Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Табиғат обьектілеріне меншік құқығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (20.7Kb) ] 07.12.2013, 22:39

Табиғат обьектілеріне  меншік құқығы.

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардың табиғат обьектілеріне меншік құқығын іске асару жөніндегі өкілеттігі

2. Мемлекет – табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

        

Лекцияның мәтіні:

1. ҚР-да табиғи ресурстарға меншік субьектісі Конституцияға сәйкес ҚР-ның меншік туралы заңымен белгіленеді. Меншік туралы заңның 3-бабында республика аумағында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі ҚР деп көрсетілген.

        ҚР атынан мемлекеттік меншік иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігін тікелей немесе өкімет органдары арқылы ҚР-ның (Жоғарғы) Парламент...

        Табиғи ресурстарға мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды меншікке алудың нысаны және оны жүзеге асыру мүмкінділігі мен қызметі.

        Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы – табиғат обектілерінің іс жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға берілетін мүмкіндік. Осы  мүмкіндік  арқылы  табиғи  ресурстарды   иемдену   мен   пайдалануды  жүзеге  асыру   қызметі   айқындалады.

        Табиғи  ресурстарды   мемлекеттің  пайдалану   құқығы - табиғи   ресурстардың    пайдалы  қасиеттерін   және одан   түскен   табысты   иемдену, сондай-ақ  өзге де  пайда алу  қызметі.

         Мемлекеттің   табиғат   қорларын   иемдену, пайдалану  және  билік ету   құқығының  табиғи  ресурстарды  пайдаланушылар, иемденушілер   мен  кейде  билік  етушілердің   құқығынан  ерекшеліктері  бар. Мұны  меншік  иесі   құқығының   мазмұнынан  айқын   ажыратуға   болады.

         Бірінші  ерекшелік. Мемлекет   табиғат   қорларына  өз  құқығының  мазмұнын   түзіп, оларды   меншік   иесі   ретінде   ж.а. Басқалар, табиғат   қорларын    иемденушілер, пайдаланушылар  мемлекет   белгілеп    берген  құқық   шеңберінде    ғана   игілікке   асырылады.

Екінші  ерекшелік. Мемлекет   табиғат  қорларына  меншік  құқығын   мемлекет   бойынша, қоғамның, барлық  адамдардың   мүддесі   үшін    пайдаланады. Басқа  табиғат   қорларын   иемденушілер, пайдаланушылар   өзіне  иемденуге, пайдалануға   берген   табиғат  объектісін   өз  мүддесі  үшін  заңда   көрсетілген   мақсатта   ғана  пайдаланады.

Үшінші   ерекшелік. Табиғат    қорларына   мемлекеттің    билік  жүргізуі   шексіз   және   оған  ешкім   шек  қоя   алмайды, оны  тоқтата  да  алмайды. Бірақ   табиғат   қорларына   мемлекеттік   билік   Конституцияға  сәйкес  болуы  қажет. Сондықтан   Конституцияға   қайшы  келетін   заң   нормаларының   күші  болмайды.

        Табиғат    қорларын  мемлекеттен  басқа  иемденушілер   мен  пайдаланушылар  заңда   белгіленген   реттерде    белгілі  бір  шекте  билік ету   құқығын   пайдалануы   мүмкін.

        ҚР - ның   экологиясын   айналадағы   қоршаған   табиғи  ортаны    қорғауда   жоғарғы  орталықтан   басқаратын   атқарушы    орган   болып табылады. Ол   республика  өңіріне   қарасты   ведомство   үстінен   мемлекеттік  экологиялық   басқаруды   іске  асырады. 1988ж   Қазақстанда   тұңғыш   рет  табиғатты   қорғау  жөніндегі    мемлекеттік  комитет   құрылды. Ол  табиғатты   қорғау  және   табиғи  ресурстар   қорларын  пайдалану   саласын   басқару  органы   ретінде  құрылды. Оған  бұрынғы   табиғат  пен   оның  байлық   қорларын  қорғау  мен  және   пайдалану  жұмыстары   мен   айналысатын   министрліктер   мен   ведомстволардың    барлық  басқару   және  бақылау   қызметтері   берілді. ҚР-ның   Президентінің   1992ж  7   ақпанында   жарыққа  шыққан   экономикалық   реформа    жағдайында   ҚР  мемлекеттік   басқару  органдарының   және   олардың   қызметін  одан  әрі   жетілдіру   туралы   жарлығын  орындау  мақсатында   ҚР-ның   экология   және   био ресурстары    министрлігі   құрылды. Осыған   байланысты  экология  және   табиғатты   пайдалану    жөніндегі   мемлекеттік  комитеті   мен  ҚР  орман   шаруашылығы   министрліктің  қызметтері   ведомство үстінен   басқару   және   мемлекеттік   бақылау  жүргізуші   орган  ретінде   тапсырылды. Оның  құрамында   заңды   тұлғалар    құқығы  бар   мынадай   құрамдық   бөлімдер   кіреді.

