Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 21:27

Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері

 

1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары
Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді  қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.
Экономика дегеніміз не?
Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн (1.1-сурет):
- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады; 
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады. 
Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн.

Экономика
бұл
 адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас.
    бұл
әр түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады.    бұл
қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән.
Мысалы
нарықтық,әкімшіліктік-әміршілдік экономика және т.б.    Мысалы
Қазақстан экономикасы,дүниежүзілік экономика    Мысалы
өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық экономикасы және т.б.
1.1сурет - Экономика  анықтамасының негізгі түсініктемелері

Нақты экономикалық ғылымдар
Салалық экономикалық ғылымдар    Функциональдық экономикалық ғылымдар    Экономикалық ғылымның басқа ғылымдармен байланысы
- өнеркәсіп экономикасы
- құрылыс экономикасы
- ауылшаруаш ылық
-    экономикасы және т.б.
-         - бухгалтерлік есеп
- статистика
- қаржы-қаражат    - географиямен
- тарихпен
- демографиямен және т.б.

Осы үш негізгі мағыналарға байланысты экономиканың ортақ анықтамасын толықтыруға болады. Экономика – бұл адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты, олардың  кез- келген қызметі,іс-әрекетінің негізі.

1.2  Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі  өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.
Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын  шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.

1.3  Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
   Экономикалық теорияның негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады (1.3 – сурет). Мұның ішіндегі ең біріншісі – танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін ТЕОРЕТИКАЛЫҚ түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі – әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді.

1.3 сурет

          Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамның өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары - оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге бағытталған. 
Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталған.

1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
          Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымғға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
          Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар (1.4 сурет)?

бақылау 
модельдеу
ғылыми абстракция
анализ және синтез
индукция және дедукция

1.4 сурет


1.5  Бақылау, модельдеу
         Біріншісіне көңіл аударсақ, басқа ғылыми қызмет сияқты, экономикалық зерттеуде эмпирикалық міндеттемені атқарады, яғни тәжірибелік негізде құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды,яғни экономикалық құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын, қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі арқылы,тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін анықтауға болады.
         Модельдеу әдісі - әлеуметтік–экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған   шешімдерінің   әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.
Ғылымда экономикалық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар – М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері – В. Леонтьев, Л. Конторовин, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім – математик, физик және кибернетик – Дж. Нейман. Ол Пристон университетінін экономисі 0. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.

1.6 Ғылыми абстракция әдісі
        Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттейтін құбылыстың тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде категориялар,ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен үрдістердің жеке-дара жинақталғанын білдіреді.Мысалы, баға қозғалысын алсақ,бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ үрдіс тәрізді, бірақ та баға динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.


1.7 Анализ және синтез
Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс  мөлшерін анықтайтын  бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын  бұл –  синтез (1.5 сурет)

1.5  сурет  – Анализ және Синтез

         Экономиканың микро- және макроэкономикаға бөлінуі анализ және синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр түрлі деңгейді қарастырады.
         Микроэкономика – бұл шаруашылық жүйесінің жеке элементтерін қарастырады. Ол жеке фирмалардың, үй шаруашылғының экономикасын зерттейді. (1.6 сурет). Микроэкономика көбінесе анализ әдісіне жақынырақ.
         Макроэкономика шаруашылық жүйесін түгелдей қарастырады, яғни экономикалық бірліктердің жиынтығын қарастырады. Мысалы: әлемдік экономиканы, ұлттық шаруашылықты және т.б. Былай айтқанда, егер де микроэкономика жеке ағаштарды зерттесе, ал макроэкономика – жалпы орманды зерттейді.
       Макро- және микроэкономика бір- бірімен өзара байланысты болғандықтан, кейбір кезде оларды бір-бірінен айыру оңайға соқпайды. Көптеген экономикалық теорияның сұрақтары мен тақырыптары бұл екі салаға да қатысты және сол салаларға кіреді.

Индукция және дедукция        
1.6 сурет -  Индукция және дедукция                    

Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. 
Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады  (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).
1.8 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Кең көлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. 
Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель, т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI-XVII ғасырларда қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастар 1861 жылғы
 реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — Меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. 
Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғүрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген үғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі кеп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. 
Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға еткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да, қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. 
Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді. Ф.   Кенэнің   "Экономикалық  кестесі"   қоғамдық  өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар  қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы   экономикалық   ой-пікірдегі   күрделі   жаңалық,   алға басу.  Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы  жалпы  өндіріс салаларында  пайда болатындығы     дәлелденді.     Ауыл     шаруашылығымен     қатар  өнеркәсіптің  материалдық игіліктерді өндіру,  өңдеу  процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.  
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші,  өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын    экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. 
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. 
Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. 
Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік  революция  басталып,  социализмнің көбінесе кеңестік моделі (ұлпа) жүзеге асырылды. Сонымен бipгe XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капи-талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бip топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон¬конг сияқты елдер қaзipгi заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде коғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. 
Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісі әсерінен деуге болады. Ceбeбi социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. 
Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ecкepiп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын iздейді. Әрине, енбекақының өcyi, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелepiн шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. 
Қaзipгі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапо¬ния, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түcipгeн пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкеpici экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асы-рылды.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. 
Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 5914 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]