Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Есепті күннен кейінгі оқиғалар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.03.2014, 18:58
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Есепті күннен кейінгі оқиғалар 

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.
































10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Есепті күннен кейінгі оқиғалар
МАҚСАТЫ 
1. Осы Стандарттың мақсаты – мыналарды: 
(а) ұйым есепті күннен кейінгі оқиғаларды ескере отырып қаржы есептілігін түзетуге тиіс болған кезде; 
және
(b) ұйым қаржы есептілігі шығаруға бекітілген күнге қатысты ашуға тиісті ақпаратқа қойылатын талаптарды, сондай-ақ есепті күннен кейінгі болған оқиғаларды белгілейді. 
Сонымен бірге, осы Стандартқа сәйкес, егер есепті күннен кейінгі оқиғалар қызметтің толассыздығына жол берудің қолданылмайтынын көрсететін болса, ұйым қызметтің толассыздығын негізге ала отырып өзінің қаржы есептілігін жасауға тиіс емес. 
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 
2. Осы Стандартты есепті күннен кейінгі болған оқиғалар туралы ақпаратты есепке алу және ашу кезінде қолдану керек. 
АНЫҚТАМАЛАР 
3. Осы Стандартта мына терминдер төменде көрсетілген мәндерінде пайдаланылады: 
Есепті күннен кейінгі оқиғалар – бұл есепті күн мен қаржы есептілігін шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде болатын қолайлы, сондай-ақ қолайсыз оқиғалар. Мұндай оқиғалар екі түрге бөлінеді: 
(а) есепті күні болған жағдайларды растайтын (есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалар) оқиғалар; 
және 
(b) есепті күннен кейінгі туындаған жағдайларды куәландыратын (есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар) оқиғалар. 
4. Қаржы есептілігін шығаруға бекіту процесі басқару құрылымына, нормативтік талаптарға, қаржы есептілігін жасау мен түбегейлі ресімдеу рәсімдеріне қарай әр түрлі болады. 
5. Жекелеген жағдайларда ұйым қаржы есептілігін акционерлерге қаржы есептілігін оны шығарғаннан кейін бекітуге ұсынуға міндетті. Мұндай жағдайларда қаржы есептілігі оны акционерлер мақұлдаған күн емес, керісінше оны бастапқы шығарған күн шығару үшін бекітілген деп саналады. 
Мысал
20Х2 ж. 28 ақпанда ұйым басшылығы 20Х1 ж. 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржы есептілігінің алдын ала нұсқасын жасауды аяқтады. 20Х2 ж. 18 наурызда Директорлар кеңесі қаржы есептілігін қарап, оны шығару үшін бекіткен. 20Х2 ж. 19 наурызда ұйым пайда туралы деректерді және кейбір қаржы хабарламасын жариялады. 20Х2 ж. 1 сәуірде осы қаржы есептілігі акционерлерге және басқа да пайдаланушыларға ұсынылады. 20Х2 ж. 15 мамырда акционерлердің жылдық жиналысы қаржы есептілігін бекітті және 20Х2 ж. 17 мамырда бекітілген қаржы есептілігі реттеуші органға ұсынылады. 
Осы қаржы есептілігі 20Х2 ж. 18 наурызда бекітілді деп саналады (Директорлар кеңесі қаржы есептілігін шығару  үшін бекіткен кездегі күн).
6. Жекелеген жағдайларда ұйым басшылығы қаржы есептілігін бақылау кеңесіне бекітуге беруге міндетті (оның құрамына тек атқарушы емес директорлар ғана енеді). Мұндай жағдайларда басшылық қаржы есептілігін бақылау кеңесіне ұсынуға рұқсат еткен кезде ол шығару үшін бекітілген деп есептеледі. 
