Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (44.8Kb) ] 17.11.2013, 23:26

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық.

 

Мақсаты: Студенттерге тұрақты дамудың –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық деңгейлері, тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар, халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің  тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері жайлы білімдерді меңгерту.

 

Жоспар:

1.Тұрақты дамудың деңгейлері

2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар

3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық

 

Негізгі түсініктер: тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.

 

Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық  факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.

        Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл  аударуға проблемасы қойылып отыр.

         Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш  салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі      дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп  көрсетуге болады:

1.                  Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;

2.                  Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;

3.                  Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).

      Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады, олардың ішінде атап көрсетсек, экономикасы дамыған елдердің артта қалған мемлекеттерге қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық таза өнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық өзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, біріккен стратегиялар мен концепцияларды жасау, жекеленген табиғи ресурстарды пайдалануды шешу.


1.                  Парламентаралық ынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.

2.                  Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.

3.                  Конвенциялық  (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

4.                  Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет: табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.

      Жоғарыдағы келтірілген негізгі халықаралық ынтымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық  әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағ Арал теңізі немесе Семей атом полигонының зардабын жоюға АҚШ, Англия, Германия, Жапония мемлекеттерінің қаржылай, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық көмегін атап айтуға болады.

      Екі жақты және көп жақты келісімдер мен халықаралық конвенциялар әртүрлі елдердің табиғат қорғау күштерін қадағалайды. Бұндай келісім – шарттардағы серіктес болып көбінесе көрші елдер мен мемлдекеттер аймағтағы табиғи ортаны сақтаудың жалпы мүдделері және кейбір ресурстарды бірігіп пайдалану жөнінде болып тұрады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен оңтүстіктегі сырдария өзеніне жазғы күндері су жіберу мәселелері жөнінде келісім – шартқа отырған.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 13198 | Загрузок: 2121 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]