Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Экономикалық жүйелердің типтері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 22:13

Экономикалық жүйелердің типтері

 

Мақсаты: әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық жүйелердің типтеріне тоқталу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын зерттеу және Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне тоқталу.

Талқылау сұрақтары:
3.1 Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
3.2 Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
3.3 Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары

Негізгі ұғымдар: экономикалық жүйе, дәстүрлі экономикалық жүйе, жоспарлы экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе, постиндустриалдық қоғам, меншік, меншік құқығы, меншік нысандары, меншік субъектісі, жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу, т.б.

3.1 Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері

Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.
Экономикалық жүйелер – экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:
1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
1.1 Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы. 
2.1 Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
2. Меншік қатынастары бойынша:
1.1 Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
-    өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге
негізделеді;
-    әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;
-    техникалық прогресстің шектелуі;
-    халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;
-    сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
-    мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
1.2 Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтанды-рылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
1.3 Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестіккке негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
-    өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
-    кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
-    шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
-    шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
-    өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелес-тік, бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.
1.4 Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.
Сипатты белгілері:
- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;
- көптүрлі меншіктің болуы;
- күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;
- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.
3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогресс-тің даму деңгейі бойынша:
1.1 Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе.
1.2 Индустриалдық жүйе  – тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.
1.3 Постиндустриалдық жүйе – басты саласы – экономикалық-өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 6880 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]