Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (32.6Kb) ] 17.11.2013, 23:25

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

 

Мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму, халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруі, туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау, урбанизация мәселелері. генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері, соғыс және терроризм, экологиялық салдары, әскери-өндірістік кешен туралы білім беру.

 

Жоспары: 

1.Демография түсінігі.

2.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

3. Қала экологиясы.

 

Негізгі түсініктер: әлеуметтік экологиялық мәселе, демографиялық жағдай, урбанизация, демографиялық жарылыс, генофонд.

 

Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азялық елдер –Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.

1 сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэфицентінің төмендеуі туу коэфицентінің төмендеуінен алда болады. Сол себепті халық саны артады.

2 сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді, сондықтан халық өсімі баяулайды.

3 сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэфиценті артады, туылымның төмендеуі баяулайды. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.

4 сатысында өлім коэфиценті арта отырып,  туу коэфицентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға тек бай елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты.

Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б.арқылы көрінеді.

 Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.

Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі: 1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %.

XX ғасыр басында-0,7 %.

1950 ж.-1 %.

60 ж. аяғында-2,1 %.

1970-1975 ж.-2,0 %.

1980-1985 ж.-1,7 %.

Халық саның өсуі әртүрлі жерде әртүрлі өскен. Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының төменделуі байқалды: Шығыс және Оңтүстік Европа, Австралия, Жаңа Зеландия, Япония. Халық санының төмендеуіне қарамастан, халық санының теңесуі дамушы елдер арқылы жүзеге асып отыр.

Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. Қ.Р.-ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған.

Ғаламдық мағынасы бар 2-феномен-адамдардың қартаюы, яғни халық құрылымындағы егде адамдардың санының өсуі. Бұл өлімнің азаюына байланысты.

Халық көбеюі-ата-аналық ұрпақтың балалармен алмасуы.

3-феномен демографиядағы-балаға деген экономикалық қажеттілігінің жоғалуы, аз отбасы идеалы, ананың борышы 2-планға шығуы, біріншілік-ол әйелдердің қоғамға енуі, семьядан тыс өндіріс.

1979-1981 ж. ж. 40 жасқа дейінгі «орта» әйелдің бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6 жоғары, ал қалада 1,8 төмен көрсеткіштерді береді.

Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-құлық қалыптасады, ол өмірінің барысында ереже болып қалады.

Демографиялық жағдайларға келесідей факторлар кіреді: әлемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды және 5000 млн. ашығады.

1 млрд. астам- кедейшілік шегінде тұр.

0,5 млрд.-жартылай немесе толық жұмыссыз.

0,8 млрд. астам ересектер сауатсыз.

0,2 млрд.-бала мектепке бармайды.

Тамақтану проблемасы халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік) астық өнімдеріні 3 есе өсіруі қажет.

Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен қатар ауыру деңгейі де әсер етеді. ВОЗ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан  таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көруге болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ал химиялық заттардың ішінде адам денсаулығы үшін зиянды заттар органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Оның ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті.

Галогенді көмірсуларға бір немесе бірнеше көміртегі атомдары бар хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Әсіресе хлорлы көмірсулар қауіпті. Мысалы поливинилхлорид, полихлорды бифенилдер, дихлордифенилдихлорэтан, тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен. Ол заттар бауырдың қатерлі ісігін тудырады. Диоксиндер қазіргі кезде белгілі күшті улы заттар

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды.

Метанол мен метил спиртінің 30-100 мл мөлшері адам өліміне әкеледі.

Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол аллергиялық реакциялар тудырады. Ол пластиктің, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.болады.

Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді.

Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б.

Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Ол Ита-ита ауруын тудырады. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.

Сынап электротехникада, медицинада, химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық сынап ағзаға зиян емес, ал сынаптың металлоорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы.

Демографиялық жағдайға адамның қала экологиялық ортасында өмір сүруі де жатады. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жинақталады. Планетадағы халықтың жартысы қалада шоғырланған. Бірақ урбанизация процесі тек қана қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың ролінің артуынан. Қала халқының санының өсуімен қатар оның  территориясының өсуі ұлғаймалы урбанизация деп аталады. Көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Үлкен қалалар –күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономика-географиялық, инженерлік құрылыс, сәулетфакторларының әсерінен қалыптасады. Қала адамның басты сапасы оның денсаулығына әсер етеді. Ол әсерлер эмоциогенді қысым, уақыттың жетіспеуі, ақпараттың көптігі, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау, электромагнитті өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы т.б.  Сол себепті қала тұрғындары көбінесе рекреациялық ортада демалғанды қалайды.

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм, терроризм, соғыс ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.

Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.

Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп»
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе. Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.

Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған

06.11. Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны залалдауды болдырмаудың халықаралық күні 

Бұл атаулы күнді  Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы соғыстың экологиялық зардаптарына көңіл аудару және әскери мүдделеріне жету жолында экожүйелерді залалдаудан да, мәнсіз залал келтіруден де бас тарту мақсатында бекіткен

Демографиялық ахуал адам генофондының әлсіреуіне де тікелей байланысты. Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Жаңа туған сәбилерде физиологиялық –психологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі.

Аталған факторлардың ішінде сыра алкоголизмінің әсері күшті. Себебі сыра құрамында токсикалық заттар бар, олардың ішінде эндокринді жүйеге әсер ететін ауыр металлдардың тұздары көп кездеседі.  Ер адамдардың ағзаларында аталық жыныс гормондары тестостеронның жасалуы мен бөлінуін тежейтін заттар бөлінеді. Сыра дайындауда қолданылатын хмельдің құрамында эстрагондар болады, ол химиялық құрамы жағынан эстрагеол деп аталатын аналық жыныс гормондарына жақын. Сол себепті  ер адамдардың ағзасында аналық жыныс гормондары жинақталады. Сыра көп ішетін ер адамдарда көкірек бездері өзгереді, жамбас сүйектері кеңейеді. Эстрагондар ер адамдарда басқа ер адамдарға деген жыныстық қызығушылық тудырады. Ал әйел адамдарда ісік аурулары көбейеді.

3. Қала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады

 

Бақылау сұрақтар:

1.                  Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелер қандай?

2.                  Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?

3.                  Адамның тіршілік ортасының компоненттері қандай?

4.                  Адам қажеттіліктері қандай?

5.                  Халық санының өсу мәселесін сипаттаңыз.

6.                  Қандай зат алмасу әлеуметтік деп аталады?

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 19474 | Загрузок: 1656 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]