Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Экономика және оның қоғам өміріндегі орны


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:41

Экономика және оның қоғам өміріндегі орны

 

Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді  ұйымдастырудың  екі  жолы  бар  екенін  көрсетті. Оның   біріншісі – нарықтық  экономика,  екіншісі – жоспарлы - әкімшілік  экономика.
Бұлар  экономикалық  қатынасты  әртүрлі  жолдармен  шешеді:  өнімді                                                         
қанша   көлемде  шығару  керек,  қоғамдық  өндіріс  жүйесіндегі  және  өнімді  бөлудегі  адамның  орны  және  оның  адамгершілік  құндылығы.
Нарықтық  экономикада  бұл  қатынастарды  нарық  реттейді (өнімді  шығару,  тұтыну,  бөлу,  оған  сұраныс,  т.б.).  Нарық – таурды  бөлу  саласы.  Күнделікті  өмірде  сауда  жүретін  орындарды  да (базар,  жәрмеңке)  нарық  дейді.  Алайда  нарықты  басқаша  түсінуіміз  керек.      Нарық –  өнім  шығарушылар  мен  өнімді  тұтынушылардың,  сұраным  мен  ұсыныстың  арасындағы  қатынас,  олардың  өзара  тығыз  байоанысы.
Нарық  адамдарды   тиімді  еңбек  етуге,  ынталылыққа  бағыттайды.  Нарықтық  экономика  ғылыми – техникалық  прогресті,  өнім  өндірушілердің  өзара  бәсекелесуін  және  тұтынушылар  үшін  бәсекеге  күресін  де  өрістетеді.
Нарықты  тауар  ғана  жасамайды,  сонымен  қатар  дербестік  алып,  өзара  бәсекеге  түскен  тауар  өндірушілер   жасайды.  
Нарықтық  қатынас  көп  қырлы  экономикалық  қатынасты  ғана  емес,  сонымен  қатар  қоғамның  саяси - әлеуметтік ,  рухани  өмірін  де  қамтиды.  Нарық - экономикалық   өмірді   демократияландырудың  негізі.
Тұжырымдап  айтқанда,  нарық  қатынастың  экономикалық  негізі – меншікті  мемлекеттен  ажыратып,   көп  түрлі  меншікті  қалыптастыру.  Сонымен  қатар   тауар  өндірушілердің   дербестігі,  өнімді  тұтынушылардың  белсенділігі,  сұраным  мен  ұсыныстың  арта  түсуі.  Бұл  процестердің  бәрі  аймақтың,  елдің  немесе  дүние  жүзі  көлемінде  іске  асырылады.  Бұған  дәлел  нарықтық  қатынаста  өмір  сүруші     дамыған  елдердің  экономикалық  және  саяси  өмірі.  Олай  болса,  нарықтық  қатынас – ғаламдық  проблема.  Қазір  дүние  жүзі  елдері  арасында  осы  саладағы  жарыс  қарқын  алды. (кім  көп  шығарады,  сапалы  шығарады,  көп  таратады, т.б.).
Жоспарлы - әкімшілдік  экономикада  өнімді  өндіру  мен  бөлу  орталық  басқару  (өкімет)  органдарының  билігінде  болып  келді.  Тауарды  өндірушілер  мемлекеттік  жоспарды  міндетті  түрде  орындайды.   Қайсібір  уақыттарда  ол  өнімді  тұтынушылар  қажет  етпейді.  
Нарықтық  экономикада  ұсынысты  мемлекет  реттемейді (өнім  шығарушылар  қанша  шығарым  десе  де  ерікті),  сұранымды  да  ешкім  реттемейді   (сатып  алушылар  өзіне  не  керек,  қанша  керектігін  дербес  шешеді).  Ендігі  мәселе – баға.  Бағаны  да  сырттан  ешкім  реттемейді.  Оны  сұранысқа  және  ұсынысқа   сәйкес  өнімді  шығарушының  өзі  шешеді.  Сонымен,  ұсыныс  пен  сұраным   теңдңстіріледі.  Осы  белгілерге  қарай  халық  шаруашылығын   нарық  реттейді.