Мысал
20Х2 ж. 18 наурызда ұйым басшылығы қаржы есептілігін бақылау кеңесіне ұсыну туралы шешім қабылдайды. Бақылау кеңесі тек атқарушы емес директорлардан ғана қалыптастырылады және оның құрамына ұйым қызметкерлері мен басқа да тысқары мүдделі тұлғалардың өкілдері кіруі мүмкін. 20Х2 ж. 26 наурызда бақылау кеңесі қаржы есептілігін бекітеді. 20Х2 ж. 1 сәуірде осы қаржы есептілігі акционерлерге және басқа да пайдаланушыларға ұсынылады. Акционерлердің жылдық жиналысы 20Х2 ж. 15 мамырда осы қаржы есептілігін мақұлдайды, ал 20Х2 ж. 17 мамырда реттеуші органға ұсынылады. 
Қаржы есептілігі 20Х2 ж. 18 наурызда шығару үшін бекітілген болып саналады (ұйым басшылығының қаржы есептілігін бақылау кеңесіне ұсыну туралы шешім қабылдаған күні).
7. Есепті күннен кейінгі оқиғаларға, тіпті егер олар ұйымның пайдасы туралы деректер немесе басқа да қаржы ақпарат жарияланғаннан кейін болса да, қаржы есептілігін шығару үшін бекітілген күнге дейінгі барлық оқиғалар жатады. 
ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 
Есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалар
8. Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғаларды көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге міндетті. 
9. Төменде ұйым не бұрын қаржы есептілігінде танылған сомаларды түзету арқылы, не есепке алу объектілерінің есептілігінде танылмаған баптарды тану арқылы ескеруге міндетті болатын, есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалардың мысалдары келтіріліп отыр: 
(а) ұйымда есепті күні міндеттемесінің болуын растайтын сот ісі бойынша есепті күннен кейін шешім шығару. Ұйым  37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»  IAS сәйкес осы сот ісіне қатысты бұрын танылған кез келген бағалау міндеттемесін түзетеді. Ұйым сот ісі бойынша шешім шығару нәтижесінде 37 IAS Халықаралық стандартының 16-параграфына сәйкес қарастырылатын қосымша куәліктердің пайда болуы негізінде жаңа шартты міндеттемемен шектелмейді. 
(b) есепті күннен кейінгі не есепті күні болған активтің құнсыздануы туралы, не есептілікте осы активтің құнсыздануынан шеккен бұрын танылған залалды түзету қажеттілігі туралы дәлелдейтін ақпаратты алу. Мысалы:
(і) сатып алушының есепті күннен кейін болған банкротқа ұшырауы әдетте есепті негізгі қызмет бойынша дебиторлық берешек бойынша залалдың болуын және ұйымның осы дебиторлық берешектің баланстық құнын түзету қажеттігін дәлелдейді; 
және 
(іі) босалқыларды сату есепті күннен кейін осы босалқыларды сатудың есепті күнгі жай-күйі бойынша ықтимал таза құнының растамасы болып табылуы мүмкін.
(с) есепті күнге дейін сатып алынған активтердің құнын немесе есепті күнге дейін сатылған активтердің құнын есепті күннен кейін анықтау.
(d) егер есепті күні ұйымда есепті күнге дейін заңды міндеттемесі немесе болған оқиғалармен байланысты осындай төлем жасау міндеттемесі болса, пайдаға немесе сыйлықақыға қатысу жоспарлары бойынша төлемдер деңгейін есепті күннен кейін анықтау (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар»  IAS қараңыз). 
(e) қаржы есептілігінің бұрмаланғанын растайтын алаяқтық немесе қателіктер фактісінің анықталуы. 
Есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар 
10. Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалардың салдарын көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге құқылы емес. 
11. Есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың мысалы есепті күн мен қаржы есептілігін шығару үшін бекіту күні арасындағы инвестициялардың нарықтық құнының төмендеуі болып табылады. Нарықтық құнның төмендеуі, әдетте, инвестициялардың есепті күнгі жай-күйіне байланысты болмайды, салдарынан туындайтын жағдайды көрсетеді. Сондықтан ұйым осындай инвестициялар оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетпейді. Ұйым осыған ұқсас түрде 21-параграфқа сәйкес қосымша ақпаратты ашуына тура келуі мүмкін болса да, есепті күнгі қаржы есептілігінде ашылған инвестициялар мөлшері туралы ақпаратты жаңартпайды.
