Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.02.2014, 21:16
Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.
1. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты объектілердің сипаттамасы.
2. Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру – инвестиция, табыс немесе пайда.
3. Банктік тәуекелді сақтандыру, оның түрлері.
4. Қаржылық тәуекелді сақтандыру.
  Революцияға дейінгі Ресей ипериясының құрамында болған Қазақстан аумағындағы сақтандырудың даму деңгейі жөнінде ақиқат мәліметтер әзірше жоқ. Қазақ халқының шаруашылық жүргізу түрімен өмір сүру деңгейі және экономика мен өндіргіш күштердің дамуының төменгі деңгейі сақтандыру ісінің кеңінен таралуына ықпалын тигізе алмады. Тек кейбір сақтандыру келісімдері Ресеймен шекаралас ірі қалаларда (Орынбор, Атырау, Орал және т.б.) жер шаруашылығы аймақтарында жасалды.
  Сондықтан да революциядан кейінгі жылдары ғана Қазақстан Халқының күнделікті өмірі мен экономикасына сақтандыруды енгізу қарқынды дами бастады.
  Қазақстан территориясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру тәртібі 1921 жылы 14-ші желтоқсандағы ҚССР ХК-н бекіткен мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы Ережемен анықталды.
  1928 жылы наурызда Мемлекеттік сақтандырудың Өлкелік Кеңсесі құрылды. Осы уақыттың ішінде сақтандыру түрлері қалыптасты. Яғни, құрылыстарды, жануарларды, ауылшаруашылығы егістерін міндетті және ерікті сақтандыру, кепілдік сақтандыру, өмірді және бақытсыз жағдайдан сақтандыру түрлері.
  1933 жылы Алматыда Қазақ Мемлекеттік Сақтандыру басқармасы, облыстарда – басқармалар, аудандарда инспекциялау ұйымдастырылады. Бұдан кейінгі құрылымдық қайта құрулар жалғаса келе 1995 жылы 17-ші сәуірде Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысымен «Сенім» сақтандыру компаниясы Ашық акционерлік қоғамы құрылды.
  Қазіргі жағдайда сақтандыру ісін ұйымдастыру принциптері бірінші жағынан нарықтық экономиканың қызмет жасауының ортақ экономикалық заңдарымен, екінші жағынан осы принциптерге Қазақстан Республикасының өтуінің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады.
  Дамыған нарықтық экономика – икемді реттелетін жүйе. Осы реттеуші элементтердің бірі – сақтандыру. Қазіргі кездегі сақтандыру ісін ұйымдастырудың принциптік басты белгісі – оның монополиясыздандырылуы болып мемлекеттік сақтандырумен қатар жеке акционерлік ұйымдар өткізетін сақтандыруда дамып келеді. 
  Мемлекеттік сақтандыру – бүгінде сақтандырушының орнында мемлекет атынан өкілетті орган арқылы бекітілген мекеме болатын сақтандырудың бір түрі. Ең көп тараған ұйымдық түрі акционерлік сақтандыру болып табылады.
  Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру туралы» Жарлығына сәйкес акционерлік қоғам сақтандыруды ұйымдастырудың жалғыз мемлекеттік емес түрі болып табылады.
  Сақтандырудың Қазақстандағы үш түрі мыналар: өзара сақтандыру; бұл сақтандырушыларды өзара көмек көрсету мақсатында біріктіруге жатады, яғни әрбір сақтандырушы бір мезгілде өзара сақтандыру қоғамының мүшесі болады. Өзара сақтандыру түрі - кооперативтік сақтандыруға жатады. Өзара сақтандыру қоғамы коммерциялық емес сипатта болады. Отандық сақтандыру нарығының дамуы үшін маңызды мәселе шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметке көз қарасы болып табылады.
  Президент Жарлығымен Республика көлемінде қызмет етуші шетелдік сақтандыру компаниясының жұмысына шекетулер қойылды, олар біздің елде тікелей қызмет жасай алмайды. 
  Шетелдік компаниялардың жарғылық қордағы үлесі 25%-дан аспайды. Сақтандыру нарығына бәсекеге әр түрлі сақтандырушылар қатысады және олар клиенттер үшін күрес жүргізеді.
  Бәсекемен қатар сақтандыру ұйымдары арасында көпжақты қарым-қатынас жасау үшін де жағдай жасалған. Мұндай қарым-қатынас түріне сақтандырушының одақтары мен ассоциаларын құру жатады. Қазақстан Республикасындағы мұндай қоғамдар сақтандырушыларға әдістемелік және ұйымдық көмек көрсетеді, сақтандырушыларға қатысты заң ережелерін дайындауға қатысады, сақтандыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар ұйымдастырады және де сақтандырудың қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде кеңестер ұсынады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Биржалық және валюталық тәуекелдіктерді сақтандыру.
2. Қолма-қол келісім, келісілген және фъючерстік мәмілелер.
3. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру келісімінің ерекшеліктері.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 865 | Загрузок: 98 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]