Нарықтық  қатынастың  өзіне  тән  объективтік – экономикалық   екі  заңы  бар:  баға  заңы,  ұсыныс  және  сұрнаным  заңы.  Біріншісі – орта  бағаны  қалыптастырады,  екіншісі – нарықты  пайда  болатын  ақша  мен  тауардың  қатынасын  анықтайды.
Тауар  нарыққа (базарға,  жәрмеңкеге,  екінші  бір  тұтынушыға,  мемлекетке,  не  басқа  өндіріске)   түскеннен  кейін  оның  бағасы  ақшамен  өлшенеді,  оны  тауардың  бағасы  дейміз.  
Алайда  тауардың   ақшалай  көрініс  тапқан  бағасы  оның  нағыз  бағасы  емес.  Бұл   баға  тауардың  құнынан  жоғары  немесе  төмен  болуы  мүмкін.  Бұл   сұраным  мен  ұсынымға  байланысты.  Егер  де  сұраным  ұсыныстан  жоғары  болса (алушылар  көп,  бірақ  тауар  аз) – тауардың   бағасы  жогғары  болады.  Ал  ұсыныс  сұранымнан  жоғары  болса,  онда  баға  төмендейді.
Тауар  құнының   мөлшеріндегі  алшақтық  тауар  өндірушінің  іс-әрекетіне  әсер  етеді.  Егер  баға  жоғары  болса  табыс  көп,  ал  баға  төмен  болса  табыс  аз  болады. Мысалы,  жеміс – жидекке  баға  өссе,  оның  өнімі  тиімді,  ол  өнімді   көп  алуға   итермелейді.  Ал  сұраным  артпаса,  баға  төмендейді.  Демек,  сұраным  да,  ұсыныс  та  бағаны  реттейді.  Тауар  өндіруші  тиімді  көп  шығару  жолын  іздейді.
Сонымен  нарық - өндірісті  реттеуші,  ол  баға   арқылы,  не  шығару,  оны  қанша   көлемде   шығару  қажеттігі  туралы  хабар  беріп  тұрады.  Нарықтың  ықпалды   әсері  мұнымен  ғана  шектелмейді.  Оның  толық әсерін  білу  үшін   тауардың  өзіндік  құнынң  қншаға   түсетінін  анықтап  білу  керек.  Құн – тауардың   заттандырылған  бағасы.  Кез – келген   тауарда  бір  ғана  емес,   көптеген  өндірушілердің  еңбегі  бар.   Бұған  да  түсінік  берейік.  Мысалы,  киім  фабрикасы   бір  топ  көйлек  шығарады  делік.  Осы  көйлектерде  тігіншілердің   ғана  еңбегі   емес,  сонымен  қатар  сол  көйлек  тігілген  матаны,  ілгекті,  басқа  да  материалдарды (айталық,  электр  энергиясы,  т.б.)  шығарушылардың  да  еңбегі  бар.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  жаңа  баға  ғана  емес,  тігіншілердің  еңбегімен  келген,  сонымен  қатар   бұрын  шығарылған  заттардың   да  (шиаізат,  электр  шығыны,  машинаны  пайдалану)  шығыны,   оның   тозу  шығынының   бағасы – құны  бар.  Фабрика  жаңадан  көйлек  шығару  үшін  алғашқы  шығарылған  көйлектерді  сату  керек,   алынған  пайдаға  жаңа  мата,   басқа  да  материалдар  алып,  машиналарды  жөндеп,  қажет   болса  жаңасын  алып,   сонымен  қатар   жұмысшыларға  жалақы  төлеуі  керек.
Нарықта   сұраным  ұсыныстан  жоғары  болса,  баға  өз  құнынан  төмен  болады.  Егер  де  сол  шығарылған   көйлекетерді  150  мың  теңгеге  сатса,  онда  пайда  болмайды.  Алынған  қаржы  кеткен  шығынды  ғана  ақтайды.
Басқа  жолмен   пайда  табуға  бола  ма?  Болады.  Мысалы,  көйлектерді  тігуге  кететін  материалдарды  үнемдеу  керек.  Егер  де   оның  құны  20 мыңға  кемісе,  онда  пайда  да  20 мыңға  өседі.  Екінші  жолы – еңбектің  өнімділігін  арттыру.
Ол  үшін -  жаңа машиналарды пайдалану қажет  соның  нәтижесінде  тігілетін  койлектің  санын  екі  есеге  көбейтсе  және  орташа  бағамен  сатса,  онда  400 мың  теңге  алуға  болады.  Сонда   оның  200 мыңы  өндірістің  шығынын  өтеуге,  50  мыңы  жалақы  төлеуге  кетеді,  ал  150 мыңы  таза  пайда болып  қалады.