Дивидендтер
12. Егер ұйым есепті күннен кейін үлестік құралдардың иелеріне дивидендтер туралы хабарласа (32-«Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру»  IAS Стандартының анықтамасына сәйкес), ол осы дивидендтерді есепті күнгі міндеттеме ретінде тануға  құқылы емес. 
13. Егер дивидендтер есепті күнге дейін, бірақ қаржы есептілігі шығару үшін бекітілгенге дейін жарияланса (яғни, тиісті түрде бекітілген және ұйымның қалауының мәні болып табылмайды), онда осы дивидендтер есепті күнгі міндеттемелер ретінде тануға жатпайды, себебі 37 IAS Халықаралық стандартындағы міндеттердің критерийлерін қанағаттандырмайды. Осындай дивидендтер туралы ақпарат 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS стандартына сәйкес қаржы есептілігінің ескертулерінде ашылады.
ҚЫЗМЕТТІҢ ТОЛАССЫЗДЫҒЫ 
14. Ұйым, егер есепті күннен кейін басшылық ұйымды не таратуға, не оның қызметін тоқтатуға ниет білдірсе немесе оның өзге шынайы баламасы жоқ екенін шешетін болса, қызметтің толасыздығын негізге ала отырып қаржы есептілігін жасауға құқылы емес. 
15. Есепті күннен кейін операциялық қызмет нәтижелерінің және қаржы жағдайының нашарлауы қызметтің толассыздығына жол берудің орындылығы жөнінде қарау қажеттілігін көрсетуі мүмкін. Егер қызметтің толассыздығына жол беру енді орынды болмаса, онда бұдан тиімділік елеулі болатыны соншалық, осы Стандартқа сәйкес бухгалтерлік есептің бастапқы әдістеріне сәйкес танылған соманы түзетпей, керісінше бухгалтерлік есеп әдісін түбегейлі өзгертудің қажеттілігі туындайды. 
16. 1 IAS Халықаралық стандартқа сәйкес белгілі бір ақпарат ашу қажет, егер: 
(а) қаржы есептілігі қызметтің толассыздығына жол бермеуді негізге ала отырып жасалмайтын болса; 
немесе  
(b) басшылыққа ұйымның мүмкіндігіне елеулі түрде күмән туғызуы және қызметтің толлассыздығын одан әрі жалғастыру мүмкін болатын оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі түрде екіұштылық белгілі болса. Ашуды қажет ететін оқиғалар немесе жағдайлар есепті күннен кейін пайда болуы мүмкін. 
АҚПАРАТТЫ АШУ
Қаржы есептілігін шығару үшін бекіткен күн 
17. Ұйым қаржы есептілігін шығару үшін бекіткен күні және қаржы есептілігін шығару үшін бекіткен басқару органының атауын ашып көрсетуі тиіс. Егер ұйымның иеленушілерінің немесе басқа тұлғалардың қаржы есептілігін шығарғаннан кейін оған түзету енгізуге құқығы болса, ұйым осы фактіні ашуға міндетті. 
18. Пайдаланушыларға қаржы есептілігін шығару үшін бекіту күнін білу маңызды болады, өйткені қаржы есептілігі осы күннен кейін болған оқиғаларды көрсетпейді. 
Қаржы есептілігінде ашылатын, есепті күндегі бар 
жағдайлар туралы ақпаратты нақтылау
19. Егер есепті күнінен кейін ұйым есепті күні болған жағдайлар туралы ақпарат алатын болса, ұйым осы жаңа ақпаратты ескере отырып қаржы есептілігінде ашылатын осы жағдайлар туралы ақпаратты ашуды анықтауға міндетті. 
