Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Табиғатты пайдалану құқығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (17.6Kb) ] 07.12.2013, 22:43

Табиғатты пайдалану құқығы.

Жоспар:

1.     Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.

2.     Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары және негізгі белгілері.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

 

Лекцияның мәтіні:

1. Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік  табиғи   қорларды   пайдалануы   заңда   көрсетілген   реттерде   пайдаланғаны   үшін   ақы  алу   және  басқа   нысандарда  жузеге асырады.

         Табиғи  қорларды   пайдаланғаны   үшін   төленетін   ақының  нормативтерін   тиісті   табиғи  қорлардың   кадастрлық   бағалары   негізінде, олардың аралуын, жаңғыртылуын, мүмкіндіктерін, оңайлылығын, кешенділігі, өнімділігін, орналасқан  жерін   және   басқа   факторларды  ескере  отырып   ҚР-ның   Үкіметі  мен  жергілікті   атқарушы   органдар   белгілейді. Кадастрлық   бағалар   болмаған  жағдайда   нормативтер   шарт  негізінде   белгіленеді.

         Жер   иемдену  мен   жер  пайдалануға   төленетін   ақы  жер  учаскесінің   сапасына, орналасуына   және  оның   су  мен   қамтамасыз   етілуіне   қарай  белгіленетін   жер  салығы   немесе  жалдау  ақысы   арқылы  алынады.

         Табиғи   қорларды   пайдалануға   байланысты   белгіленген   жарналар  мен  төлемдер   айналадағы   табиғи  ортаны   қорғау  жөніндегі   шараларды  қосымша   қаржыландыру   үшін   алынып, республиканың, жергілікті   және   қоғамдық  табиғат   қорғау  қорларына   жұмсалады.

         Жер   үшін  алынатын   төлемдер   жердің  тиімді  пайдалануын   экономикалық әдістермен  қамтамасыз етуге және жерге   орналастыруға, жердің   құнарлылығын   арттырып,оны  қорғау  жөніндегі   шараларды   жүзеге   асыруға, сондай-ақ   аймақты   әлеуметтік - мәдени   дамытуға   жұмсалады.

         Мемлекеттік табиғи   ресурстарды   мемлекеттік  құрылымдар  арқылы   да пайдаланады. Ондай реттерде мемлекеттік   кәсіпорындарды, ұйымдарды, ауылшаруашылық  тәжірибе, ғылыми  мекемелерді  және  басқа   да  мемлекеттік  құрылымдарды  құрып, оларға  табиғи  ресурстарды   атқаратын   қызметіне   қарай   мақсатты   пайдалануға   береді. Олар   өнеркәсіп, ауыл  шаруашылығы, орман немесе  басқа  да салалар  өнімдерін   өндіруді, сондай-ақ   халықтың  әлеуметтік - мәдени   қажеттерін қанағаттандыруды    қамтамасыз  етеді.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 1026 | Загрузок: 200 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]