Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (19.5Kb) ] 07.12.2013, 22:43

Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

Жоспар:

1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі.

2. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен түсінігі.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

           

Лекцияның мәтіні:

Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы,яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.

         Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар.

         Бірінші-ҚР табиғи ресурстардың жеке дара  меншік иесі.

         Екінші- ҚР халықтың ресми өкілі.

         Үшінші- Қоршаған табиғи ортаны қорғау оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

         Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыру іске асыру болып табылады.

         Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚР Конституциясы «Қоршаған табиғи ортаны қорғау уралы заң: жер кодексі, жер қойрауы және минералдық шикізаттарды ұқсату туралы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы және басқа экологиялық заңдар мен заңдық актілер.

         Басқарудың нысандарына заң, шаруашылық, құқық қолданушылық, құқық орындаушылық және құқық қорғаушылық қызметтері жатады.

         Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай жасау.

         Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тәртіп пен ережелерді бұзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады.

         Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып, атқарылатын экологиялық қызметі мынандай түрлерге бөлінеді.

         1. ҚР-ң мемлекеттік экологиялық бағдарламасын, облыстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп жүзеге асыру.

         2. Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін белгілеу.

         3. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру және ақы төлеу тәртіптерін белгілеу.

         4. Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау.

         5. Жалпыға бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру.

         6. Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау.

         7. Табиғи қорларды пайдаланудың экологиялық нормативтерін белгілеу.

         8. Ластайтын заттарды қоршаған табиғи ортаға шығару мен ластаудың және қалдықтарды орналастырудың тәртібін бекіту.

         9. Республикалық табиғат қорғау қорын құру және оның жұмсалу тәртібін белгілеу.

         10. Қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға мемлекеттік қадағалау және оған бақылау жүргізу.

         11. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу.

         12. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат аймақтарын белгілеу.

         13. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

         14. Қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына жағдай жасау туралы заңдар мен заң актілерін дайындау және қабылдау.

         Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу, ластағаны үшін ақы төлеу, табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу, қоршаған ортаны қорғау қорларын құру болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру болып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру болып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық құқық және бағдарламалық нысаналық құжаттар мен материалдарда ескеріледі. ҚР әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарлаудың жобаларына табылған пайдаланудың әртүрлі бағыттар жөніндегі ұлттық бағдарламалар және тұжырымдамаларға енгізіледі.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 4781 | Загрузок: 604 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]