Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Экономика туралы жалпы түсінік


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:42

Экономика туралы жалпы түсінік

 

Экономика  (грек. oikonomia – шаруашылықты  жүргізу   өнері)  ұғымы  алғашында  үй  шаруашылығын  жүргізу  туралы   заң   дегенді   білдірген.  Қазіргі  кезде  бұл  ұғым  одан   әлдеқайда  кең   мағынада: өндіріс,  тұтас  халық  шаруашылығы,  жалпы  өндірістің  әр  саласы,  қаражат-ақша  айналысы,  т.б. байланысты  айтылады. Біздер  экономиканы  кең  көлемде,  қоғамдық  өндірістің  жүйесі  деп  түсінеміз.    Экономика  ұғымы   материалдық  игіліктер  өндіру,  айырбастау,  бөлу  және  тұтыну  үрдісі  кезінде   адамдар  арасында  пайда  болатын  өндірістік  қатынастарды  сипаттайды.  Экономикалық  қатынастар  өзге  қоғамдық  қатынастарды   айқындайды,  олардың  базисі  болып  табылады [4,53б].
Экономика  ғылымы  ең   ертедегі   ғылымдардың  бірі.  Алғаш   рет  экономия  термині  III ғасырда  ертедегі  грек  ойшылдары   Ксинофонд  және  Аристотель  еңбекреінде  пайда  болды. Көп  ғасырлар  бойы  “экономия”  (ойканомия)  сөзі  үй   шаруашылығын   ұйымдастыру   және  жүргізу  ережелерін   қамтыған.  Сонымен   қатар  жалпы   ұлттық  мемлекеттік   шаруашылықты   жүргізу   ережелерінің   анықталуын  қажет  етті.  Осыған  байланысты   экономия   ұғымы   жаңа  мәнге  ие  болып,  саяси  экономияға   айналды.Ол  грек  тілінде  “полис”-мемлекет,   “ойкос”- үй  шаруашылығы,   “номос”- заң  дегенді  білдірді. Саяси  экономия  ұғымын  алғаш   енгізген  Антуан  де   Монкретьен   болатын.  1615жылы  оның  “Саяси   экономия  трактаты”  деген   еңбегі   жарық  көрді.  Мұнда  мемлекеттік  шаруашылықты   жүргізу  кеңестері   мазмұнданған.  Саяси  экономия   ғылым  ретінде  XVI-XVII  ғасырларда  пайда  болған.  Бұл  кезеңнің   алғашқы   ілімі  Меркантелизм   (итальян  сөзі – саудагер, көпес)  болды.  Осы  ілімнің  негізгі  мазмұны   байлық  көзі  тауар  мен  ақша  айналымы  саласында   болды  деп  есептелінді.  Меркантелизм  екі  кезеңнен  тұрды: алғашқы  кезең – ақша  балансы  теориясын  ұсынды,  оған  сәйкес  олар   елден  ақшаны  сыртқа  шығаруға  тыйым  салу  қажеттілігін   ұсынды;  соңғы  кезең  –  меркантелистер   тауар  айырбастау  сферасын  зерттеуге  көшті.  Алғашқы  меркантелистерден  айырмашылығы   олар  ақшаны   шетке  шығаруға  тыйым  салмады,  өндірістік  тауарлардың   экспортын   көбейтіп,  протекционизм  саясатын  жүзеге  асыруды   ұсынды.   Протекционизм – ұлттық  экономиканы  қорғау.  Меркантелистер  өкілдеріне  Монкретьен,  Стафорд,  Мен,  Фосашков  жатады.  Айналыс  аясындағы   бағыттарды  жаулап  алып,  буржуазия   аясына  өтеді.  Оның  мәні  байлықтың  көзі  өндірілген  игіліктер  тек  айырбасталатын  сауда  сапасы  емес,  өндіріс  болып  табылатыны   дәлелденген.  Шынайы  байлық  -   ақша  емес,  тауар. Ол  идея  алғашқы   рет  физиократтар  (физио-табиғат,  кратос-билік)  еңбектерінде   пайда  болды.  Осы  мектептің  басты  тұлғасы – Франсуа  Кене.  Ол   ұлттық  байлықтың  қайнар  көзі  ауыл  шаруашылығы  еңбегі  деп  есептетеді.  Кейінен  бұл  сұрақтар   Уильям  Петти,  Давид  Рикардо,  Адам  Смит   еңбектерінде  қарастырылады.  Олар  ұлттық  байлық  тек  ауыл  шаруашылығы  ғана  емес,   барлық  өндіріс  саласындағы  еңбектен  көрінетінін  айғақ  етті.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 17299 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]