаржылық мүмкіншіліктерімен байланыстыруды реттейтін мемлекеттік бақылау мен әкімшілік шаралардың қолданылуын жоққа шығармайтын үкіметтің қатысуымен жасалған жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еркін келісуімен жасалған әдістер пайдаланылады. 
Жеке секторда ірі кооперациялар үкіметтік шектеулермен үйлесіп, еңбекті ақылаудың өз ережелерін (келісім-шарт, контракт) бекітеді. Нарықты экономикалы елдерде жалақыны реттеудің ең тиімді құралы болып еңбекті ақылаудың кепілді минималды көлемін анықтау табылады.  
    
9.3  Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті
Басқарудың әкімшіл - әміршіл жүйесінің жағдайында барлық аймақтардың экономикасы жергілікті, республикалық, салааралық органдармен басқарылады, ал экономиканы бірыңғай басқару болған жоқ. 
Үрдістің түрлендірілуі мен шаруашылықтың жаңа шарттарына байланысты нарықтық қатынасты аймақтың ерекшеліктерімен байланысты құру қосымша мәселелерді туындатты. Бұл дамудың осы кезеңіне негізделген аймақтық мемлекеттік саясаты жүзеге асыруды және әзірлеуді қажет етеді.
Мұндай аймақтық саясатты құру келесі талаптардан шығу керек:
- қазақстанның нарығының интеграцияланған жүйесі ретінде, біріңғай жалпы республикалық нарықпен қамтамасыз ету;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиясының жағдайынан шыға отырып, маңызды аймақтық; 
- мемлекетаралық және аймақаралық байланыстарды құрғанда жалпы республикалық мүдделер басымдығын қамтамасыз ету;
- аймақтардың әр түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, еңбекті аймақтық бөлудің объективті артықшылығын және аймақтардың экономикалық қауымдасуын оңтайлы қолдану;
- аймақтық дамудың өзінің резервтеріне және ресурстарына бағдарлану, артта қалған және қолайсыз аймақтарға мемлекет жүйесімен қосымша көмек көрсету;
- тоқырауға ұшыраған және артта қалған аймақтарға әлеуметтік шарттарда көмек көрсету арқылы шамадан тыс аймақтық контрастарды жеңу. Барлық аймақтарда игілікті әл –ауқатын қамтамасыз ету, өмір сүру орнынан тәуелсіз барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік жасау.
Мемлекеттің республикалық мағынадағы маңызды аумақтық мәселелерін шешу қажеттілігі.
Аймақтық саясат елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуының міндеттері мен стратегиялық мақсаттарына жету үшін өмір сүрудің аймақтық факторларын және шаруашылықты тиімді қолдануына бағытталған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі.
ҚР аймақтық саясатының басты мақсаты халықтың өмір сүруіне тең мүмкіндік жасау және аймақтық өзін өзі басқарудың дамуын құру қағидалары мен еңбекті оңтайлы аймақтық бөлу негізінде ресурсты өндірістік әр аймақта әлуетті тиімді қолдануға қорытындылады.
Аймақтық саясаттың мақсаттарына жету келесі міндеттерді кезеңдермен шешуді қажет етеді:                                                                                               
- аймақтардың шарушылығының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, құқықтық және экологиялық, экономикалық, саяси шаралардың кешенін әзірлеу;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережесіне сай аймақтық артықшылықтарды анықтау;
- мемлекеттің экономикалық белсенділікті ынталандыру мен мемлекеттің жеке аймақтарын талғамалы қолдануының ұштастырылуы;
- аймақтық және республикааралық тауар, еңбек және капитал, нарықтың және институционалды инфрақұрылым нарықтарын дамыту және тұрғызу;
- әлеуметтік – экономикалық дамуды жеделдету және шағын және орта бизнесті олардың экономикасын дағдарыстан шығару мақсатында қайта өзгерту және қолдау;
- артта қалған ауылдар мен селоларды қайта өрлету үшін материалдық негіз құру;
- өндірістің аймақтық ұйымдасуын жетілдіру, экономиканың оңтайлы кеңістік құрылымын құру;