20. Жекелеген жағдайларда ұйымға есепті күннен кейін алынған мәліметтерді ескере отырып қаржы есептілігінде ашылған ақпаратты, тіпті егер алынған мәліметтер қаржы есептілігінде танылған сомаға ықпал етпейтін болса да, нақтылауы қажет. Мысалы, есепті күннен кейін ұйым есепті күні болған шартты міндеттемені растауды алған кезде есептілікте ашылған ақпаратты нақтылауы керек. 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ІАS Халықаралық стандартына сәйкес бағалау міндеттемесін тану немесе өзгертудің мақсатқа сай екенін қарай отырып, ұйым сонымен қатар алынған жаңа мәліметтерді ескере отырып шартты түрдегі міндеттемелер туралы ақпаратты толықтырады.
Есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар 
21. Егер есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың маңызды сипаты болса, онда олар туралы ашылмаған ақпарат пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылданған экономикалық шешіміне әсер етеді. Тиісінше, ұйым есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың әрбір маңызды санаттары үшін мынадай ақпаратты ашуға міндетті: 
(а) оқиғаның сипатын; 
және 
(b) оның қаржы салдарларын немесе осындай бағалаудың мүмкін болмайтыны туралы мәлімдемені бағалауды. 
22. Төменде есепті күннен кейін болған, әдетте ақпарат ашылатын түзетілмейтін оқиғалардың мысалдары келтірілген: 
(а) есепті күннен кейін кәсіпорындардың елеулі түрде бірігуі (мұндай жағдайда 3-«Кәсіпорындардың бірлестіктері» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес белгілі бір ақпаратты ашу қажет) немесе ірі еншілес ұйымның шығарылуы;
 (b) қызметтің бір бөлігін тоқтату; қызметтің тоқтатылуына байланысты активтерді шығысқа жазу немесе міндеттемелерді өтеу көзделетін жоспарды қабылдау, немесе ұйым осындай активтерді сатуға немесе осындай міндеттемелерді орындауға міндетті болатын келісімдер жасау (35-«Тоқтатылатын қызмет» IAS Халықаралық стандартын қараңыз);
(с) активтерді сатып алуға және шығаруға байланысты ірі мәмілелер немесе активтердің елеулі бөлігін мемлекет иелігіне алу;
(d) есепті күнінен кейін болған өрт салдарынан ұйымның маңызды өндірістік қуаттарының жойылуы; 
(е) әзірленіп жатқан ірі көлемдегі қайта құрылымдаулар немесе оны іске асыруды бастау туралы хабарландыру (37 IAS Халықаралық стандартын қараңыз);
(f) есепті күннен кейін болған қарапайым акциялармен және әлуетті қарапайым акциялармен жасалған ірі мәмілелер (33-«Акцияға келетін пайда» IAS ұйымнан, капиталдандыруға және акцияларды жеңілдікпен орналастыруға, бөлшектеуге немесе шоғырландыруға байланысты мәмілелерді қоспағанда, осындай мәмілелердің сипатын келтіруді талап етеді, бұл ретте жоғарыда аталған барлық мәмілелер 33 IAS сәйкес түзетіледі); 
(g) активтер құнының немесе шетел валюталарының айырбас бағамдарының есепті күннен кейін болған әдеттен тыс үлкен өзгерістері;
(һ) есепті күннен кейін қолданысқа енгізілген салық ставкаларының немесе салықтар мен алымдар туралы заңнаманың ағымдағы және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелеріне елеулі әсер ететін өзгерістер (12-«Пайдаға салынатын салықтар»  IAS қараңыз); 
(і) маңызды шарттық міндеттер немесе шартты міндеттемелер қабылдау, мысалы, ірі кепілдіктер беру кезінде; 
және 
(іі) есепті күннен кейін болған оқиғалардан ғана туындайтын ірі сот істерін қараудың басталуы. 
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ 
23. Ұйым осы Стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫН (1999 ЖЫЛҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОЮ  
24. Осы Стандарт 10-«Есепті күннен кейінгі оқиғалар» IAS Халақыралық стандартын (1999 жылғы редакция) алмастырады.


___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 505 | Загрузок: 87 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]