Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Экономикадағы экологиялық факторлар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:51

Экономикадағы  экологиялық  факторлар

 

Негізінде  жаңа  экологиялық – экономикалық  жобаны  экономика  саясында  қалыптастыру  үшін   экономиканы  дамытудың   экологияландырылған   тұжырымдамасын  жасау  талап  етілуде.  Қоғам  мен  техникалық  салалардың    өзара  қарым-қатынасында  қоршаған  ортамен  экономиканың  барлық   құрылымдары  мен   функциялары,  яғни  өндіріс  бөлу  және   тұтыну  тартылған  десе  де  болады.   Адамзат  қоғамының   материалдық  игілігінде   шек  жоқ,  ал  материалдық   қажеттілікті  қамтамасыз  ететін   ресурстар  шектеулі.  Осыған  орай,  бұл  байланыста   экономиканың   іргелі  тәртіптерінің   негізіне  байланысты   қалыптасатынын  әсте   естен  шығармаған  жөн.  Шектеулі   ресурстар  мен   қажеттіліктерді   барынша  қанағаттандыруда   экологиялық  процестерді  оңтайландыруда  айқын  көрініс  табады.
Экономиканың   табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі   ұзақ  уақыт  табиғи  заңдылыққа   тәуелді  екендігі  мойындалмай  келді.   Өндіргіш    күштердің  соңғы   онжылдықта   қарыштап  дамуына  байланысты  бұл  тәуелділік   қатты  сезілуде.  Мәселен,  топырақ  құнары  1%-ке   төмендесе,  өткен  жылғы  егін   шығымдылығын  сол  деңгейде  сақтау  үшін   шығынды  10%-ке  арттыру   керек  болды.  Кесілген   орманның  орнына  өскен  жаңа  ағаштың   сапасы  бұрынғы   шырышы  бұзылмаған   орман  ағашынан  кем  болатыны  анықталды.  Көріп   отырғанымыздай   ресурстарды  пайдалануда    шаруашылық  қызметтерінің   ұқыпсыздығы,   немқұрайдылық   бізге  өте  қымбатқа  түсуде.  Ең   бастысы - әлеуметтік   және  экологиялық –экономикалық  зиянның  аса  зор  болуынан  қоршаған  орта   ластануда.
Бұл  проблеманы  әлеуметтік – экономикалық   саланың  экологияландыру  жолымен  келесі   жағдайлардың  негізінде  шешуге  болады:
- экологиялық  факторлар  мен  ресурстарды,   оның  ішінде  байлықтың  өзге  категорияларымен   тең  болатын   экономикалық  категориялар   санында  қайта  жаңғыртылатындарды  қосу;
- экологиялық  шектеулер   мен   төлем  жүйесінің  кеңеюімен  балансталған  табиғатты   пайдаланудың  принципін   және    ресурстарды  пайдалану  мен  өндіріс  экономикасын  бағындыру;
- табиғатты  қорғаудың  функциясын  тікелей  өндіріс  экономикасына  енгізу;
- өндірістің  техникалық  жарақтану  негізінде   сапалы  өсудің   стратегиясына  көшуі;
Осы  күнге  дейін  табиғат  қойнауынан  қанша  ресурстарды  алуға  болады  және  оның   салдары    қөандай  болатындығы  туралы  нақты  негіздеме  жоқтың  қасы.  Біздің   экономиканың  ресурстарды   тұтынуға (пайдалануға)  бейімделгендігі        ғана      белгілі    нәрсе.    Әрине,      оны   
пайдаланудың  өсе  түсуі  ұлттық  табыстың  өсу  тепе – теңдігіне (бірдейлілігіне)  әкелмейді.  Шетел   тәжірибелері  көрсеткендей,  қай  мемлекет  табиғи  ресурстарды  аз  пайдаланса,  сонда  ұлттық   табыстың  өсуі  жоғары  болып  отыр [12,103б].
Ғылыми – техникалық   дамудың  негізінде  табиғат  ресурстарын  жасанды  жолдармен  алмастыруды  енгізудің  дәрежелері  туралы  мәселелер  принципті  бола  бастады.  Әрине,  мұндай  алмастырудың  мүмкіндігі   тым  шектеулі.  Ал,  адам  баласы  үшін  бірқатар   маңызды   экологиялық   жүйе  мен  табиғи  игіліктер   тіптен   алмастырылуға   келмейді.   Мысалы,  отын  ресурстарының   орнына   күн  немесе  жел  энергиясын   пайдаланатын  болса,  табиғи  ландшафтарды,  өсімдік  пен  жануарлар  әлемін,  озон   қабатын  және т.б.   жасанды  жолмен  алмастыру  мүлде   мүмкін  емес.
Қазіргі  заманғы   экономикалық   теориялардың  ең  бір  қиындығы   экологиялық   факторлардың   категорияға  енгізілуі.  Өйткені  Маркстік   саяси  экономия  тек  қана  адам   баласынаң  еңбек  өнімін   экономикалық  категория   айналымына (шеңберіне)  енгізуге   рұқсат  етті.  Шындығында  бағалы  ретінде  құн  шығын  мен   табиғат  ресурстарының   бірлігінен  көрінеді.  Қоршаған   орта  факторы   мен  оның   қандай  да   болсын  құрылған   формасына  әсер  етпейтін   құн  өмірде  жоқ.   Экологиялық  факторлардың   экономикалық  категориялар   санына  енуі   пайдалы  шекті   теориясына  сай  болады.(еңбек,  табиғи  ресурс  және   капитал) 
Елде  өндірілген   барлық   соңғы  тауарлар  мен   қызмет  өрсетулердің  нарықтық  құны  -  экономикадағы   маңызды  экономикалық  көрсеткіштердің  бірі.  Өйткені,  өнімдердің  әрбәр   бірлігіне  10  бірлік  қалдық   массасы  өндіріледі,  ал  табиғатты   пайдалануда   біршама  жоғары.  Осы   қалдықтар  ортаны   ластап,  адамдардың   тіршілік   ахуалын   нашарлатады  және   олардың   тұрмыс   жағдайын   төмендетеді.   Шығындар   жалпы  ұлттық  өнімдердің   есебінен  шығарылмайды,  ал  адамдардың   тұрмыс  халінің  бағасы   арты  түседі.  Біздердің   қолымыздан  келгені  жалғыз-ақ  нәрсе,  ол – табиғатты   пайдалануды  мемлекет   тарапынан   реттелуі  мен  қоршаған  ортаның  ластануына,  табиға  ресурстарына  төмен   жолымен  ғана  белгілеу  болып  табылады [16,102-104б].

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1575 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]