- өндірістік кешеннің мақсатты – ресурстарының теңестірімділігін қамтамасыз етеді, аймақтық, ғылыми – техникалық, эколого – экономикалық табиғи ресурстарын қайта құру;
- аймақ бойынша халықтың өмір сапасын әр түрлі деңгейде түзету, аймақтарда әлеуметтік саласын және экономиканың тоқырау жағдайын өту, әсіресе дамымағандарда.
Аймақтық саясаттың тәжірибелік жүзеге асуы келесі қағидаларға негізделеді:
-    бүтіндей мемлекеттің және оның бөлек аймақтарының мүдделерінің оңтайлы ұштастырылуы;
-    мемлекеттің сыртқы экономиканың қызметімен және сыртқы саясатының негізгі қағидаларымен аймақтардың келісілген қызметі;
-    өндірісті интеграциялау және аймақ аралық еңбекті тиімді бөлудің негізінде шаруашылық субъектілердің қарым – қатынасы;
-    аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының міндетін шешуде аймақтардың экономикалық тәуелсіздігі, экономиканы реформалау салдарының әлеуметтік жұмсаруы және осы мақсаттарға қажет қаржылық және өндірістік ресурстарды шоғырландыру;
-    аймақтардың халқына кепілдік және әлеуметтік нормативтерді қамтамасыз ету;
-    аймақтық органдардың халықтың өмір сапасы деңгейі, материалды –шикізатты, жер, су және басқа ресурстарды оңтайлы ;
-    қолдануына, өсімдік және жануарлар өмірінің қайта өнуіне жауаптылығы.
Аймақтық саясаттың міндеттері мен мақсаттарына сай оның келесі негізгі бағыттарын атап өтуге болады:
- сыртқы және ішкі нарықта сұраныстағы өнімді шығаруды өсіру және өндірісті қолдау, аймақтардың экспорттық әлуетін өсіру;
- экономикалық келешегі жоқ өндірісті экологиялық бақылауды күшейту мен жәндеп тоқырату;
- өндірістің базалық саласында үлкен кәсіпорындарда өндірістік қызметтің тірілуі және капиталды концентрациялау мақсатында технологиялық байланысқан өндірістерді, жаңа ұйымдық құрылымдарды құру;
- жергілікті нарықта қызмет көрсету және тауарды ұсынудың көбеюі, халықтың жұмыс орнын сақтап қалу және жаңа жұмыс орнын құру үшін жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе, шағын және орта бизнестің дамуын қолдау;
- ең алдымен, маттериалдық өндіріс саласына және аймақтық инфрақұрылымға инвестицияны, сонымен қатар тура шетелдік инвестицияны енгізуге қолайлы шарт жасау;
- сақталымды шоғырландыруға және оны тиімді инвестицияға айналдыруға қабілетті институционалды инвесторлар жүйесін, аймақтық қаржылық ресурсын құру.
Нарықтық шаруашылық шартында ұлттық экономиканың даму функциясы маңызды мағынаға ие болады. Оның мағынасы нарықтық жүйенің мынандай жеткіліксіздігінен өту қажеттілігімен негізделген, біріншіден, тауар өндіруге және ұжымдық пен                                                                                          қоғамдық тағайындауға ынталандырудың жоқтығы, екіншіден, шаруашылық субъектілерінің өзінің өндірістік қызметінің нәтижесіне мүддесінің жоқтығы; үшіншіден, жұмыс істегісі және істей алатындардың еңбегіне кепілдіктің жоқтығы; төртіншіден, азаматтардың құқығының стандартты қолайлығының кепілсіздігі; бесіншіден, ғылымда зерттеудің негізін дамытуға тұрақты негізде жәрдемдесуге қабілетсіздігі; алтыншыдан, инфляциялық үдеріске тұқралағаштығы, дамудың тұрақсыздығы.

Көрсетілген мәселелерді мемлекет қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық үдерістерге әр түрлі нысандарды қолдану арқылы әсер етеді. 
Мемлекеттік реттеу – нарықтық экономикада қызмет ететін реттеу механизімінің ішкі жүйесінің бірі, оған одан басқа, нақты нарықтық ішкі жүйе (нарықты өзін өзі реттеу механизімі), монополиялық реттеудің ішкі жүйесі (антимоноплиялық реттеу), ұлттық реттеудің ішкі жүйесі кіреді.
                     


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1534 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]