Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Табиғатты пайдалану құқығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (17.6Kb) ] 07.12.2013, 22:42

Табиғатты пайдалану құқығы.

Жоспар:

1. Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны.

2. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

 

 

 

Лекцияның мәтіні:

1. Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі.

         Табиғатты пайдалану құқығының объективтік мағынасы - бұл табиғатты пайдаланушыларды құқықтары мен міндеттерін, табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын көрсетеді.

         Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл  (экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының жиынтығы болып табылады.

         Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары болып - ғылыми дәлелдеген, сипаттамалары мақсаты, тиімділік, кешендік, лицензиялау, квоталау лиметтеу табылады.

         Табиғатты пайдаланудың ғылыми дәлелдегенділігі бұл экологиялық және экономикалық мүдделерді қамти отырып, табиғаттың даму заңдарына сүйенетінін білдіреді. Табиғатты пайдалану құқығы мақсатты сипатта жүргізіледі. Бөлек табиғатты пайдаланушыға пайдалану құқығын шешуге байланысты міндетті түрде фиксацияланып отыратын, нақты табиғи ресурстарды, учаскелерді, объектілерді және белгіленген мақсатына сай оның бөлігін мемлекет береді. Мемлекет жер учаскесін азаматқа пайдалануға беру, бұндағы мақсат - крестьяндық шаруалық жүргізу - жер пайдалану құқығы актісі әкімдікпен берілетінін көрсетеді. Берілген объектілермен учаскілерді мақсатына сай пайдаланбағандығы заң бұзушылық болып табылады және табиғат пайдалану құқығын тоқтатумен алып қоюға әкеп соқтырады.

        Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - ҚР-ғы жалпы табиғатты пайдалану құқықтық негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.

        ҚР-ң Конституциясы бойынша адамдардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.

         Қоршаған ортаны тазарту-адамның өмір сүру ортасының санасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтық қолайлы қоршағант ортаға құқықтық объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекрациялық аймақтар, санитарлық-курорттық орындар, т.б. Азаматтық бұл құқықтары ҚР-ң заңдарында ары қарай даму көзделген.

Азаматтарды қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына - адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендеуге және ескертуге, халықтық демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мемлекеттік, ұйымдастырудың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналык шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.

1997ж.15 шілдеде қабылданған ҚР- Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 5-ші бабында сәйкес, азаматтардың қоршаған орта-ны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

        Әрбір азаматтың және ҚР-ң аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ шетелдіктердің аз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.

        Азаматтардың:

-         белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға оларды қорғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатыстыруға;

-         қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;

  -   қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митинйлерге,

       пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға 

       қатысуға;

  -    қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен                      

Ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге             және оларды қорғауды  талап етуге;

-         қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап,оған қатысуға;

-         кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шекте, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібі мен күшін жоюды талап етуге;

-         айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;

-         заң актілері мен өзге де нормативтік құқық көзделген басқа да құқықтарын белгілеген тәртіппен іске асыруға құқығы бар;

       Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурс-тарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

       ҚР-ң Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейді. ҚР Конституциясының 38-ші бабына сәйкес,азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

       Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды орындау әрбір азаматтың өмірлік нормасы болып табылуы керек.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 5720 | Загрузок: 298 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]