Бұдан  шығатын  қорытынды  -  шаруашылықтың  тиімсіздігін  азайту,  тезниканы  дамыту,  еңбек  өнімділігін  арттыру  керек.  Істі  тиімсіз  жүргізу,  еңбек  өнімділігінің  төмендігі  өндірісті  ұйымдасытрудың  қажетсіздігіне  апарып  соғады  (пайда  төмен)  немесе   түбінде  тоқтатады (банкротқа  ұшыратады).  Жоспарлы  экономикада  да  өндіріс  осылай  ұйымдастырылған  жоқпа  еді  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Ол  дұрыс.  Айырмашылық  мынада – ол  кезде  өндірістің  дербестігі  болмады,  екі  жүз   мың  теңгенің  көйлегі  өтсе  де,  өтпесе  де,  фабрика  оны  жоспар  бойынша  қайталап  шығара  беретін.  Шығынға  ұшыраса,  оны  мемлекет  төледі.  Сондықтан   фабрика  ештеңеден   қам  жемейді,  еңбек  өнімділігін  арттыруға,  шикізатты  кемітуге  ынталанбайды.  Ал  нарыққа  өткен  елдерде  оның   шығынын  ешкім  өтемейді,  пайда  таппайтын,  шығынын    өтей  алмайтын  зауыт  та,  фабрика  да  тарайды.  Сондықтан  нарық  тек  қана  тиімді  жұмыс  істеуге  мәжбүр  етеді.
Нарықтық  экономикада  еңбек  және   капитал  нарығы  да  болады.  Еңбек  нарығының  да (тауар  нарығы  сияқты)  үш  белгісі  бар:  сұраныс,  ұсыныс,  баға.  Мұнда  да  сатылады  және  сатып  алынады.  Арнаулы  тауар – жұмысшы  күші  сатылады.  Мұнда  да  сұраным  мен  ұсыным  қатынасы  әсер  етеді. Егер   де   белгілі  кәсіптің   мамандары  көп  болса (айталық  бір  салада,  зауыттарда),  оның   қажеттігі  аз  болады  да,  оларға  жалақы  аз  төленеді,  қайсібіреулері  жұмыссыз  қалады.  Керісінше,  кәсіп  саласына  немесе  шаруашылыққа  мамандар  көп  қажет  болса,  ал  еңбек  нарығында  сондай  мамандар  аз  болса,  шаруашылық  оларды  көп  жалақы  беріп  ұстауға  мәжбүр  болады.  Алайда  нарықтық  экономика  мұндай  мұқтаждықпен  келіспейді.  Еңбек  нарығына  тез  арада  ондай  мамандары  дайындайды,  оларға  жалақы   төлейді.  Ал  жоспарлы  экономика  кезінде  кәсіпке  қажетті  оның  иелерін  іздеді,  дайындады.  Бірақ  арнаулы  кәсіп  иелері  (аздығына  қарамастан)  қажет  болса  да  аз,  жоғарыдан  белгіленген  жалақыны  ғана  алатын  болады.  Сондықтан  оның  еңбекке  ынтасы  жойылады. 
Белгілі  бір  елдің    экономикалық  жағдайына  байланысты  сол   елдің  ақшасы – валютасы  басқа  бір  елдің  валютасына  белгілі  бір  қатынаста  айырбасталады.  Ақпарат  нарығында  ғылыми – техникалық  революция   білімнің  құндылығын  арттырады.  Тауардың  бағасында  интеллектінің   үлесі  үнемі  артып  отырады.  Сондықтан  іс-әрекеттің  тәсілі  туралы,  жаңа  технология  туралы  ілімді,  ақпаратты  сату  және  сатып  алу  тиімді.  Соның   негізінде  ақпарат  нарығы  дамиды.
Нарыққа  тән қасиет – белгілі  таукар  өндірушілер  арасындағы  тауарды  шығару  және  өткізудің  тиімділігі  үшін  бәсеке (конкуренция).  Бұл  бәсекеде  еңбек  өнімділігін  арттырғандар,  өндірісті  кеңейткендер,  тауардың  сапасын  жақсартқандар  ғана  жеңіп  шыға  алады.  Тұтынушы  жеңу  үшін  өнімнің   сапасын  жақсартады,  сонымен  қатар  бағасын  арзандатуды  да  көздейді [3,122-124б]

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2905 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]