1.  Балық  қорын   қорғау   және  табиғатты   пайдалануды   бақылау   жөніндегі  бас  басқарма.

2.  Хайуанаттар   әлемін  қорғау   жөніндегі   бас   басқарма.

3.  Түсті-металдар    кенін   байыту   жөніндегі   бас  басқарма.

4.  Мемлекеттік  ғылыми   зерттеу   және  жобалау   институтының   негізінде   мемлекеттік   ғылыми   өндірістік   өнеркәсіп   бірлестігі.

         Экологиялық  басқару   күрделі  де  көп   салалы   ұғым   және   ол  мына   мәселелерден   туындайды: қоршаған  ортаны   қорғау  мен  табиғатты   пайдалануды   басқару   қызметтерімен, қоршаған  ортаны   қорғаумен  табиғатты пайдалану механизмдері тиімділігінің кепілдемесіне, заңдылықтарды қамтамасыз ету тәсілдерімен. Экологиялық басқару   ретіндегі   мемлекеттік  және басқа да  ұйымдардың мақсаттарын  төмендегі   қызметтерден   түсінуге  болады:

         Қоршаған  ортамен   оның  шаруашылық   және  басқа  да   қызметтері  әсер  ететін   жеке  объектілерін   жағдайын  бақылау.

         Қоғамның   барлық  заңды   тұлғаларымен   жеке  адамның   қоршаған  ортаны   қорғауда  экологиялық   ережелерімен   заңды  талаптардың   дұрыс  орындалуын   тексеру.

         Қоршаған  ортамен   оның  жеке   объектілерін   адамның  өмірі  мен   денсаулығы   зиянды   әрекеттерден   сақтау  және  оны   болдырмау  мақсатында   экологиялық  қауіпсіздікті   қамтамасыз  ету.

         Мемлекеттік  экологиялық   басқару  мемлекеттік   органдардың   жалпы  және  арнайы   құзіреттері   арқылы  жузеге асырылады.

         Экологиялық   заң   талаптарының   сақталуын   тексеру  мен   қатар  қоршаған   ортаны  қорғау   жөніндегі   м-ті   шараларды  өткеру   әдістеріне   қоршаған  ортаны   сапалық  нормативтері   мен   зиянды  әрекеттерін   анықтау, экологиялық  зиянды   іс-әрекеттерді   тоқтату, кінәлі  адамдарға   әкімшілік   жолмен   шаралар   қолдану.

         2. Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік  табиғи   қорларды   пайдалануы   заңда   көрсетілген   реттерде   пайдаланғаны   үшін   ақы  алу   және  басқа   нысандарда  жузеге асырады.

         Табиғи  қорларды   пайдаланғаны   үшін   төленетін   ақының  нормативтерін   тиісті   табиғи  қорлардың   кадастрлық   бағалары   негізінде, олардың аралуын, жаңғыртылуын, мүмкіндіктерін, оңайлылығын, кешенділігі, өнімділігін, орналасқан  жерін   және   басқа   факторларды  ескере  отырып   ҚР-ның   Үкіметі  мен  жергілікті   атқарушы   органдар   белгілейді. Кадастрлық   бағалар   болмаған  жағдайда   нормативтер   шарт  негізінде   белгіленеді.

         Жер   иемдену  мен   жер  пайдалануға   төленетін   ақы  жер  учаскесінің   сапасына, орналасуына   және  оның   су  мен   қамтамасыз   етілуіне   қарай  белгіленетін   жер  салығы   немесе  жалдау  ақысы   арқылы  алынады.

         Табиғи   қорларды   пайдалануға   байланысты   белгіленген   жарналар  мен  төлемдер   айналадағы   табиғи  ортаны   қорғау  жөніндегі   шараларды  қосымша   қаржыландыру   үшін   алынып, республиканың, жергілікті   және   қоғамдық  табиғат   қорғау  қорларына   жұмсалады.

         Жер   үшін  алынатын   төлемдер   жердің  тиімді  пайдалануын   экономикалық әдістермен  қамтамасыз етуге және жерге   орналастыруға, жердің   құнарлылығын   арттырып,оны  қорғау  жөніндегі   шараларды   жүзеге   асыруға, сондай-ақ   аймақты   әлеуметтік - мәдени   дамытуға   жұмсалады.

         Мемлекеттік табиғи   ресурстарды   мемлекеттік  құрылымдар  арқылы   да пайдаланады. Ондай реттерде мемлекеттік   кәсіпорындарды, ұйымдарды, ауылшаруашылық  тәжірибе, ғылыми  мекемелерді  және  басқа   да  мемлекеттік  құрылымдарды  құрып, оларға  табиғи  ресурстарды   атқаратын   қызметіне   қарай   мақсатты   пайдалануға   береді. Олар   өнеркәсіп, ауыл  шаруашылығы, орман немесе  басқа  да салалар  өнімдерін   өндіруді, сондай-ақ   халықтың  әлеуметтік - мәдени   қажеттерін қанағаттандыруды    қамтамасыз  етеді.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 1356 | Загрузок: 267 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]